Об установлении зоны санитарной охраны Боровского централизованного хозяйственно-питьевого водозабора в Мендыкаринском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймағының мөлшері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Ұңғымалар № 38 Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр 7,0 гектар Радиусі – 178 метр 80,0 гектар Радиусі – 3167 метр 3062 гектар № 39 Радиусі – 181 метр № 44ц Радиусі – 178 метр № 45ц Радиусі – 185 метр № 81 Радиусі – 152 метр № 83ц Радиусі – 173 метр № 89 Радиусі – 179 метр № 98 Радиусі – 173 метр № 99 Радиусі – 179 метр Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы «Боровское жер асты суларының орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары. «Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Боровское және Первомайское ауылдарының сумен жабдықталуын қайта құру» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – «Меңдіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі).