О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района Күшін жойған
Басқа 0
Айыртау ауданы аумағында
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің кейбір мәселелері
туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппара-тының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы ќаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Айыртау ауданының ішікі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________А. Ідірісов
2014 жыл «___» _________
Басқа 5. Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 574 қаулысымен
бекітілген
Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Қағидалар Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) енгізеді.
Тармақ 3
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен жүргізеді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаттарын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықты беруді СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Басқа 13. Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің
түрлері мен мөлшерлері
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «15» желтоқсандағы
№ 574 қаулысына
қосымша
Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің
түрлері мен мөлшерлері
Тармақ 1
1. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
Тармақ 2
2. Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаты.
Тармақ 3
3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
Тармақ 4
4. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.