О проведении лагерных (учебно-полевых) сборов с юношами призывного возраста Күшін жойған
Басқа 0
Шақыру жасындағы жас жігіттердің лагерлік жиындарын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Бастапқы әскери даярлық туралы" 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 қаулысын орындау үшiн ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
- бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан жалпы орта бiлiм беретiн және кәсiптiк-техникалық мектептердiң, арнаулы орта оқу орындары мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындықтан өткен жас жiгiттердiң лагерлiк жиындарын 2000 жылдың мамырынан бастап июнiне дейiн ұйымдастырып өткiзсiн (оқу-далалық жиындар бағдарламасына сәйкес);
- жиын өткiзу үшiн қорғаныс-спорт сауықтыру лагерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери-техникалық мектептерiнiң және әскери бөлiмдердiң оқу-материалдық базасын пайдалансын, ал ол болмаған жағдайда лагер жиындарын оқу орындары немесе оқу пункттерi жанында "Шақырылушылар күнi" ретiнде атап өткiзсiн;
- оқу пункттерi әр ауданда, қалада құрылсын және оларда 2000 жылғы мамыр-маусым аралығындағы кезеңде 10 күндiк оқу-далалық жиындар әдiсiмен бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақыру жасындағы жас жiгiттердiң бастапқы әскери даярлығы жөнiнде сабақтар өткiзудi ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев):
- аудандық, (қалалық) әскери комиссариаттарда қорғаныс-спорт және сауықтыру лагерлерi әкiмшiлiктерiмен және жиындарды ұйымдастыру және өткiзу мәселесi жөнiндегi бастапқы әскери дайындық мұғалiмдерiмен нұсқау-әдiстемелiк сабақтар өткiзсiн;
- сабақ өткiзу және ату құралдарын үйрету сондай-ақ тактикалық және сапта жүру дағдыларын үйрету кездерiнде жасөспiрiмдердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлсiн;
- оқу далалық жиындар мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындық жөнiнде оқу – әдiстемелiк нұсқаулықты жүзеге асырсын;
- оқу далалық жиындарды ойдағыдай өткiзуге көмек көрсету мақсатында әскери - техникалық мектептер мен әскери бөлiмдер командирлерiнiң байланысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық бiлiм басқармасы (Қатаев):
- жиындарға орта мектептердiң 11 - сыныбы мен арнаулы орта оқу орындарының бiтiрушi курстары жас жiгiттерiнiң түгел қамтылуын қамтамасыз ететiн болсын;
- оқу процесiнiң әскери - патриоттық, мәдени - бұқаралық және спорт шараларының сапалы жүргiзiлуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық бiлiм басқармасы (Қадырбеков) жиындар өтетiн - жерлерде оқушылар санының көп жинақталуына байланысты, оқушылар арасында жұқпалы аурулардың таралуын, балалардың басқа да ауруын болдырмау үшiн дәрiгерлiк шараларды және дәрiгер қызметкерлерiнiң ұдайы кезекшiлiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) оқу-далалық жиындар өткiзiлетiн жерлерде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсiн.