Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2.«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н.Сатыбалдина) «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы «27» қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген қосымша «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз аталуы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Бөлім 2. 2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Басқарманың миссиясы:Алматы облысының аумағында кәсіпкерлік және сауда қызметін, инвестициялық климатты, өнеркәсіп және шикізат секторын дамыту үшін жағдай құру.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензия беру және лицензия көшірмелерін қайта ресiмдеу;
Тармақша 7
7) меншік түріне қарамастан сауда рыноктарының қызметін мемлекеттік реттеу және үйлестіруді қамтамасыз ету, сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесіне және олардың түрлеріне сәйкес рыноктарға санаттар беру;
Тармақша 8
8) өз құзыретi шегiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) облыстың Өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшылық кеңестердiң қызметiн және өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) облыстың өңiрлiк индустрияландыру картасын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 12
12) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу және сақтау;
Тармақша 14
14) облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру;
Тармақша 15
15) облыс бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын, «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) облыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу бойынша шараларды қабылдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер мен құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
Бөлім 3. 3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Басқармаға басшылықты Басқарманың жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 2
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23. Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма басшысы басқарады.
Бөлім 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 24
24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Бөлім 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.