Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Қаулы · № 368 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86478/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования Қолданыста Қаулы ·№ 368 ·29.12.2014
29.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Қолданыста Қаулы ·№ 368 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
368
Қабылданған күні
29.12.2014
Қолданысқа енгізілген күні
28.02.2015
Көрсетілген редакция
29.12.2014 86478_2999.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14G0002501
ЭКБ идентификаторы
86478
Редакция идентификаторы
86478_2999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:12

0 Жамбыл облысының

білім беру ұйымдарының
ішкі тәртіптемесінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жамбыл облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 368 қаулысымен бекiтiлген
Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының
ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

2 2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

3

3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.

4

4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

5 5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.

6 6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы