Об утверждении требований, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 134) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е.Досаев 2015 жылғы 16 қаңтар «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В.Школьник 2015 жылғы 12 қаңтар
Басқа 1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 134) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге заңды тұлғаларды аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстардың мынадай түрлерін орындауға заңды тұлғаның құқылығын ресми тануы мақсатында жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
Тармақша 3
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
Тармақша 4
4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
Тармақша 5
5) газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
Тармақша 6
6) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
Тармақша 7
7) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу.
Тарау 2. 2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Мыналарға: қауіпті техникалық құрылғыларға; қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларға, техникалық құрылғыларға, материалдарға (құрылыс материалдарын қоспағанда); «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптамаға жататын жобалау құжаттарға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін нормативтік техникалық құжаттары, оқу-әдістемелік материалдары;
Тармақша 2
2) қауіпті техникалық құрылғылардың, технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі материалдық-техникалық жарақталуы (сертификатталған аспаптар, өлшеу және бақылау құралдары);
Тармақша 3
3) тұрақты жұмысқа рәсімделген, жоғары техникалық білімі және қауіпті өндірістік объектілерде бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен кемінде үш маманы;
Тармақша 4
4) мамандар және меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі бұзбай бақылау зертханасы болуы тиіс.
Тармақ 4
Тарау 3. 3-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
3-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 5
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлауға, қайта даярлауға арналған, нормативтік техникалық құжаттары, оқу-әдістемелік материалдары, құралдары;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша оқу жоспарлары және оқыту бағдарламалары;
Тармақша 3
3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру жүйесі;
Тармақша 4
4) компьютерлік техникамен, көрнекі құралдармен жарақталған меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі оқу сыныптары (аудиториялары), оқушылардың өндірістік практикасына арналған базасы;
Тармақша 5
5) жоғары техникалық білімі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін даярлау мен тексеруден өткен кәсіби оқытушылар (мамандар).
Тарау 4. 4-тарау. Жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
4-тарау. Жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, жоғары техникалық білімі және жарылыс жұмыстарында бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен кемінде үш маманы;
Тармақша 2
2) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізуге арналған сертификатталған аспаптармен, өлшеу және бақылау құралдарымен жарақталған меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі материалдық базасы;
Тармақша 3
3) жарылғыш заттарға сынақтар жүргізуге арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі полигоны бар.
Тарау 5. 5-тарау. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
5-тарау. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, техникалық білімі және газбен жабдықтау объектілерінде кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар және газбен жабдықтау жүйесін және қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану барысындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен кемінде бес маманы;
Тармақша 2
2) газбен жабдықтау жүйелерін зерттеп-қарау, техникалық құрылғыларды, материалдарды пайдаланудың қалдық мерзімін анықтау бойынша есептемелер жүргізу және газбен жабдықтау жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу әдістемесі;
Тармақша 3
3) меншік құқығындағы немесе өзге заңдық негіздегі өндірістік ғимараттар мен жабдықтары (цех, шеберхана), станок паркі, механизмдері, құрал-саймандары, бақылау-өлшеу аспаптары;
Тармақша 4
4) мыналарды: көрсетілетін қызметтер сапасын өндірістік бақылауды; метрологиялық бақылауды (бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі мамандар, бұзбай бақылау әдістерінің мамандары мен аспаптары) қамтамасыз ететін қызметі бар.
Тарау 5-1. 5-1-тарау. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
5-1-тарау. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 7-1
7-1. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жоғары техникалық білімі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде екі маман;
Тармақша 2
2) тұрақты жұмысқа рәсімделген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 бұйрығымен бекітілген «Тарату газ құбырын пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандартының талаптарына сәйкес техникалық білімі және газбен жабдықтау объектілерінде үш жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде бес маман (газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі кемінде екі шолушы және/немесе слесарь, газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі кемінде екі слесарь, кемінде бір дәнекерлеуші);
Тармақша 3
3) мамандардың және меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде бұзбайтын бақылау зертханасының болуы;
Тармақша 4
4) жұмыс түрлері бойынша технологиялық регламенттер және қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтар;
Тармақша 5
5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктық парк, механизмдер, құралдар, бақылау-өлшеу аспаптары;
Тармақша 6
6) өндірістік бақылау қызметтерінің болуы;
Тармақша 7
7) коррозиядан қорғау қызметтерінің болуы;
Тармақша 8
8) қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы газ болған кезде тұтынушыны хабардар ету жөніндегі нұсқаулықтардың болуы;
Тармақша 9
9) заңды тұлғада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарттың немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған өзінің оқу орталығының болуы;
Тармақша 10
10) авариялық-диспетчерлік қызметтің: еңбек шарттары және мамандарға арналған бұйрықтар (кемінде бір диспетчер, екі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь және бір мастер); қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы радиостанциямен, сиренамен, көк түсті жарқылдауық маякпен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған көлік құралы; меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде диспетчерлік бақылау пунктінің болуы.
Тармақша 11
11) газ тарату жүйесінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде болуы;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 тіркелді) бұйрығымен бекітілген Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларына сәйкес өндірістік персонал үшін арнайы киімнің болуы.
Тарау 5-2. 5-2-тарау. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
5-2-тарау. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 7-2
7-2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) тұрақты жұмысқа рәсімделген, газбен жабдықтау объектілерінде үш жылдан астам техникалық білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі бар және газбен жабдықтау жүйелері мен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен кемінде бір маманның болуы;
Тармақша 2
2) жұмыс түрлері бойынша технологиялық регламенттер және қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтар;
Тармақша 3
3) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктық парк, механизмдер, құралдар, бақылау-өлшеу аспаптары;
Тармақша 4
4) өндірістік бақылау қызметтерінің болуы;
Тармақша 5
5) метрологиялық бақылау туралы қызметтердің болуы;
Тармақша 6
6) заңды тұлғада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен шарттың немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған өзінің оқу орталығының болуы;
Тармақша 7
7) меншік құқығындағы газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттері үшін тұрмыстық баллондарының сынақ стендінің болуы;
Тармақша 8
8) топтық резервуарлық қондырғыларға қызмет көрсету үшін авариялық-диспетчерлік қызметтің: еңбек шарттары және мамандарға арналған бұйрықтар (кемінде бір диспетчер, екі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь және бір мастер); қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы радиостанциямен, сиренамен, көк түсті жарқылдауық маякпен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған көлік құралы; меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде диспетчерлік бақылау пунктінің болуы.
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 тіркелді) бұйрығымен бекітілген Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларына сәйкес өндірістік персонал үшін арнайы киімнің болуы.
Тарау 6. 6-тарау. Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
6-тарау. Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 8
8. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маманы (не жоғары білімі және осы саладағы еңбек өтілі бес жылдан кем емес бір маманы) және орта техникалық білімі бар екі маманы немесе жоғары техникалық білімі бар екі маманы (не жоғары білімі және осы саладағы еңбек өтілі бес жылдан кем емес екі маманы);
Тармақша 2
2) жоғары техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; орта техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін үш жылдан кем емес;
Тармақша 3
3) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлары, ғимараттары мен құрылыстары;
Тармақша 4
4) монтаждау жұмыстарын жүргізуге қажетті құрылыс механизмдері, көлік құралдары, технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, бақылау және өлшеу құралдары: жұмыстарды орындауға арналған құралдары, механизмдері мен құрылғылары (дәнекерлеу аппараты, монтаждау шығыры, жүк қапсыру құрылғылары, слесарлық құрал-сайман, биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге арналған жеке қорғаныш құралдары);
Тармақша 5
5) заңды тұлғада орындалатын монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі құжаттары;
Тармақша 6
6) заңды тұлғада басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарты болуы.
Тармақ 9
9. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:
Тармақша 1
1) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маманы немесе жоғары білімі бар және осы саладағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес бір маманы;
Тармақша 2
2) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен орта техникалық білімі бар кемінде бір маманы бар;
Тармақша 3
3) жоғары техникалық білімі бар жұмыскерлер үшін екі жылдан кем емес үздіксіз жұмыс өтілі;
Тармақша 4
4) орта техникалық кәсіптік білімі бар жұмыскерлер үшін кемінде үш жыл үздіксіз еңбек өтілі;
Тармақша 5
5) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлары, ғимараттары мен құрылыстары;
Тармақша 6
6) техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге қажетті механизмдері, көлік құралдары, технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, бақылау және өлшеу құралдары: тиісті жұмыс түрлерін орындауға арналған құралдары, механизмдері мен құрылғылары (монтаждау шығыры, слесарлық құрал-сайман, бақылау-өлшеу аспаптарының жинағы, биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге арналған жеке қорғаныс құралдары);
Тармақша 7
7) авариялық-диспетчерлік қызметі: мамандарға еңбек шарттары және бұйрықтар (екі электр механигінен кем емес); меншік құқығындағы немесе жалға алу шарты бойынша көлік құралы; меншік құқығындағы немесе жалға алу шарты бойынша диспетчерлік бақылау пункті;
Тармақша 8
8) заңды тұлғада техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттары;
Тармақша 9
9) заңды тұлғада басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйыммен жасалған шарты болуы.
Тармақ 10
10. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада мыналар бар:
Тармақша 1
1) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен жоғары техникалық білімі бар кемінде бір маманы, орта техникалық білімі бар кемінде бір маманы;
Тармақша 2
2) жоғары техникалық білімі бар мамандардың жүк көтергіш механизмдерді, экскалаторларды, траволаторларды, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарды атқаратын құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымында жұмыс тәжірибесі және осы лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар. Орта техникалық білімі бар мамандар өздерінің еңбек қызметін жүк көтергіш механизмдермен, экскалаторлармен, траволаторлармен, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштермен байланысты жүзеге асырады және осы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар.
Тармақша 3
3) меншік құқығына немесе өзге де заңды негізге жататын өндірістік үй-жайлары, ғимараттары мен құрылыстары;
Тармақша 4
4) технологиялық жарақтау құралдары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары, лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды және мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізуге қажетті құралдары: бақылау сынақ жүктері; бағыттаушыларды бақылауға арналған құрылғылары; динамометриялық кілті; бақылау-өлшеу аспаптарының жинағы; жеке қорғаныш құралдары;
Тармақша 5
5) техникалық құрылғының түрі мен типіне байланысты дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы бар.
Басқа 94. Газ қызметінің авариялық-жөндеу машиналарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырудың ең төмен тізбесі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға қосымша Газ қызметінің авариялық-жөндеу машиналарын материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырудың ең төмен тізбесі № Құрал Арнайы авариялық автомобиль үлгісі АЖШ АГЖШ 1. 1. Жабдық Жылжымалы компрессорлық станция Жер жұмыстарына арналған арнайы техника (бұрғылау үшін) Қар-мұз және кристалды-гидратты тығындарды жоюға арналған қондырғы-құрылғы Қысымы орташа ацетиленді ауыспалы генератор АВС Оттегі баллондары - - - - - 1 1 1 1 1 2. 2. Аспаптар Газ талдағыш Сезгіштігі жоғары трасса іздегіш Сезгіштігі жоғары газ индикаторы Ауыспалылық электромегафоны Манометрлер: серіппелі, жиынтық сұйық У –тәрізді 500 және 2000 мм су.бағ. немесе дифференциальды манометрлер 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 3. 3. Құрал-сайман Соманды кілттер (екі жақты, бүйірлі, бөлшектеу), жиынтық Түтікті иін-тіректі кілттер, жиынтық Слесарь балғасы, оның ішінде түрлі түсті металдан немесе жезден жасалған, жиынтық Күректер, қайлалар, балталар, ағаш аралар, жиынтық Слесарь қыспалары Құбыр кескіш Бұранда кескіш құрал-сайман, жиынтық Құдық қақпақтарын ашуға арналған ілмектер Егеулер, қашаулар, бұрауыштар, пассатиждер, рулетка, болаттан жасалған мәуесектер және басқалар, жиынтық 1 1 1 1 1 1 1 2 1 1 1 1 1 1 1 1 2 1 4. 4. Мүкәммал, арнайы киім, қорғаныш құралдары Мүкәммалды қоршау қалқандар, жиынтық Сигналды белгілер, ескерту кестелері және олардың астына қоятын тұғыр, жиынтық Жалаушалары бар қабық талшықтардан жасалған арқандар, 100 м, жиынтық Жарылыстан қорғай отырып жасалған жылжымалы шамшырақтар (шамдар) (бригаданың әр мүшесіне) Күндізгі жарық тәрізді шамды прожектор Қалтаға салынатын шаммен белгі беру шамы (бригаданың әр мүшесіне) Металдан жасалған жылжымалы баспалдақ (4-6 метр) Диаметрі 50-700 миллиметр құбырларға арналған бандаждар, жиынтық Домкрат Шлангілі газтұмшалар (бригаданың әр мүшесіне) дәрігерге дейінгі көмек құралдары мен дәрі-дәрмектер (медициналық зембілдер, брезент, ақжаймалар, таңу құралдары, йод, шарап және мүсәтір спирті, медициналық оттегі, Зеленин тамшысы және шүйгіншөп тұнбасы, натрий гидрокарбонаты, бор қышқылы), жинақ Өртке қарсы құралдар (көмір қышқылды от сөндіргіштер (ОУ-1, ОУ-3), жинақ 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 5. 5. Материалдар Құбырлардың, бекітпе арматураның, диаметрі әртүрлі компенсаторлардың қосалқы бөлшектері Фитингтер, жалғамалар, бұқтырмалар, бұрандар, сомын, шпилькалар, бұрандалы металдан жасалған тығындар Ағаш және резеңке конус тәрізді тығындар Тығыздағыш төсемдер (қалыңдығы 3-5 миллиметр резеңке, паранитті, фтор қабатты) Тығыздағышты толтырма Зығыр майлау Қыртысты зығыр Брезент, дәке Полихлорвинилді оқшаулау таспасы Бензин, битум, сабын Тұрмыстық газ аспаптарына арналған қосалқы бөлшектер Шунт жасайтын бөгеттер Инертті газ (баллонды) Бір жұмыс ауысымы үшін қажетті мөлшерде Бір жұмыс ауысымы үшін қажетті мөлшерде