Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных судебных исполнителей форменной одеждой (без погон) Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________Б.Сұлтанов 2015 жылғы 9 ақпан
Басқа 0. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 05 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары Р/с № Заттардың атауы 1 адамға арналған заттар саны (дана) 1 затты кию мерзімі (жыл) 1 2 3 4 Ерлердің нысанды киімі 1. Қара көк түсті фуражка 1 5 2. Ашық сұр түсті цигейкадан тігілген құлақшын 1 3 3. Қара көк түсті жылы күрте 1 3 4. Күнделікті қара көк түсті күрте 1 3 5. Қара көк түсті китель 1 2,5 6. Қара көк түсті галстук 1 4 7. Жарық шағылыстырғыш таспасы бар көк түсті кеудеше 1 3 8. Қара көк түсті балағы сыртқа шығып тұратын жартылай жүн қосылған матадан тігілген шалбар 2 2 9. Көгілдір түсті, ұзын жеңді, мақта-матадан тігілген жейде 2 1 10. Көгілдір түсті қысқа жеңді мақта-матадан тігілген жейде 2 1 11. Қара түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген қолғап 1 1 12. Сұр түсті жүн қосылған матадан тігілген мойын орамал 1 3 Нысанды киімнің жеке заттары 13. Шеврон 2 мерзімі шектелмеген 14. Кокарда 2 мерзімі шектелмеген 15. Жетон 1 мерзімі шектелмеген 16. Танымбелгісі 2 мерзімі шектелмеген Аяқ-киім 17. Қара түсті былғары туфли 1 1 18. Теріден жасалған қара түсті, қысқа қонышты, қысқы былғары етік 1 4 Әйелдердің нысанды киімі 19. Қара көк түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген пилотка 1 5 20. Ашық сұр түсті цигейка құлақшыны 1 3 21. Қара көк түсті жүн қосылған матадан тігілген берет 1 5 22. Қара көк түсті китель 1 2,5 23. Қара көк түсті галстук 1 4 24. Жарық шағылыстырғыш таспасы бар көк түсті кеудеше 1 3 25. Қара көк түсті жылы күрте 1 3 26. Қара көк түсті күнделікті киетін күрте 1 3 27. Қара көк түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген белдемше 2 2 28. Қара көк түсті балағы сыртқа шығып тұратын жартылай жүн қосылған матадан тігілген шалбар 2 2 29. Көгілдір түсті, ұзын жеңді, мақта-матадан тігілген жейде 2 1 30. Көгілдір түсті, қысқа жеңді, мақта-матадан тігілген жейде 2 1 31. Қара түсті жартылай жүн қосылған матадан тігілген қолғап 1 1 32. Сұр түсті жүн қосылған матадан тігілген мойын орамал 1 3 Нысанды киімнің жеке заттары 33. Шеврон 2 мерзімі шектелмеген 34. Кокарда 2 мерзімі шектелмеген 35. Жетон 1 мерзімі шектелмеген 36. Танымбелгісі 2 мерзімі шектелмеген Аяқ-киім 37. Өкшесі биік емес, қара түсті былғары туфли 1 1 38. Теріден жасалған қара түсті, ұзын қонышты, қысқы былғары етік 1 4