О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй
жәрдемақыларды беру Ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының Х cессиясының 2004.12.11 N 157 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 16.11.1999 ж. N 477-1 ҚРЗ «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес облыс әкімімен енгізілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру ережелерінің жобасын қарап шығып облыстық Мәслихат ШЕШІМ шығарды:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру Ережелерін бекіту.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері осы шешімді мүдделі қызметтердің назарына жеткізу.
Тармақ 3
3. Ереженің мәліметтері туралы ақпаратты облыс халқына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөнінде (С.М.Әдекенов), өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөнінде (С.Н. Кривов) тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Облыстық Мәслихаттың 04.05.2001ж.
IX сессиясының N4 шешіміне қосымша
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.04.1996ж. N437 қаулысымен бекітілген “Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй мен коммуналдық қызметке жәрдемақы төлеудің уақытша ережесінің” негізінде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы “Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы” Заңына сәйкес жасалды.
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер.
1. Негізгі ережелер.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдем ақысы тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйде жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін өтемақы түрінде тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде белгіленсе, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі№ Тұрғын үйде күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 30 пайыз мөлшерінде отбасының біріккен табысымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілген тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
2. Көрсетілген тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
Тармақ 2
2. Тұрғын үй төлеміне жәрдем ақыны анықтау үшін қолданыстағы мөлшерлерден төменділер белгіленеді:
алаңның әлеуметтік мөлшері:
- көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызылікті азаматтар үшін – 30 шаршы метр
бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер газ:
- газ плитасы мен орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда
айына 5 кг
- газ плитасының болып, ал ыстық судың болмағанп жағдайында
айына 8 кг
қатты отын
-1 шаршы метр алаңды жылытуға 75 кг (жылына есептегенде)
отбасының нақты тұтынған электр қуатының мөлшері:
-газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 кВт
-электрплиталарымен жабдықталған үйлерде айына 250 кВт
Суықсуды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті тұтыну мөлшерлері және пайдалану шығындары басқару үлгісіне байланыссыз (ПИК, ПИБ үй комитеттері және т.б.) монополияға қарсы комитет бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысын тұрғын үй иесі немесе пайдаланушыға (үй жалдаушы, жалға беруші) осы мекен-жайда тұрақты тұратын жеке тұлғаларға тұратын мекен-жайы бойынша аудандық (қалалық) еңбек және тұрғындарға әлеуметтік жәрдем көрсету болімдері береді.
Тармақ 2
2. Бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерің жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбастары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқық тарын жоғалтады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға, егер отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, еңбекпен қамту орталығында жұмыссыздығы жөнінде тіркеуде жоқ болса және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алмаған жағдайда олардың құқықтары жоқ, бұл жағдайда мүгедектерді күтетін, 3 жас ка дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы -1сыныптың ең кіші баланың аяқтауына дейін тәрбиелеу кезінде мұқтаж деп танылған адамдарға беріледі.
Тармақ 4
4. Ата-аналардың некесі бұзылғын кезде тұрғын үй жәрдемақысы жұбайына балаларға алимент төлеген жағдайда ғана тағайндалады.Егер алимент төлеуден бас тартса, сондай-ақ себепсіз алимент төлеуден бас тартса отбасы тұрғын үй жәрдемақысынан айырылады.
Тармақ 5
5. Отбасының біріккен табысында алимент төлеушінің төмендегідей жағдайлары ескерілмейді:
-жұмыс істемейді және жұмыссыз деп ресми танылған кезде (еңбек биржасынан анықтама тапсырылуы қажет)
-бас бостандығынан айырылған немесе уақытша ұстау орындарында отырғандар (түзелу орындарынан балаларға алимент аударылмайды деген анықтамасын тапсырған кезде);
-тубуркулезбен, психоневрологиялық диспансерде (стационарлық), емдеу- еңбек профилакториясында емделушілер;
-іздеудегілер (тиісті органдардың берген құжаттарымен куәландырылуы қажет);
-Қазақстан Республикасының құқықтық көмек туралы келісім-шарты жоқ басқа да мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар;
Орта білім беру жүйесінде оқитын студенттерге тұрғын үй жәрдемақы сын тағайындау, сондай-ақ жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында іштей ақылы негізде оқитын стипендия алмайтын студенттердің біріккен табысы студенттердің ерікті өтініш берген кезінінде ескеріледі.
Тармақ 6
6. Дау-дамай туған кезде немесе сейкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу аудандық (қалалық) еңбек және тұрғындарға әлеуметтік жәрдем көрсететін бөлімдер жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген кезде жәрдем ақыға дәмелі тұлға оны сот арқылы шешім алуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметке нақты төлем ақына аудару соммасынан артуы тиіс емес.
Тұрғын үй жәрдемақысы қолма қол немесе ақысыз беріледі, қолма қол ақысыз төлемнің үлгісі-бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметті күтіп ұстауға төлемді азайтады.
Қолма қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі аудандық (қалалық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаржылар есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарынв аудару жолымен (одан әрі тиісті банктер) екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысы соммаларын аудару кезінде еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі салым салушылардың бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы соммалары салымынан аудару үшін Халық банктерінің формасын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
Қалалық, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімдері тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйде күтіп ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және т.б.) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін.
Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселеніі тұрғын үй жәрдемақысын алушыны қатыстыруымен комиссия қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жағдайы мен тәртібі еңбек және тұрғыдарды әлеуметтік қорғау бөлімдерімен және тиісті банктер арасында жасасқан келісім-шарттармен анықталады.
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу формасын таңдау құқы жергілікті аткару органдарына беріледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақылар өтініш берілген айдан бастап 6 айға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған процедурасындай.
Тұрғын үйде ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар ше+г
інің үлесі, олар отбасының табыстары, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған айдан кейінгі айдан бастап қайта тағайындалады.
Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 10 күннің ішінде тұр,ын үйінің меншіктік формасы, отбасы құрамы және оның жиынтық табысының өзгеруі туралы, жәнінде жәрдемақыны дұрыс тағайындамаған жағдайлар жөнінде хабарлау керек.
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау қызметіне заңсыз немесе артық төлеуге әкеліп соққан алдын ала жалған мәлімет берген жалдаушы (иесі) бір жылға жәрдемақы алу құқынан айырылады, ал заңсыз алынған қаржы кейін қайтарылады.
Тарау 5. 5. Тұрған үй жәрдемақыларды есептеу.
5. Тұрған үй жәрдемақыларды есептеу.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үй жалдаушының өтініші мен оған қоса тіркелген келесі құжаттардың негізінде тағайындалады:
отбасы құрамы жөнінде және оның мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәліметтер (пәтердің карточкасы, неке туралы немесе некені бұза туралы куәлік, еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орны берген анықтама және т.б.);
тұрғын үйдің алаңының көлемі туралы анықтама (ордер тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт);
тұрғын үйде ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындары туралы анықтама;
жұмыс оқы немесе әскери қызмет орындарынан отбысы мүшелерінің табысы туралы анықтама;
заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы құрамдары салық органдарының анықтамасын тапсырады;
жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша еңбек биржасының анықтамасын тапсырады;
аз қамтылған азаматардың материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру акты (комиссия тапсырмасы бойынша);
негізгі тұрып жатқан орны туралы анықтама.
Тармақ 2
2. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде жәрдемақы тағайындау есебі жазылатын отбасына келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй жалдаушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мәліметтердің шындығына сееімсіздік туған жағдайда аудандық (қалалық) еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдері сұрауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуды талап ететін адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Жәрдемақы мөлшері жалдаушының пәтер ақысы мен отбасының осы мақсаттарға шығын деңгейінің шегінде және өтемақы шараларын қамтитын норма шегінде коммуналдық қызметті пайдалану айырмасы ретінде есептелінеді.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржылану көздері.
6. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржылану көздері.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақылары жергілікті бюджет қаржылары есебінен қаржыланады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйде ұстау және коммуналдық қызмет көрсетуге есептік-нормативтік шығындар баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттің және басқа да атқару өкіметтің өкілетті органдарының бақылауымен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері негізгі жалдаушылар мен пәтер иелерінің тізімдерінде жәрдемақы мөлшерін көрсетеді және ай сайын есесін қайтару үшін тұрғылықты жер бойынша қаржы органдарына жиынтық ведомостарды тапсырады.
Тармақ 4
4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын беруге байланысты шығындарды қайтару тәртібі Қазақстан республикасының Қаржы министрлігімен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Облыстық, қалалық, аудандық қаржы органдары жылына бір рет алғаш рет тапсырылған құжаттармен тұрғын үй жәрдемақыларды төлеуге бюджет қаражатының дұрыс жұмсалғаның тексеруге міндетті.
Тармақ 6
6. Құжаттарды сапасыз әзірлегені үшін және тұрғын үй жәрдемақыларды заңсыз тағайындағаны үшін лауазымды адамдар заңмент бекітілген тәртіппен жауапты.
Тармақ 7
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 13.05.97ж. N 306 «Жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы Нұсқаулықты басшылыққа алу».