Об областной чрезвычайной противоэпидемической комиссии Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.11.2004 № 322 қаулысымен. Кадрлық өзгерістерге байланысты, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның жаңа құрамы (1-қосымша) және эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 18 маусымдағы № 165 «Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның жаңа құрамы туралы» шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 29 наурыздағы № 11 қаулысына 1-қосымша Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның ҚҰРАМЫ Құланбаев Серік Алтайұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға Батов Евгений Владимирович - Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Виндерская Антонина Михайловна - облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өте қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, хатшы Комиссия мүшелері: Әбенов Дулат Телғарұлы - Қостанай облысының экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры Байғабелов Алтынбек Өсербайұлы - облыстық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Мыңжасаров Жұмағали Ахметғалиұлы - облыстық қаржы департаменті бастығының орынбасары Ғайсин Жақсылық Ғайсаұлы - Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті директорының орынбасары Хасенов Ердәулет Сатыбалдыұлы - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Ыбыраев Кенесары Баекенұлы - Қостанай темір жолы бөлімшесі бастығының орынбасары(келісім бойынша) Ким Светлана Павловна - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық бақылау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Қожмұхаметов Жеңіс Әйтімұлы - облыстық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Кочин Владимир Федорович - Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментінің директоры Маманов Азамат Хаджиұлы - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың аумақты және халықты қорғау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Милевич Вячеслав Эдуардович - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жедел әсер ету және жоспарлау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Садуақасов Тұрсынбай Бағыбайұлы - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Төлеубаев Эрланд Құрманғалиұлы - бас кеден басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлы - облыстық телерадиокомпания төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Оспанов Қадырбек Бұзауғалиұлы - облыстық дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Шек Генрих Генрихович - Қостанай облысының білім департаментінің бастығы Молибоженко Виктор Павлович - Қостанай облысының әділет басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 4. Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 29 наурыздағы № 11 қаулысына 2-қосымша Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шілдедегі N 110-XIII «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына сәйкес жасалған осы Ереже эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссияның (бұдан әрі Комиссия) негізгі міндеттерін, қызметін, құқықтарын және жұмысын ұйымдастыруды айқындады.
Тармақ 2
2. Комиссия консультативтік-кеңесші ведомствоаралық үлестіруші орган болып табылады және жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың індетке ұшырауы мен өсімдік ауруларының алдын алу, тараптау және жою мақсатында құрылды.
Тармақ 3
3. Комиссия өз өкілеттігін жергілікті атқарушы органдармен, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттеріне:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың (бұдан әрі-заңды тұлғалар) жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының малдың індетке ұшырауы мен өсімдік ауруларының алдын алуға, тараптауға және жоюға, облыс шекарасы мен аумағын аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың әкелінуінен және таралуынан санитариялық қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) қалалардың, аудандардың эпидемияға қарсы төтенше комиссияларының қызметіне әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру, эпидемиялық жұқпалы аурулар мен адамдардың жаппай улануының, жануарлардың індеті мен өсімдіктер ауруының алдын алу, таратылу және жоюға бағытталған шараларды орындауға практикалық көмек көрсету кіреді.
Тарау ii. II. Қызметтері мен құқықтары
II. Қызметтері мен құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссияға аталған міндеттерді орындау мақсатында:
Тармақша 1
1) эпидемиялық жұқпалы ауруларға және адамдардың жаппай улануына жол бермеу, аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға бағытталған шешімдерді жетілдіру;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар мен азаматтардың жұқпалы аурулардың, жаппай уланудың алдын алуға, жоюға бағытталған қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіру;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың күштері мен қаражаттарын эпидемияға қарсы және індетке қарсы шараларды орындау үшін тартуды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) эпидемияға қарсы және індетке қарсы шаралар жүргізуге байланысты карантиндік шектеу шараларын енгізу және оны қолданыстан шығару, ұсыныстар жасау;
Тармақша 5
5) жауапты тұлғалардың эпидемияға қарсы және індетке қарсы шаралардың орындалу барысы туралы баяндамаларын мезгіл-мезгіл тыңдау, тыңдаудың нәтижелері бойынша ұйымдық және практикалық шешімдер қабылдау;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау органдарының аурулардың таралуының алды алу және олардың пайда болуы зардаптарын жою үшін мамандандырылған медициналық құрылымдардың облыстық денсаулық сақтау басқарма оперативтік жедел топтарының, басқа да облыстық басқармалардың, комитеттердің, ведомстволардың жедел топтарын аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарына жіберу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау және мал дәрігері органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу ойынша халықты медициналық және мал дәрігерлік-санитариялық ағарту үшін пайдалану жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
Тармақша 8
8) облыс аумағы мен одан тысқары жерлерде қауіпті аурулармен науқастанулар туралы ақпараттар жиналуына және талдануына бақылау жасау;
Тармақша 9
9) адамдар мен жануарлардың мекен ауыстыруына, жүктерін ауру ошағынан тысқары жерлерге тасымалдануына, енгізілген шектеулердің сақталуына, басқа да карантиндік шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) облыс әкімін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетін облыстағы және көршілес аумақтардағы эпидемиялық және эпизоотиялық қауіпті жұқпалы аурулар жағдайы туралы хабардар ету жүктеледі.
Тармақ 6
6. Комиссияның:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардан адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің жұқпалы ауруға шалдығуы туралы ақпарат алуына;
Тармақша 2
2) кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың профилактикасы жөніндегі жұмыстардың жағдайына тексеру жүргізуіне;
Тармақша 3
3) адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында карантиндік-шектеулік шараларын енгізу туралы облыс әкімиятына ұсыныстар жасауына;
Тармақша 4
4) жұқпалы аурулардың алдын алу, санитариялық-профилактикалық эпидемияға қарсы және мал індетіне қарсы шаралардың орындалуы туралы құжаттар талап етуіне және комиссияның мәжілістерінде тиісті басшылардың хабарламасын тыңдауына;
Тармақша 5
5) кінәсі бойынша жұқпалы аурулар эпидемияларына, мал індеттеріне немесе адамдар арасындағы тамақтан жаппай улануға жол берген лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатуына, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиісті органдарға материалдар жолдауына;
Тармақша 6
6) облыс әкімияты мен әкімінің қарауына жұқпалы аурулардың профилактикасына және деңгейін төмендетуге, сондай-ақ тамақтан уланудың алды алуға байланысты мәселелер енгізуіне құқы бар.
Тарау iii. III. Жұмысты ұйымдастыру
III. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия ағымдағы және болашақтағы мәселелерді шешуді көздейтін мынадай жұмыс жоспарын жүргізеді.
Тармақша 1
1) жұқпалы аурулардың және тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуының алдын алуды;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалардың жұқпалы аурулардың профилактикасы және оның таралуының алдын алуы жөніндегі Қазақстан республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және облыс әкімінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ комиссияның шешімдерін орындауды.
Тармақ 8
8. Комиссия қалыптасқан эпидемиялық және мал індеті жағдайын ескере отырып, жоспарлы немесе кезектен тыс мәжіліс өткізеді және қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және ол орындау үшін заңды тұлғалар мен азаматтарға жолданады. Хаттамаға мәжіліске төрағалық етуші адам мен жауапты хатшы қол қояды.