Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании технического содействия в качестве безвозмездной помощи Вооруженным Силам Республики Казахстан

Қаулы · № 29 · қабылданған 04.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 04.02.2015 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-86436/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании технического содействия в качестве безвозмездной помощи Вооруженным Силам Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 29 ·04.02.2015

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании технического содействия в качестве безвозмездной помощи Вооруженным Силам Республики Казахстан

ҚАЗҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді бекіту туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 29 · қабылданған 04.02.2015

ЭКБ деректері 02.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об оказании технического содействия в качестве безвозмездной помощи Вооруженным Силам Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
04.02.2015
Көрсетілген редакция
04.02.2015 · қолданыстағы 86436_110703.rus
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.02.2015
Мәтін тілі
орысша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000029
ЭКБ идентификаторы
86436
Редакция идентификаторы
86436_110703
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:47

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 22 қыркүйекте Бейжің қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісім бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсету туралы келісім

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем
көрсету туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және олардың қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қытай тарапы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жарақтандыруда техникалық жәрдем көрсету ретінде осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаға сәйкес өтеусіз негізде жалпы сомасы 20 миллион юань болатын 30 дана «Цзефан» ершікті тартқышын және 30 дана ауыр жүк таситын тралды (бұдан әрі - мүлік) Қазақстан тарапына береді.

2 2-бап

Қытай тарапы мүлікті Алашонькоу шекара пунктіне жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті өкілдері арасында тиісті актіге қол қоюмен оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.
Алашонькоу шекара пунктіне дейін мүлікті жеткізумен байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал одан кейінгі шығыстар Қазақстан тарапының есебінен болады.

3 3-бап

Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Кеден Одағының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік баждар мен импорт бойынша қосымша құн салықтарын төлеуден босатылатын осы Келісім шеңберінде.Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мүлікті лицензиялау және кедендік декларациялау рәсімдерін өткізуді жүзеге асырады.

4 4-бап

Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігі.

5 5-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6 6-бап

Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешеді.

7 7-бап

Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған күнінен бастап өз қолданысын тоқтатады.
2014 жылғы 22 қыркүйекте Бейжің қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде берілетін мүлік тізбесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек ретінде
техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге
қосымша
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз көмек
ретінде берілетін мүлік тізбесі
Р/с

Мүлік атауы
Қуаты
Сипаттамалары
Саны
1.
Ершікті тартқыштар
350-400 қ/к
Жүк көтергіштігі - 60 тонна
10 дана
2.
Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме трал
Жұмыс платформасының ұзындығы - 10 метр, ені - 3,3 метр. Тралдың жалпы ұзындығы - 14,5 метр.
10 дана
3.
Ершікті тартқыштар
350-400 қ/к
Жүк көтергіштігі - 40 тонна
20 дана
4.
Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме трал
Жұмыс платформасының ұзындығы - 12,5 метр, ені - 3,2 метр. Тралдың жалпы ұзындығы - 16,9 метр.
20 дана