Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Күшін жойған
Басқа 0
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.