О государственной молодежной политике Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жас маман – отыз бес жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз бес жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) отыз бес жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы;
Тармақша 3
3) жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейiнгi азаматтары;
Тармақша 4
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
Тармақша 4-1
4-1) жастарға арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы ақпараттық-консультативтік көмек;
Тармақша 4-2
4-2) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;
Тармақша 4-3
4-3) жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман;
Тармақша 4-4
4-4) жұмыс істеп жүрген жастар – отыз бес жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 5
5) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
Тармақша 7
7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) өңірлік жастар форумы – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы;
Тармақша 9
9) республикалық жастар форумы – жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы;
Тармақша 10
10) уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
Тармақша 1
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
Тармақша 3
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік жастар саясаты:
Тармақша 1
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
Тармақша 2
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
Тармақша 3
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;
Тармақша 4
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.
Бап 4. 4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
Тармақша 2
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
Тармақша 6
6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;
Тармақша 7
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
Тармақша 7-1
7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
Тармақша 8
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
Тармақша 11
11) жастардың волонтерлік қызметін дамыту;
Тармақша 12
12) жастарды креативті қызметке тартуға жәрдемдесу және олардың креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлік қызметін дамыту болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентіне "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын енгізеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
Бап 6. 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
8) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 9
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 11-1
Тармақша 12
12) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін, оның ақшалай сыйақы мөлшерін және номинацияларын бекітеді;
Тармақша 12-1
Тармақша 12-2
12-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 12-3
Тармақша 13
13) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 13-1
13-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13-3
13-3) жастарды креативті қызметке тарту жөніндегі шараларды, оның ішінде жастардың бастамалары мен жобаларын қолдау арқылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар ұйымдарымен білім беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ғылым саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар ұйымдарымен ғылым мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар ұйымдарымен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
10-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар әзірлейді;
Тармақша 3
3) "Жастардың еңбек биржасы" бірыңғай ақпараттық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жастар ұйымдарымен жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4-1
4-1) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4-2
4-2) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде шаралар әзірлейді;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мәдениет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) дарынды жастарды және болашағы бар жастар шығармашылық ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен мәдениет және әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізеді;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14-1. 14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті
14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
15-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 4
4) жастар ұйымдарымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап. Қорғаныс министрлігінің құзыреті
16-бап. Қорғаныс министрлігінің құзыреті Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті
18-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) жастар ұйымдарымен масс-медиа мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 19. 19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) жылына кемінде бір рет жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
Тармақша 3
3) жылына кемінде бір рет мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2-2
2-2) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жастардың қатысуымен жарыстар өткізеді;
Тармақша 2-3
2-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан шыққан жоғары сыныпты спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 6
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
Тармақша 6-1
6-1) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, дене шынықтыру, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 6-2
6-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 6-3
6-3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 6-4
6-4) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 6-5
6-5) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 9
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 10
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 6
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
Тармақша 7
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 9
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 10
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
Бап 20. 20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары
20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары
Тармақ 1
1. Жастар форумы республикалық және өңірлік деңгейлерде өткізіледі.
Тармақ 2
2. Республикалық жастар форумы:
Тармақша 1
1) орталық, жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Республикалық жастар форумында "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы талқыланады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі.
Тармақ 4
4. Өңірлік жастар форумы:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.
Бап 20-1. 20-1-бап. Жастардың даму индексі
20-1-бап. Жастардың даму индексі Қазақстан Республикасында Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексін ұлттық өзіндік ерекшелікке бейімдеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында іске асырылады.
Бап 20-2. 20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар
20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар
Тармақ 1
1. Мемлекет жастарды қолдау және дамыту мақсатында уақытша бос жүрген жастар санын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Бап 21. 21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар
21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыру және оның тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 2
2. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Орталық атқарушы органдарда үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде жастар ұйымдарын тарта отырып, өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрылуы мүмкін.
Бап 22. 22-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым
22-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және өздерінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті өтеусіз пайдалануға алуы мүмкін.
Бап 23. 23-бап. Жастар ресурстық орталықтары
23-бап. Жастар ресурстық орталықтары
Тармақ 1
1. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастар ресурстық орталықтары жастарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Тармақ 3
3. Жастар ресурстық орталықтарының жұмыскерлері жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Жастар ресурстық орталықтары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жастар ресурстық орталықтары жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жастар ресурстық орталықтарының көрсетілетін қызметтері тегін ұсынылады.
Бап 24. 24-бап. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
24-бап. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы
Тармақ 1
1. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
25-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
Тармақ 1
1. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер өз қызметін жастардың зияткерлік, рухани, дене бiтiмiнің, шығармашылық тұрғысынан дамуы, кәсiби даярлығы және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жастардың құқыққа қарсы әрекеттерінің профилактикасы;
Тармақша 3
3) тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) жастардың кәсiпкерлiк қызметiн қолдау мен дамыту;
Тармақша 5
5) жастардың өзiн-өзi басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар болып табылады.
Бап 26. 26-бап. Халықаралық ынтымақтастық
26-бап. Халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа:
Тармақша 1
1) жастар мен жастар ұйымдарын Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметіне тарту;
Тармақша 2
2) тәжірибе алмасуға, достық және іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жәрдем көрсетеді.
Бап 27. 27-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету
27-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ
4-тарау. ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ
Бап 28. 28-бап. Жастар ұйымдары
28-бап. Жастар ұйымдары
Тармақ 1
1. Жастар ұйымы үкіметтік емес ұйым болып табылады, оның қызметі жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, жастар өкілдері оның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.
Тармақ 2
2. Жастар ұйымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
Тармақша 3
3) республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына;
Тармақша 4
4) жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.
Бап 29. 29-бап. Жастардың волонтерлік қызметі
29-бап. Жастардың волонтерлік қызметі
Тармақ 1
1. Жастардың волонтерлік қызметі жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті, қоғамға пайдалы қызмет болып табылады.
Тармақ 2
2. Жастардың волонтерлік қызметі саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмауға тиіс.
Тармақ 3
3. Жастардың волонтерлік қызметін қолдау шаралары «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 30. 30-бап. Жастардың өзін-өзі басқаруы
30-бап. Жастардың өзін-өзі басқаруы
Тармақ 1
1. Жастардың өзін-өзі басқаруы тұлғалық және кәсіби өсу, қоғамда ойдағыдай әлеуметтену, өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жастар қызметін ұйымдастыру нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Жастардың өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында құрылуы мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 31. 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.