Об утверждении Правил субсидирования развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2014 жылғы 15 желтоқсан "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 6 қаңтар
Басқа 1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 3
3) органикалық өнім – «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру және балық аулау өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;
Тармақша 4
4) органикалық өнім өндіруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
Тармақша 7
7) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестікті растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 8
8) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі
2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі
Тармақ 3
3. Субсидияларды беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тұрақты комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия құрамы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын адамның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссияның құрамы кемінде бес адам.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған;
Тармақша 2
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді. Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны тағайындау үшін береді.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында cубсидиялауға арналған құжаттарды қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ субсидиялау туралы тиісті ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Мемлекеттік корпорацияға, қоғамдық бірлестіктер мен консалтингтік компанияларға жібереді. Өтініштерді қабылдау тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың мынадай шарттарға сәйкестігін қарастырады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
Тармақша 3
3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия көрсетілетін қызметті алушының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомость бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.
Тармақ 9-1
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұсынымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушының тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге арналған сәйкестік сертификатының барлық құнынан шығындардың 50 (елу) пайызын құрайды.
Тармақ 11
11. Органикалық өнім өндіруге 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде шеккен шығындар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 12
12. Субсидияларды бөлу субсидиялауға арналған өтініштерді беру кезектілігінің тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін төлемді аудару күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 17
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1.1. Субсидиялауға арналған өтініш
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Субсидиялауға арналған өтініш 20__ жылғы «___» _________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ______________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Маған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамыту үшін органикалық өнім өндіру жөніндегі сәйкестік сертификатын растауға _ ____________________________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы цифрлармен және жазбаша) 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: заңды тұлға үшін: атауы _________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)______________________ басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________________________________ мекенжайы: ___________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: __________________________________________ электрондық почтасы ___________________________________________ жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі ________________________________________________________ кім берді ______________________________________________________ берілген күні __________________________________________________ мекенжайы: ___________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: __________________________________________ электрондық почтасы ___________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері________________________________________________ хабардар етілген күн ____________________________________________ 2. Екінші деңгейдегі банктегі жеке немесе заңды тұлғаның ағымдағы шотының мәліметтері: ЖСН/БСН _____________________________________________________ бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________ банк деректемелері______________________________________________ банк атауы _____________________________________________________ банктің сәйкестендіру нөмірі______________________________________ жеке сәйкестендіру коды_________________________________________ БСН ___________________________________________________________ Кбе ___________________________________________________________ 3. Жер учаскесіне құжаттың болуы туралы мәліметтер: жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы _______________________________________________________________ мемлекеттік акт _________________________________________________ (нөмірі және берілген күні, кім берді) орналасқан орны________________________________________________ (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) мекенжайы______________________________________________________ кадастрлық нөмірі _______________________________________________ барлық алаңы, гектар ____________________________________________ (оның ішінде егістік, нысаналы мақсаты) 4. Ауыл шаруашылығы өнімін және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер: объектінің меншік иесінің атауы__________________________________ акт нөмірі______________________________________________________ (нөмірі және берілген күні, кім берді) орналасқан орны________________________________________________ (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)) мекенжайы_____________________________________________________ кадастрлық нөмірі _______________________________________________ нысаналы мақсаты ______________________________________________ 5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтердің актісі туралы мәліметтер: сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы ________________________ _______________________________________________________________ акт нөмірі және күні _____________________________________________ шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалған ________________________________________________________________ көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)_______________________________ көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен______________________ 6. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер: р/с № Шот-фак­ту­ра­ның нө­мі­рі Шот-фак­ту­ра­ның кү­ні Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің тү­рі (ата­уы) Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің жал­пы құ­ны, тең­ге­мен Са­тып алушы­ның ЖСН/БСН-ы және ата­уы 1 2 3 4 5 6 7. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер: Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы_______________________________________________________________ сертификат (сертификаттар) нөмірі және берілген күні__________________ сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі _________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін. ____________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Өтініш берілген күн: 20 ___ жылғы «___» ______________
Басқа 1.2. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті жет­кі­зу тә­сіл­де­рі Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­ніш­те­рін қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Суб­си­ди­я­ны та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат ны­сан­да­ры­ның жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № 5-2/671 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10198 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ді бас­қа­ру жүй­е­ле­рін да­мы­ту­ды суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да) 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған өті­ніш; 2) ор­га­ни­ка­лық өнім­ді рас­та­у­ға ар­нал­ған сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) және сәй­кест­iк­тi рас­тау жөнiн­де­гi ор­ган­ның элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­ны тө­ле­уі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» сырт­қы шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Тір­ші­лік ету әре­ке­тін шек­тей­тін ағ­за функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зу­шы­лы­ғы бар, ден­са­улы­ғы на­шар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­та­рын қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция жұ­мыс­ке­рі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да­ғы www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.3. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________мекенжайы бойынша орналасқан №_____филиалының бөлімі Сіздің 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: 1) _________________________________________; 2) _________________________________________; бермеуіңізге байланысты «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы хабарлама әр тарап үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды. _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Телефоны ________________ Алдым: ______________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) 20__ жылғы «___» _________
Басқа 1.4. Субсидияны тағайындау туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан Субсидияны тағайындау туралы хабарлама Құрметті _________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтінішіңіз бойынша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.
Басқа 1.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздерде:________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ бас тартады. Осы бас тарту әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды. __________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)