О Правилах содержания и выгула собак и кошек Күшін жойған
Басқа 0
Иттер мен мысықтарды ұстау және
серуендету Қағидасы туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Басқа 3
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 21
қаңтардағы № 32/2 шешімімен
бекітілген
Иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету
Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы (әрі қарай-Қағида) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар, меншіктік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады (әрі қарай-иелері).
Тармақ 3
3. Қағидалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары
2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды (әрі қарай- жануарлар) ұстаушы иелеріне санитарлық-эпидемиологиялық Қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) Қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтау қажет.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерінде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға рұқсат етіледі, бірақ иттерді тұрғын-үй жайларда және көппәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
Тармақ 6
6. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда, көп қабатты үйлердің және тұрғын-үй жайлардың маңында (иелерге жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану және басқа заттық құқығында) үй маңындағы жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерде жануарларды ұстауға және әкелуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 8
8. Жеке тұрғын-үй жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, үй-жайдың кіреберістегі қақпасында иттің барлығы жөнінде ескерту кестесі болуы қажет.
Тармақ 9
9. Жануарлар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, кәсіпорындар мен мекемелердің жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептелінеді және жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы бақылаусыз жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйымдармен аулану тиіс.
Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.
Тармақ 10
10. Иттерді таластыруды ұйымдастыру мен өткізуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ит пен мысық басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды және қараусыз (бақылаусыз) жануарларды ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсырылуы тиіс.
Тармақ 12
12. Иттер мен мысықтардың иелері жануарларын ветеринарлық мекемелерден ветеринарлық паспорттар алу жолымен тіркеуі қажет.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
Тармақ 13
13. Жануарлардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 3
3) құтыру ауруына шалдығуы мүмкін деп күдіктену ретінде қарауға тиісті, адамдарды жануарлардың тістеуі, сілекейлеуі, тырнап алуы туралы барлық жағдайларды ветеринарлық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне дереу хабарлауға;
Тармақша 4
4) жануардың кенеттен құлауы жағдайында, ауруы күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландыруға немесе қоғамдық көліктерді пайдаланбай, жануарды шұғыл ветеринарлық дәрігерге апарауға;
Тармақша 5
5) жануарлар өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріссіз шаралар қолдануға;
Тармақша 6
6) өздерінің жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинация және диагностиканы қамтамасыз етуге.
Тармақ 14
14. Үй жануарларының құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда кейін жойылуға тартылады.
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою және жою «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асады.
Тарау 4. 4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
Тармақ 15
15. Иелері иттер мен мысықтарды серуенге шығарғанда келесілерді орындауы тиіс:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің телімдерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де жануарлар кіреберістерде, баспалдақ алаңдарда, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарында экскременттерін қалдырса, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинайды;
Тармақша 2
2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендетуді жүзеге асады;
Тармақша 3
3) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстауға тиіс. Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде) тасымалдауға рұқсат етіледі;
Тармақша 4
4) халқы аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендету (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетуге қоршалған орындарда, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттердің тұмылдырығын шешпей, тізгіннен жіберуге болады;
Тармақша 5
5) иттерді түнгі уақытта серуендеткенде (23-тен 6 сағатқа дейін) олардың иелері жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтірмейтін, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдайды;
Тармақша 6
6) ішімдік ішкен тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде және көліктерде жүруге рұқсат етілмейді;
Тармақша 7
7) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, жануарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде шомылдыруға және жууға рұқсат етілмейді.
Тарау 5. 5. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары
5. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары
Тармақ 16
16. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 408-бабына сәйкес жауап береді.