О работе областного управления внутренних дел по усилению борьбы с преступностью и укреплению правопорядка в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыста қылмысқа қарсы күресті күшейту және құқық қорғауды нығайтудағы ішкі істер басқармасының жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облысы мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты.
Облыстық ішкі істер басқармасы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыскерлікпен күресу жөніндегі шараларды жүзеге асырып отырғанын облыстық Мәслихат атап өтеді.
Ішкі істер органдарын реформалау және құрылымдық тұрғыда қайта құру жұмысы жүргізілді. Жетекші қызметтер құрамының сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.
1997 жылғы жұмыстардың қорытындыларына сәйкес тіркелген қылмыстардың жалпы саны облыс бойынша алғанда біршама төмендетілді.
Қылмыстардың ашылуы жақсара бастады, үстіміздегі жылдың бес айы ішінде ол 62,3 процент құрады.
Өткен жыл ішінде ішкі істер басқармасының бөлімшелері наркобизнеске және наркоманияға байланысты 856 қылмыс пен құқық бұзушылықты әшкереледі.
Дегенмен, қылмысқа қарсы күресті күшейту және құқық тәртібін қорғауды нығайту, құқық және азаматтардың заңды мүдделерін қойнауға бағытталған жұмыс жеткілікті түрде тиімді емес және уақыт талаптарына сай келмейді.
Тіркелген қылмыстардың жалпы санының біршама төмендегеніне қарамастан қылмыскерліктің құрылымы мен ырғағында теріс тенденцияның сақталуы жалғасуда, криминогендік жағдай әлі де күрделі.
Барлық жерде дерлік, әсіресе Ақтөбе қаласында, Қарғалы, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Шалқар аудандарында зорлаумен, қатыгездікпен байланысты қауіпті қылмыстардың саны өсіп келеді, қылмыскерлік барған сайын ұйымдасқан түрге айналуда. Есірткі тасымалдау және сатуға байланысты құқық бұзушылық кең қанат жайып келеді.
Облыста көшеде жасалатын және рецидивтік қылмыскерліктің өсуі байқалады, мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 21,6 % өсті.
Аудан әкімшіліктері жанындағы маскүнемдікпен күресу жөніндегі комиссиялар қағаз жүзінде ғана жұмыс жасайды, маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын-алу бойынша нақты іс-әрекет байқалмайды, спирттік ішімдіктердің саудасын тәртіпке келтіру жөнінде жергілікті жерлерде қабылданған актілер орындалмайды, құқық бұзушылықтың, атап айтқанда маскүнемдіктің алдын алуға арналған кәсіпорындардағы, ұйымдар мен мекемелердегі қоғамдық
құрылымдар өз өздерін таратты.
Ауылдық жерлерде мал ұрлау көбейді.
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыскерлік деңгейі облыс бойынша жоғары болып отыр. Әйтеке би, Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандарында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол берілген.
Кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссия да жас құқық бұзушылар тарапынан орын алатын заңға қайшы келетін әрекеттерді жою бойынша жұмысты өз деңгейінде жүргізбейді.
Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық келісім, мәдениет басқармалары жастар мен кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жеткілікті түрде шаралар қабылдамайды.
Мемлекеттік, қоғамдық меншікке, азаматтардың жеке мүліктеріне қол сұғу қылмыстың ең көп етек жайған түріне айналды, қылмыскерлік құрылымында оның үлес салмағы 55,4 процент құрайды.
Жасалған қылмыс үшін міндетті түрде жазалау принципі әр азаматтың қылмыстық әрекеттерден қорғалуын тиісті органдар тарапынан қамтамасыз етеді. Бірақ бұл принциптің жүзеге асырылуына қылмыстардың ашылуы проблемасы кедергі келтіреді, ол тұрғындардың мазасын кетіріп, қорғансыздық сезімін тудырады.
Ішкі істер органдарының учаскелік уәкілдерінің мәртебесін нығайту бойынша жеткілікті дәрежеде шаралар қабылданбайды.
Кейбір ауылдық округтерде олар жасақталмаған. Қоғамдық пікірді зерттеу көрсеткеніндей, Ақтөбе қаласы тұрғындарының басым көшпілігі өздерінің учаскелік уәкілдерін бөлімшіліктерін білмейді.
Ішкі істер органдарындағы жауапкершілік және атқарушы тәртіп деңгейі жақсартуды керек етеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері өз арына бірнеше мәрте кір жұқтырды. Өткен жыл ішінде 114 қызметкер теріс әрекеттері үшін жұмыстан қуылса, 9 қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алға, Ырғыз, Мәртөк, Қобда, Темір және Ойыл аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметінде айтарлықтай кемшіліктер бар.
Облыстық ішкі істер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде үлкен қиындықтар кезігуде, әсіресе бұл жағдай Алға, Байғанин, Мәртөк аудандарында төмендеу.
Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыскерлікпен күресу
мәселелері жөніндегі актілерінің талаптарын орындау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдары жергілікті дәрежеде шаралар қабылдап отырған жоқ.
Облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қылмыспен күрестің жеткіліксіз ұйымдастырылуы мен құқық тәртібінің нығайтылуына, ең алдымен оның ұйымдасқан түрлеріне, маскүнемдік, мемлекет меншігіне, азаматтардың жеке мүлкіне, басқа да қауіпті қылмыстарға облыстық ішкі істер басқармасының, жергілікті өкімет органдарының назары аударылсын.
Тармақ 2
2. Ішкі істер басқармасы (С. А. Есімов):
■ 1998-2000 жылдары қылмыспен күресу және құқық тәртібін нығайту жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың облыстық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ай сайын қаралсын және жүргізілетін жұмысты белсендірек етуге бағытталған шаралар қабылдансын;
■ ішкі істер органдарының жаңа жағдайларда жұмыс жасауы үшін қайта құру, оперативтік-кәсіби қызметтің тиімділігін күшейту, заңдылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, тұлға, қоғам, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша түбегейлі шаралар қабылдансын;
■ қылмыстарды ашу, қылмыстық көріністерден сақтану, ең соңғы нәтиже үшін әр қызметкердің жауапкершілігін арттыру бойынша
атқарылатып жұмыс тиісті деңгейге көтерілсін;
■ қылмысты істердің сапасыз және уақтылы емес тексерілуіне жол бермейтін болсын;
■ өз кәсіби парызын мүлтіксіз орындауға бағытталған жеке құрамды тәрбиелеу ісін ұйымдастыру және тәрбиелік сипаттағы тұтастай шаралар кешені жүзеге асырылсын;
■ ішкі істер органдарына жұмысқа адами тұрғыдан алғанда кіршіксіз, жоғары кәсіби дайындықты азаматтық ержүректілікпен, адалдықпен ұштастыра білетін, қылмысқа қарсы тұра алатын адамдардың алынуын қатаң бақылайтын болсын;
■ жол-патрульдық полиция, учаскелік уәкілдер, патрульдық күзет орнында және милицияның төлқұжаттық қызметтерінің жұмысында дәлдікті, жұмыстағы мәдениетті арттыруға назар аударылсын;
■ учаскелік уәкілдердің қолда бар штаттық санын жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардан жасақтауды қамтамасыз етіп, олардың өздеріне бекітіліп берілген әкімшілік бөлімшелеріндегі негізгі қызметімен байланысты емес міндеттерді орындатуға жол берілмесін;
■ қоғамдық пікірді зерттеу, оқу орындарының және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен тұрғындарға мақсатты түрде сауалнамалар жасау, хаттарды, өтініштер мен арыздарды, құқық қорғау органдарына, газеттер редакцияларына жасаған азаматтардың ауызша үндеулерін сараптау және жалпылау бойынша жұмыс ұйымдастырылсын;
■ құқық тәртібі мен қылмыскерліктің жағдайы, онымен нақты аймақтар мен жекелеген нысандардағы күрес шаралары туралы хабарламаларды түрлі формалар, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып тұрғындардың еңбек ұжымдарының назарына жеткізіп отырсын;
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласының және аудандардың өкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттар құқық қорғау органдары, кәсіпорындар мен мекемелер, оқу орындары басшыларының қылмыстың алдын алу, құқық тәртібін бұзу, ұрлық-қарлық, шаруашылық қызмет саласындағы бұрмалаушылық жағдайы туралы есептері мен хабарламаларын жүйелі түрде тыңдап тұрсын.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандандырылған атпен күзету қызметін ұйымдастыру туралы мәселе қаралып, шешілсін.
ІІМ-нің кәсіби дайындық училищесі мен Есет батыр атындағы облыстық арнайы орта мектепке оқу-материалдық баға құруға қолдау көрсетілсін. Облыс орталығындағы барлық бағдаршам нысандарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге қосымша қаржы іздестірілсін.
Тұрғындармен тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында құқық тәртібін қорғауға жұртшылықты тартудың түрлері анықталып, өмірге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Еңбек ұжымдары мүшелерінің құқық бұзуына, товарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаржыға қол сұғуына жағдай туғызатын себептер мен шарттарды жою жөніндегі құқық қорғау органдарының ұсыныстары мен жазбалары бойынша облыс кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің басшылары меншік иелегіне қарамастан мәселені шұғыл қарап, шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Ақпарат және қоғамдық келісім, ішкі істер және білім басқармалары жастар мен кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өкімет органдары мен басқарманың іс-әрекет бағдарламасын жасап шығарсын және жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық және аудандық газеттердің редакциялары, облыстық радиотелекомпания облыстағы құқык, тәртібінің жағдайын, қылмыспен, заңдарды бұзумен күрес жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын терең және шындықпен пайымдап жарыққа шығарып тұрсын, тұрғындарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеуге белсенді түрде атсалыссын.
Қоғамдағы құқық тәртібі мен заңдардың орындалуы мүмкіндігінше тезірек қамтамасыз етілмейінше әлеуметтік саяси және экономикалық өмірдің тұрақтандырылмайтындығын, сондай ақ экономикалық реформаларды жүргізу қажеттігін назарда ұстанған облыстық Мәслихат барлық меншік иелігіндегі шаруашылық субъектілерінің басшыларын, облыс азаматтарын қоғамға қарсы
көріністермен күресте құқық қорғау органдарына, қылмыстарды ашу және тергеуге қолда бар арналардың барлығын, оның ішінде сенім телефондарын пайдалана отырып көмек көрсетуге шақырады.