Об образовании в городе Астане городского и районных судов, упразднении Акмолинского городского суда и увеличении численности судей Республики Казахастан Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласында қалалық және аудандық соттар құру, Ақмола қалалық сотын тарату және Қазақстан Республикасы судьяларының санын ұлғайту туралы
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар № 2694
Жарлығының
10-бабының 1 және 2-тармақтарына, 11-бабының 2-тармағына, 15-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес және Астана қаласының әкiмшiлiк аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Астана қаласында:
Тармақша 1
1) облыстық сотқа теңестiрiлген қалалық сот - Астана қалалық соты;
Тармақша 2
2) Алматы және Сарыарқа аудандық соттары құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола қалалық соты таратылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
Тармақша 1
1) ғимараттар бөлудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы Жарлықпен құрылған соттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн;
Тармақша 3
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 21.03.2002 № 825 Жарлығымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бiр ай мерзiмде:
Тармақша 1
1) осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадрлар құрамы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың жұмыс iстеуi үшiн
қажеттi жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 1998 жылғы 1 қыркүйектен
кешiктiрiлмей күшiне енетiн 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, осы
Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.