Об организации борьбы с отдельными видами хищных зверей Күшін жойған
Басқа 0
Жыртқыш аңдардың кейбір түрлеріне қарсы күресті ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.10.2003 № 51 шешімімен.
Ауыл шаруашылығына жыртқыш аңдардың тигізіп отырған экономикалық залалдығының ұлғаюын ескере отырып және облыс аумағында олармен күрес жүргізу шараларын ұйымдастыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының шығыстар сметасында 2001 жылы қасқырларды атуды ұйымдастыруға қаржы бөлу қарастырылсын. Келешекте жыл сайын облыстық арнайы уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкес аталған мақсатқа қаржы бөлу қарастырылып отырылсын.
Тармақ 2
2. Аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында әрбір ауланған ірі қасқырға 3000 теңге (терінің құнын есептемегенде), бөлтірік үшін 1500 теңге, шиебөрі үшін 600 теңге мөлшерінде сыйақы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасымен (Ж.Тұрғанов, келісімі бойынша), "Оңтүстік орманы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (А.Б.Қыстаубаев, келісімі бойынша) бірлесіп жергілікті аңшыларды кеңінен тарта отырып, тұрақты аңшылық бригадаларымен қасқырларды атуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Оңтүстік орманы" РМК-нына ауланған жыртқыштардың терілерін жинау,
қабылдау, өңдеу мәселесін шешу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандардың әкімдері, облыстық орман және биоресурстар жөніндегі
аумақтық басқармасы атқарылған жұмыс туралы жыл сайын 1 маусымға және 1
қаңтарға қарай облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.
Тармақ 6
6. Шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялансын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Р.С.Халмұрадовқа жүктелсін.