Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру,
бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы «26» желтоқсанда
№ 945
бұйрығымен бекітілген
Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру,
бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау – өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;
Тармақша 2
2) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы және теңіз ұйымы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғау қызметі – азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жүйелері;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі (бұдан әрі – құлақтандыру жүйесі) – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты халыққа және басқару органдарына жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
Тармақша 5
5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін сиреналар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру – бұл халыққа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде туындайтын қауіптер туралы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда халықтың мінез-құлық қағидалары туралы «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы мен шұғыл ақпаратты жеткізу.
Тармақ 3
3. Құлақтандыру жүйесінің міндеті халыққа және басқару органдарына сигналдарды және құлақтандыру ақпаратын уақтылы, кепілді және анық жеткізу, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жыл бойы жұмыс істеуі және барлық жұмыс істеу режимдерінде пайдалануға тұрақты әзірлігі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Құлақтандыру жүйесі:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының аумағын қамти отырып, республикалық құлақтандыру жүйесі;
Тармақша 2
2) аумақтық деңгейде - астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтарын қамти отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі;
Тармақша 3
3) объектілік деңгейде – мыналардың:
адамдар жаппай жиналатын объектінің;
қауіпті өндірістік объектінің;
гидротехникалық құрылыстың төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын аумақ пен халықты қамти отырып жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Республикалық құлақтандыру жүйесі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халқына;
Тармақша 2
2) азаматтық қорғаудың басқару органдарына;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғаудың күштеріне;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның аумақтық органдарына құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша астана, облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;
Тармақша 3
3) шұғыл және авариялық қызметтерге;
Тармақша 4
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Жергілікті құлақтандыру жүйесі (бұдан әрі - ЖҚЖ):
Тармақша 1
1) төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа;
Тармақша 2
2) қауіпті өндірістік объектіні және гидротехникалық құрылысты пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне;
Тармақша 3
3) адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға;
Тармақша 4
4) қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына;
Тармақша 5
5) төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін құруды, дамытуды және тұрақты әзірлікте ұстауды, оның ішінде пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы және ағымдағы жөндеуді, құлақтандыру жүйелерінің байланыс арналарын, ұйымдастыру мен күтіп ұстауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Құлақтандыру жүйесінің негізгі (орнатылған) жабдығын, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуін (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) құру, толықтыру, жаңғырту және жете жарақтандыру бойынша бірыңғай техникалық саясатты айқындауды уәкілетті орган ҚР СТ 3432-2019 «Халықты құлақтандырудың техникалық құралдары. Жіктеу. Жалпы техникалық талаптар» Ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Құлақтандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады
Тармақ 10
10. Объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесін құруды, дамытуды және тұрақты әзірлікте ұстауды, оның ішінде құлақтандыру жүйелерінің жабдықтарын пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы және ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс арналарын, оның ішінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің басқарушы жабдығына дейін ұйымдастыру мен күтіп ұстауды қауіпті өндірістік объектілерді, гидротехникалық құрылыстарды және адамдар жаппай болатын объектілерді пайдаланатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. ЖҚЖ-ның іс-әрекет аймағының шекаралары қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстар орналасқан аумақтардан тыс жерлерде тұратын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыратын халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін авариялардан қауіпті факторлардың әсер ету аумағының (аймағының) шекаралары болып табылады.
ЖҚЖ-ның әрекет ету аймағының шекаралары:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларында айқындалатын негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймақтарына (авариялардың, инциденттердің әртүрлі сценарийлері кезіндегі негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағын бағалау) сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді;
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы регламентімен анықталатын су жайылу аймақтарының, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекараларына сәйкес гидротехникалық құрылыстарды құру (реконструкциялау) жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде айқындалады.
Тармақ 12
12. Гидротехникалық құрылыстардағы ЖҚЖ халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылыстардың тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 13
13. Бір-біріне жақын орналасқан әртүрлі ұйымдар пайдаланатын бірнеше қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстарды орналастыру кезінде осы ұйымдар басшылығының бірлескен шешімі бойынша бірыңғай ЖҚЖ құруға жол беріледі.
Бұл ретте әрбір ұйымның өз аумағы шегінде жеке объектілік құлақтандыру жүйесі болады.
Тармақ 14
14. Қауіпті өндірістік объектілерде және гидротехникалық құрылыстарда ықтимал авариялар кезінде елді мекендер негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағына және су басу аймағына, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекараларына түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған елді мекендерді құлақтандыру жүйесін құруға жол беріледі.
ЖҚЖ аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің басқарушы жабдығынан іске қосылады.
Тармақ 15
15. Халықты құлақтандыру және ақпаратты жеткізу үшін телерадио хабарларын тарату трансляциясын үзу арқылы ақпараттық бейне және дыбыстық хабарламаларды беру Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Энергиямен жабдықтау және телекоммуникация желілерінің жұмысы бұзылған кезде халықты құлақтандыру қол жетімді хабарлау құралдарын, уәкілетті органның құлақтандыру автомобильдерін, мемлекеттік органдардың және дауыс зорайтқыш қондырғылары бар азаматтық қорғау қызметтерінің қызметтік көлік құралдарын пайдалана отырып ұйымдастырылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы уақтылы құлақтандыру мақсатында, оларды қолда бар техникалық құралдарды пайдалану арқылы құлақтандыру үшін адамдардың тізімдерін (бұдан әрі – құлақтандыру тізімдері) қалыптастырады.
Тізімдерді қалыптастыру үшін ақпаратты мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына ай сайын келесі айдың 5-күніне және/немесе тиісті мәліметтер өзгерген кезде дереу ұсынады.
Тармақ 18
18. Барлық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын бере отырып және халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы мәтіндік хабарламаларды, оның ішінде хабарламаларды кең таратымды технологиясы (бұдан әрі – Cell Broadcast) арқылы ақпараттық хабарламалар бере отырып, жылына кемінде бір рет республикалық құлақтандыру жүйесінің әзірлігін және тоқсанына кемінде бір рет астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің құлақтандыру жүйесінің әзірлігін тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Республикалық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша республикалық оқу-жаттығулар өткізу кезінде республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді уәкілетті органның басшысы береді.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді уәкілетті органның аумақтық органының басшысы береді.
Тарау 3. 3-тарау. Төтенше жағдайлар кезінде халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыру тәртібі
3-тарау. Төтенше жағдайлар кезінде халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыру тәртібі
Тармақ 20
20. Құлақтандыру тәртібі тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы ақпаратты басқару органдарына жедел жеткізуді, сондай-ақ халыққа төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын және қалыптасқан жағдайда іс-қимыл тәртібі туралы ақпараттық хабарларды жеткізуді білдіреді.
Тармақ 21
21. Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен – Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығымен халыққа, уәкілетті органның аумақтық органдарына, мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті атқарушы органдарға дереу құлақтандыратын республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің іске қосылуын келіседі.
Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді уәкілетті органның басшысы, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде – аумақтық органның басшысы береді.
Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап аумақтық органның жедел кезекшісі уәкілетті органның жедел кезекшісіне және аумақтық органның тікелей басшысына шұғыл түрде хабар береді, ол барлық қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, қысқа мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімімен аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді келіседі.
Халықты шұғыл құлақтандыруды талап ететін төтенше жағдайлар қатері және туындаған кезде уәкілетті органның жедел-кезекші қызметінің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына уәкілетті лауазымды адамдардың өкімін күтпей, құлақтандыру жүйесін іске қосуға жол беріледі.
Ұйымдардың басшылары немесе олардың кезекші-диспетчерлік қызметтері аумақтық органның жедел кезекшісінің командасы бойынша немесе объектіде төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде өз бетінше ұйым жұмыскерлерін, авариялық-құтқару қызметтерін, кезекші-диспетчерлік қызметтерді және төтенше жағдай таралу аймағында тұратын халықты объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйелерін іске қосу арқылы құлақтандырады.
Тармақ 22
22. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдай енгізілген аумақтың коменданты береді.
Тармақ 23
23. Құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді алынғаннан кейін аумақтық органдардың жедел кезекшілері құлақтандыру тізімдеріне сәйкес лауазымды тұлғаларды құлақтандыруды ұйымдастырады, сондай-ақ халықтың назарын аудару мақсатында «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беруді жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы берілген сәттен бастап аумақтық органдардың жедел кезекшілері төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпараттық хабарламаларды және қалыптасқан жағдайда халықтың іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды мынадай тәсілдермен шұғыл жеткізуді:
Тармақша 1
1) эфирлік телерадио хабарларын тарату арналарының трансляциясын үзу арқылы ақпараттық бейне және дыбыстық хабарламаларды беруді;
Тармақша 2
2) халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы, оның ішінде Cell Broadcast технологиясы арқылы мәтіндік хабарламаларды беруді;
Тармақша 3
3) деректерді сымсыз желілер арқылы мобильді қосымшаларды пайдалана отырып дыбыстық, графикалық, мәтіндік және дауыстық хабарламаларды беруді;
Тармақша 4
4) сиреналық-сөйлеу құрылғылар мен әртүрлі ведомстволық тиесіліліктегі жылжымалы құлақтандыру құралдарын пайдалана отырып, дыбыстық және дауыстық хабарларды беруді;
Тармақша 5
5) халық жаппай жиналатын жерлерде орналасқан ақпараттық терминалдарды пайдвлана отырып мәтіндік хабарламаларды беруді;
Тармақша 6
6) Ақпаратты ведомстволық интернет-ресурста, уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ өзге де қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды ұйымдастырады.
Тармақ 25
25. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың қатері немесе туындауы туралы ақпаратты және қалыптасқан жағдайда адамдардың іс-қимыл жасау тәртібі туралы ақпаратты бір мезгілде және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 26
26. «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беру ұзақтығы 1 минутты құрайды. Сигналдан кейін мемлекеттік және орыс тілдерінде ұзақтығы 5 минутқа дейінгі ақпараттық хабарлама таратылады.
Ақпараттық хабарламаны бір сағат ішінде үш рет қайталауға жол беріледі және қайталау құлақтандыру жүйесін пайдалануды аяқтау туралы шешім қабылданғаннан кейін тоқтатылады.
Тармақ 27
27. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша халық орын алған жағдайда қандай іс-қимыл жасау туралы нұсқаулықтарды алу және орындау үшін қолжетімді ақпаратты қабылдау құралдарын пайдаланады.
Тармақ 28
28. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы бақылау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, сел құлақтандыру жүйелері, радиациялық жағдайды бақылау және өзге де меншік нысанына қарамастан құзыретті ұйымдар қалыптастырып, аумақтық органдар мен уәкілетті органның жедел-кезекші қызметтеріне береді.
Аумақтық органдардың және уәкілетті органның жедел-кезекші қызметтерінің жоғарыда көрсетілген ақпаратты алуы осы Қағидалардың 21- тармағына сәйкес халықты және басқару органдарын құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 29
29. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамына және әскери қалашықтардың халқына құлақтандыру және ақпарат жеткізу тәртібін тиісті құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп айқындайды.
Тармақ 30
30. Құлақтандыру жүйелері іске қосылған кезде жедел кезекшілердің іс-қимылдарын және ақпараттық хабарламалардың мәтіндерін уәкілетті органның аумақтық органдары әзірлейді және қабылдайды.
Тармақ 31
31. Төтенше жағдайдың қатеріне немесе туындауына байланысты емес ақпараттық (профилактикалық) сипаттағы ақпаратты халыққа жеткізу үшін құлақтандыру жүйесі («Баршаның назарына!» бірыңғай сигналын бермей) пайдаланылады. Ақпаратты беру сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы үш рет ойнату, теле- және радио хабарларын тарату желілерін ұстап қалу, мобильді қосымшаларда, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердің аккаунттарында жариялау, сондай-ақ Cell Broadcast технологиясын қоса алғанда, ұялы байланыс операторларының желілері бойынша мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Ақпаратты сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы жеткізу сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.