Об утверждении Положения о патронатном воспитании Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына Патронаттық тәрбие туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға (бұдан әрі – бала (балалар)) белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
Тармақша 2
2) патронат тәрбиеші – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) баланы (балаларды) оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды), қылмыс жасады деп күдіктенген баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды) (бұдан әрі – шарт) тәрбиелеуге берген адам;
Тармақша 3
3) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар.
Тармақ 4
4. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағандар қорғаншылықта (қамқоршылықта) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.
Тармақ 5
5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.
Тармақ 6
6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады. Патронаттық тәрбиеге беру кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.
Тармақ 7
7. Орган баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына бақылауды жүзеге асырады, патронат тәрбиешілердің қызметін талдайды.
Тарау 2. 2. Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру
2. Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді орган жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Мына адамдарды:
Тармақша 1
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;
Тармақша 2
2) сот ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
Тармақша 3
3) өзіне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;
Тармақша 4
4) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;
Тармақша 5
5) денсаулық жағдайы бойынша қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін орындай алмайтын адамдарды;
Тармақша 6
6) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
Тармақша 7
7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
Тармақша 8
8) азаматтығы жоқ адамдарды;
Тармақша 9
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
Тармақша 10
10) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, тек кәмелетке толған тұлғалар патронат тәрбиешілер болып табылады.
Тармақ 9-1
9-1. Егер патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады. Патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.
Тармақ 10
10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
Тармақша 2
2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Тармақша 3
3) егер патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) келісімін;
Тармақша 4
4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 5
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;
Тармақша 6
6) патронат тәрбиеші болуға ниет білдірген адамның, сондай-ақ егер некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) және патронат тәрбиеші болуға ниет білдірген адаммен бірге тұратын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан және «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болуы (немесе болмауы) туралы мәліметтерді;
Тармақша 7
7) білімі туралы дипломның көшірмесін;
Тармақша 8
8) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін);
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 тіркелді) бекітілген нысанына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
Тармақша 10
10) екінші деңгейдегі банкте дербес шоттың ашылуы туралы шарт;
Тармақша 11
11) баламен (балалармен) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (туыстары, баланың (балалардың) өгей әкесі (өгей шешесі) үшін) ұсынады. Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 8) тармақшасындағы көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу талап етілмейді. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алғысы келетін адам, егер некеде болса, оның жұбайына (зайыбына) қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді орган Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінен алады. Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес орган жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей шешелеріне) патронаттық тәрбиелеуге береді.
Тармақ 11
11. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдерген адамдардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамдарға береді және оң қорытынды алған тұлғалар туралы мәліметтерді Кодекстің 118-3-бабына сәйкес Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) енгізеді. Баланы патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген, оң қорытынды алған адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14666 болып тіркелген) бекітілген Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінде іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге анықтау кезiнде орган оның этникалық шығу тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығын, ана тілін, тәрбиелеу мен оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.
Тармақ 13
13. Баланы (балаларды) шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағанда, он жасқа толған баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Балаға (балаларға) патронат тәрбиешіні тағайындау кезінде патронат тәрбиешінің адамгершілік және жеке басының өзге де қасиеттері, оның патронат тәрбиеші міндеттерін орындауға қабілеті, патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасындағы қарым-қатынас, патронат тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға (балаларға) қарым-қатынасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың (балалардың) өз тілегі ескеріледі.
Тармақ 16
16. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиешi) мен орган арасында баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адамдардың тұрғылықты жері бойынша жасалатын шарт:
Тармақша 1
1) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;
Тармақша 2
2) патронат тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;
Тармақша 3
3) органның патронат тәрбиешiлерге қатысты мiндеттерiн;
Тармақша 4
4) шартты тоқтатудың негiздерiн көздейді. Патронаттық тәрбиеге берілген әрбір балаға (балаларға) жеке (дербес) шарт жасалады. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны ұзартуға болады.
Тармақ 17
17. Бала (балалар) патронаттық тәрбиеге берілетін ұйым:
Тармақша 1
1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) патронаттық тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;
Тармақша 2
2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;
Тармақша 3
3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) патронат тәрбиешілер болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беруді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) патронаттық тәрбиеге берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 18
18. Патронат тәрбиешiлерге берiлген әрбiр балаға (балаларға) баланы күтіп бағатын ұйым:
Тармақша 1
1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiн;
Тармақша 2
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген), «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны және № 065/у нысанының «Иммундау паспорты» медициналық құжаттамалары;
Тармақша 3
3) бiлiмi туралы құжатты;
Тармақша 4
4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәлiктің, сот үкiмiнің немесе шешiмiнің, ата-анасының сырқаттануы немесе iздестiрiлуi туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің-қарындастарының болуы және тұратын жерлерi туралы ақпаратты;
Тармақша 6
6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);
Тармақша 7
7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;
Тармақша 8
8) баланы қылмыс жасаған күдікті патронатқа берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын;
Тармақша 9
9) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттарды береді.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген құжаттар шарт жасасқаннан кейін патронат тәрбиешілерге тікелей беріледі.
Тармақ 20
20. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешіге беру органның шешімі немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде шартты жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қарым-қатынастардың туындауына әкеп соқпайды.
Тармақ 22
22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын үй-жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын үй-жай беру құқығына ие.
Тармақ 23
23. Егер баланың (балалардың) жәрдемақыға немесе өзге де әлеуметтiк төлемдерге құқығы болған жағдайда патронат тәрбиешіге аталған ақша қаражатын немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
Тармақ 24
24. Патронат тәрбиешінің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) шартты орындау;
Тармақша 2
2) өз баласымен (балаларымен) бірге тұруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) баланы (балаларды) тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін оңтайлы жағдай жасау және ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) баланың (балалардың) денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы туралы қамқорлық жасау;
Тармақша 5
5) баланың (балалардың) пікірін ескере отырып, білім беру мекемесін және оқыту нысанын таңдау;
Тармақша 6
6) баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге берiлген құжаттарының, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттың және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) өзінің қамқорлыққа алынушыларының басқа адамдармен қатынасындағы, оның ішінде соттарда арнайы өкiлеттiктерсiз қатынасындағы құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) баланың (балалардың) демалысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту үшін қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы органды хабардар ету;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 25
25. Патронат тәрбиешіге берілген әрбір баланы (балаларды) күтіп-бағуға Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
Тармақ 26
26. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айына отыз бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тармақ 27
27. Облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың білім беру бөлім органдары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары патронат тәрбиешінің қызметіне ақы төлеуді шарттың негізінде ақшалай қаражатты оның ағымдағы шотына ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын аудару арқылы жүргізеді.
Тармақ 28
28. Патронат тәрбиешіге қызметтерге ақы төлеудің тоқтатылуына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған жағдайда (шарттың бұзылуы) орган бұл туралы патронат тәрбиешiге бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 29
29. Патронат тәрбиешілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көшкен сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 30
30. Патронат тәрбиеші облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда шарт бұзылады.
Тармақ 31
31. Патронат тәрбиешiлер ауруханаға түскен не өзге де дәлелді себептер бойынша отбасында ұзақ уақыт болмаған жағдайда органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы (балаларды) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді не негізгі патронат тәрбиешінің болмау уақытына басқа патронат тәрбиешімен шарт жасасады.
Тармақ 32
32. Патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) денсаулық сақтау ұйымына уақытша орналастыруы патронат тәрбиешінің осы балаға (балаларға) қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.
Тармақ 33
33. Отбасында патронаттық тәрбиедегі баланы (балаларды) асырап алуға беру кезінде осы баланы (балаларды) асырап алуға басым құқық оның қалауы ескеріле отырып, өз отбасында бала (балалар) тәрбиеленіп жатқан патронат тәрбиешіге беріледі.
Тармақ 34
34. Баланы (балаларды) 16 жасқа толғанда жұмысқа орналастырған жағдайда ол кәмелетке толғанша шарттың қолданылуы жалғасады.
Тармақ 35
35. Шарт:
Тармақша 1
1) дәлелді себептері (сырқаттануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) бала (балалар) ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала (балалар) асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Тармақ 36
36. Органдар патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттеріне бақылауды Кодексте және осы Ережеде белгіленген тәртіппен патронат тәрбиешінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеуге және күтіп-бағуға бақылауды органдар 6 айда кемінде 1 рет:
Тармақша 1
1) патронаттық тәрбиеге берілген балаға (балаларға) оның тәрбиелену және күтіп-бағылу жағдайларын тексеру мақсатында бару;
Тармақша 2
2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының, оның ішінде оңалту құралдарының уақтылы ресімделуіне және алынуына, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың оны мақсатты пайдалануына бақылау жасау;
Тармақша 3
3) патронат тәрбиешілердің патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін материалдық құралдарды пайдалануын тексеру түрінде жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Патронат тәрбиеші органға «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33791 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қамқорлыққа алынушының денсаулық паспортының көшірмесін және оны тәрбиелеу жөніндегі жұмыс, оны ұстауға бөлінген ақшаны жұмсау және оның мүлкін басқару туралы есептерді кемінде алты айда бір рет береді.
Басқа 1. Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру туралы өтініш
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 1-қосымша _______________________ (органның атауы) Патронаттық тәрбиеші болуға ниет білдіру туралы өтініш Мені патронат тәрбиеші ретінде тануыңызды сұраймын _______________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғана) ___________және жеке сәйкестендіру нөмірі) Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін. Мекенжайым өзгерген жағдайда 10 жұмыс күні iшiнде ол туралы мәліметті міндетті түрде хабарлаймын. Дұрыс емес мәлiметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi. Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін. 20__жылғы «___»________________ _______өтініш берушінің қолы
Басқа 2. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 2-қосымша Нысан Бекітемін Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқарманың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің басшысы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) 20 ___ жылғы «__» ____________ _____________________________ күні, қолы, мөрдің орны Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________________________________ Тексеріп-қарауды жүргізген _________________________________________________________________ (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны) _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны: __________________________________________________________________________________________ 1. ________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді. Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________________________________ Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ______________________________________________________ Нақты тұрғылықты жері _____________________________________________________________________ Білімі _____________________________________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) _____________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________________________________ Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) _______________________________________________________ Нақты тұрғылықты жері ______________________________________________________________________ Білімі _____________________________________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________________________________________________________________ 2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі ___________ (ш.м.) Тұрғын бөлмелердің саны _________, тіркеуде тұрғандар________________ (тұрақты, уақытша) Тұрғын үйдің жайлылығы ___________________________________________________________________________________________ (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы) Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ___________________________________________________________________________________________ (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар болуы) _________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ 3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны Туыстық қатынастары Ескерту 4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы, басқа да табыстар __________________________________________________________________________________ (жазу). 5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы) __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ 6. Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері: __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ 7. Қорытынды (балаларды отбасына патронатқа беру үшін жағдайдың бар болуы) __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (қолы) (тегі,аты-жөні) (күні) Таныстық: _________________________________________________________________________________ (баланы (балаларды) отбасына патронатқа қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), күні, қолы)
Басқа 3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы
Патронаттық тәрбие туралы ережеге 3-қосымша Нысан Бекітемін Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқарманың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің басшысы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) 20___ жылғы «__» _____________ _____________________________ күні, қолы, мөрдің орны Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы « » _______ №___ қорытынды Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы, __________________________________________________________________________________________ Тұрғылықты жері: __________________________________________________________________________ Отбасының сипаттамасы: ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ Білімі және кәсіби қызметі: ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Денсаулық жағдайының сипаттамасы: ___________________________________________________________________________________________ Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері: ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Баланың кандидатурасы бойынша тілектері______________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Қорытынды: ___________________________________________________________________________________________