Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының
білім беру ұйымдарының ішкі
тәртіптемесінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М.Мәкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2015 жылғы «13» қаңтардағы № 6 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2- тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз
болып табылады.
Тармақ 2
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме
қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігі) білім беру ұйымдарының әкімшілігі
білім беру ұйымдарының педагог және өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыттарының режимін белгілейді.
Тармақ 4
4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі
2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптеме қағидаларына:
білім беру ұйымдарының әкімшілігі және педагогтарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларына қолжетімділігін және таныстырылуын қамтамасыз етеді.