Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые субъектом государственной монополии в области государственной статистики Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)бағалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 199 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
№
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС-ны қоспағандағы баға, теңге*
Орталық аппарат, Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның1 филиалы
«АЕО» РМК-ның 14 облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары2
1
2
3
4
5
1
Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау
адам/сағат
1 256
628
2
Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру3
адам/сағат
3 564
-
3
Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу3
адам/сағат
3 254
-
4
Уәкілетті органның дерекқорларын және ақпараттық-статистикалық жүйелерінің тұғырнамаларын, интернет-ресурсын сүйемелдеу және өзектілендіру
адам/сағат
3 348
687
5
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру
адам/сағат
1 211
*Ескертпе:
1«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АЕО» РМК).
2«АЕО» РМК Орталық аппараты, Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның филиалы және 14 облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша «АЕО» РМК-ның филиалдары көрсететін қызметтердің бағаларын бөлу көрсетілетін қызметтердің көлеміне, сипатына және мазмұнына байланысты.
3«Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру» және «Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу» қызметтерін Орталық аппарат және Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның филиалы көрсетеді.