Об утверждении Правил аттестации экспертов, осуществляющих экспертные работы и инжиниринговые услуги в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң, күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргізу және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) орталық уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешені (техникалық және авторлық қадағалаулар);
Тармақша 3
3) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жұмыстары;
Тармақша 4
4) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 5
5) сарапшының аттестаты – сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын біліктілік аттестаты;
Тармақша 6
6) өтініш беруші – сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;
Тармақша 7
7) жергілікті атқарушы орган – құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; 8) биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер.
Тармақ 3
3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін:
Тармақша 1
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
Тармақша 2
2) техникалық қадағалауды;
Тармақша 3
3) авторлық қадағалауды;
Тармақша 4
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.
Тармақ 5
5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
Тармақша 1
1) қала құрылысы;
Тармақша 2
2) жобалау алдындағы құжаттама;
Тармақша 3
3) сәулет;
Тармақша 4
4) конструкциялық бөлігі;
Тармақша 5
5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);
Тармақша 6
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
Тармақша 7
7) сметалық бөлім;
Тармақша 8
8) өрт қауіпсіздігі;
Тармақша 9
9) экологиялық бөлімі;
Тармақша 10
10) санитариялық-эпидемиологиялық бейіні.
Тармақ 6
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
Тармақша 1
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
Тармақша 2
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
Тармақша 3
3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;
Тармақша 4
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
Тармақша 5
5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
Тармақша 6
6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде.
Тармақ 7
7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
Тармақша 1
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
Тармақша 2
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
Тармақша 3
3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
Тармақша 4
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
Тармақ 8
8. Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша сарапшылар мынадай жауапкершілік деңгейлеріне бөлінеді: жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады; жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Аттестаттауға:
Тармақша 1
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 2
2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 3
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 4
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 5
5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 6
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 7
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 8
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 9
9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 10
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 11
11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 12
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
Тармақша 13
13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;
Тармақша 14
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша жоғарғы медициналық білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың бөліміне сәйкес сараптама бойынша жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес бар адамдар;
Тармақша 15
15) өрт қауіпсіздігі жөніндегі қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін – өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау жөніндегі кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар адамдар.
Тармақ 9-1
9-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Аттестаттау тәртібі
2-тарау. Аттестаттау тәртібі
Тармақ 10
10. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 11
11. Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі-Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Тармақ 13
13. Сарапшы аттестатын алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкестігін қарайды 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды. Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ресімделген мынадай шешімдер бекітіледі:
Тармақша 1
1) тестілеуге жіберілген;
Тармақша 2
2) тестілеуге жіберілмеген. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тестілеуге жіберу туралы хабарлама жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама осы тармақта көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тестілеуге жіберу туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді;
Тармақша 3
3) 7 (жеті) жұмыс күн ішінде тестілеу өткізіледі. Көрсетілетін қызмет беруші тестілеу күні өтініш берушіні тесттің нәтижесімен таныстырады;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында сәйкес 2 (екі) жұмыс күн ішінде сарапшының аттестатын немесе дәлелді бас тартуды рәсімдейді, қол қояды және «жеке кабинетке» жолдайды.
Тармақ 14
14. Тестілеу келесі талаптар мен рәсімдерді көздейді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеуді өткізу. Қажет болған жағдайда қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестат алу үшін тестілеуді ағылшын тілінде өткізіледі;
Тармақша 2
2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімдерімен таныстырады;
Тармақша 4
4) тестілеу кезінде сарапшылар сөйлесе және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады);
Тармақша 5
5) қызмет берушінің қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарады;
Тармақша 6
6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі. Тестілеуге жіберілген уақыт 100 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген сарапшылар үшін -90 және одан да көп дұрыс жауаптар;
Тармақша 2
2) қалған барлық сарапшылар үшін – 70 және одан да көп дұрыс жауап. Аттестацияны қайта тапсыру саны шектелмеген.
Тармақ 14-1
14-1.Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең аз техникалық талаптар:
Тармақша 1
1) тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсырушы тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша сәйкестендіруден өтеді;
Тармақша 2
2) тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде емтихан алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото -, аудио - және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып келуіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) тестілеуді бастау үшін емтихан тапсырушы биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы тиіс;
Тармақша 4
4) тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды кондиционерлеу жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталады;
Тармақша 5
5) әрбір жұмыс станциясында тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталады;
Тармақша 6
6) тестілеу залы заманауи цифрлық бейне және аудио бақылау жүйесімен жабдықталады. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудитория өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 7
7) тестілеу залы басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылады;
Тармақша 8
8) тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталады және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда сарапшы аттестатын қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының сипаттамасы:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды, ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Тармақ 16
16. Сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге жатады::
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;;
Тармақша 2
2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру;
Тармақша 3
3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Аттестатталған сарапшылар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 19
19. Сарапшының аттестаты «электрондық үкімет» веб-порталында жарияланады: www.egov.kz осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.
Тармақ 20
20. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді (авторлық және техникалық сауығу) жүзеге асыру құқығына аттестатты неғұрлым жоғары жауапкершілік деңгейінің бір бөлімі бойынша алған кезде жауапкершілік деңгейінің төмен бөлігіндегі сол аттестаты жарамсыз деп есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 22
Тармақ 23
Басқа 1
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша «Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­ла­рын­да са­рап­шы­лық жұ­мыстар­ды және ин­жи­ни­ринг­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ды ат­те­стат­тау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі: Қа­ла құ­ры­лы­сы, жо­ба­лау ал­дын­да­ғы және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ны са­рап­тау бой­ын­ша са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ды ат­те­стат­тау; Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ды ат­те­стат­тау; Ав­тор­лық қа­да­ға­лау бой­ын­ша ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ды ат­те­стат­тау; Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру бой­ын­ша са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ды ат­те­стат­тау; Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) өзгер­ген кез­де ат­те­стат­ты қай­та ре­сім­деу. 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz. Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы ақ­па­рат­тан­ды­ру ны­са­ны «e-Qurylys.kz» ақ­па­рат­тық (www.​equ​ryly​s.​kz) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) ат­те­стат­ты бе­ру – 15 жұ­мыс кү­ні 2) же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) өзгер­ген кез­де – 3 жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық түр­де (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­сын­да са­рап­та­ма­лық жұ­мыстар мен ин­жи­ни­ринг­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ра­тын са­рап­шы­лар­ға ат­те­стат бе­ру неме­се қай­та рә­сім­деу, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық түр­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі-Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, түс­кі үзіл­іспен са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды). 8 мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) қыз­мет­ті ал­ған кез­де: осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат – өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін (те­сті­ле­у­ге жі­бе­ру ке­зін­де ұсы­ны­ла­ды); тех­ни­ка­лық және ав­тор­лық қа­да­ға­лау, ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гін және ор­нық­ты­лы­ғын тех­ни­ка­лық тек­се­ру са­рап­шы ре­т­ін­де ат­те­стат­тау үшін, жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ғы­лы­ми дә­ре­же­сі және ғы­лы­ми ата­ғы болған жағ­дай­да, рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі) неме­се ше­тел аза­мат­та­ры үшін бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оның қо­сым­ша­сы­ның заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оның қо­сым­ша­сы­ның, мөр­дің аудар­ма­сын қо­са ал­ған­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са); қа­ла құ­ры­лы­сы, жо­ба­лау ал­дын­да­ғы және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­лар­ға са­рап­та­ма бой­ын­ша са­рап­шы ре­т­ін­де ат­те­стат­тау үшін, қа­ла құ­ры­лы­сы, жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ның ти­іс­ті бө­лім­де­рі бой­ын­ша жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ғы­лы­ми дә­ре­же­сі және ғы­лы­ми ата­ғы болған жағ­дай­да, рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі) неме­се ше­тел аза­мат­та­ры үшін бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оның қо­сым­ша­сы­ның заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оның қо­сым­ша­сы­ның, мөр­дің аудар­ма­сын қо­са ал­ған­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са); Бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­нан ауда­ры­л­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме, ең­бек кі­тап­ша­сы. Ең­бек кі­тап­ша­сы бол­ма­ған жағ­дай­да ке­ле­сі құ­жат­тар­дың бі­рін ұсы­на­ды: жұ­мыс бе­ру­ші­нің оны тоқ­та­ту кү­ні мен негіз­де­ме­сі ту­ра­лы бел­гі­сі бар ең­бек шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; ең­бек шар­тын жа­сау және тоқ­та­ту негі­зін­де ең­бек қа­ты­на­ста­ры­ның туын­да­уын және тоқ­та­ты­луын рас­тай­тын жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­сі­нен үзін­ді­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; қыз­мет­кер­дің ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі бар мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ше­тел аза­мат­та­ры үшін ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және құ­жат­тың, мөр­дің аудар­ма­сын қо­са ал­ған­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са). 2) же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты қай­та ре­сім­деу ке­зін­де: осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің те­ріс қо­ры­тындысы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды; 6) өті­ніш бе­ру­ші те­сті­ле­уден өту ке­зін­де шек­ті дең­гей­де тө­мен ба­ға ал­ған жағ­дай­лар­да. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс іс­те­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: (1414).
Басқа 2. ӨТІНІШ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 2-қосымша Нысан ___________________________________________________________________ (жергілікті уәкілетті органның толық атауы) ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ӨТІНІШ ___________________________________________________________________ _______________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде (Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету) ________________________________________________________мамандығы (Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету) бойынша аттестаттауды сұраймын. Жеке тұлға туралы мәліметтер:
Тармақ 1
1. Туған жылы: _____________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
Тармақ 3
3. Білімі:____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
Тармақ 4
4. Мекенжайы, телефоны: ____________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Жұмыс орны: _____________________________________________________ ___________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы)
Тармақ 6
6. Тестілеу тілі:______________________________________________________
Тармақ 7
7. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________ ____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 119
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 3-қосымша Нысан [Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы] [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы] [Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері] [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері] Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының № [Нөмірі] Осы құжатпен [ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ] түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі] мамандану бойынша: [Мамандану] осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады. Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы [бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі] [берілген күні] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты] Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Басқа 120. Сарапшы аттестаттын қайта рәсімдеуге арналған ӨТІНІШ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына 4-қосымша Сарапшы аттестаттын қайта рәсімдеуге арналған ӨТІНІШ ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _______________________________________________________________ ______________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде (Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету) __________________________________________________________мамандығы (Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету) бойынша мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет): 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;; 2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру; 3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру үшін қайта ресімдеуіңізді сұраймын. 1. Мекенжайы, телефоны: ____________________________________________________________________ 2. Жұмыс орны: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы) 3. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ ___________________ ___________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))