Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актас Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы Ақтас
кентінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабы, 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы Ақтас кентінде көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қарағанды облысы
Ақтас кентінің әкімі
Қ. Сүлейменов
23.12.2014
Басқа 3
Саран қалалық мәслихатының
2014 жылғы «23»желтоқсандағы
№ 405 шешімімен
бекітілген
Қарағанды облысы Ақтас кентінің көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарағанды облысы Ақтас кенті көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39 - 3 бабы, 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ақтас кенті аумағында көшелер, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ақтас кентінің аумағындағы көшелер, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Ақтас кентінің әкімі шақырады.
Саран қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Бөлек жиынды ашудың алдында Ақтас кенті тұрғындары қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетіне қабілетсіз деп танылған тұлғалар, сондай–ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалардың қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынның қатысушылары; жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын оң тұрғыннан бір адам сандық құрамында ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік қағидаты негізінде анықталады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиындарды көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегінде өткізуді Ақтас кентінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды Ақтас кентінің әкімі немесе оның уәкілетті адамы ашады.
Ақтас кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық түрде әр үміткерге дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауысына ие болған үміткерлер сайланады.
Тармақ 11
11. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Ақтас кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.