Об утверждении Перечня топографо-геодезических и картографических работ, выполняемых за счет средств республиканского бюджета Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 15-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардыңтізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 163 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі
Тармақ 1
1. Жердің пішінін, мөлшері мен сыртқы гравитациялық өрісін анықтау.
Тармақ 2
2. Жерді дистанциялық зондтау және геодинамикалық зерттеу.
Тармақ 3
3. Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететін барлық кластағы мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, жерсеріктік геодезиялық және нивелирлік желілерді, іргелі және бірінші класты гравиметриялық желіні жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру.
Тармақ 4
4. Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу міндеттері мен өзге де міндеттердің шешімін қамтамасыз ететін мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде қалалардың және елді мекендердің жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару.
Тармақ 5
5. Геодезиялық жерсеріктік технологияны енгізу және пайдалану.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және оның өту сызығын тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарын картографиялау және топографиялық, навигациялық теңіз карталарын, көмекші құралдарды, теңіз, кеме жүзетін өзендер мен су айдындары лоцияларын жасау.
Тармақ 8
8. Мемлекеттің, оның қорғанысы мен қауіпсіздігінің, сондай-ақ теңіздерде, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарында жалпы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделері үшін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу.
Тармақ 9
9. Шет мемлекеттер мен Дүниежүзілік мұхит аумағын қоса алғанда топографиялық және арнаулы карталар мен жоспарлар жасау және жаңарту үшін аэроғарыштық түсіру жұмыстары.
Тармақ 10
10. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу.
Тармақ 11
11. Географиялық ақпараттық жүйелерді жасау және жүргізу.
Тармақ 12
12. Жалпы географиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталар, салааралық мақсаттағы жоспарлар мен атластар, картографиялық оқу құралдарын құрастыру және басып шығару.
Тармақ 13
13. Географиялық атауларды стандарттау, есепке алу және олардың қолданылуын ретке келтіру, Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасау және жүргізу.
Тармақ 14
14. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар жүргізу және заманауи технологияларды енгізу.
Тармақ 15
15. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу.
Тармақ 16
16. Геодезиялық және картографиялық техника өндірісін ұйымдастыру.
Тармақ 17
17. Геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету.