Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының
орта білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтің
жұмыс істеу қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М.Мәкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2015 жылғы «13» қаңтардағы №5
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Батыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Батыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы Конвенция, сондай-ақ осы қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтардың штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
Тармақша 1
1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын істеудің осы қағидаларын;
Тармақша 2
2) орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
Тармақша 3
3) аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерімен және облыстық білім басқармасымен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
Тармақша 4
4) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
Тармақша 5
5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын;
Тармақша 6
6) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындылары мен ұсынымдарын;
Тармақша 7
7) орта білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген
Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультацияларды, психологиялық қызметке сұраныс беруді) есепке алуды тіркеу журналын;
Тармақша 8
8) белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
Тармақ 6
6. Психологиялық қызметтің бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің және облыстық білім басқармасының бекіткен орта білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларына енгізіледі.
Тарау 2. 2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің
мақсаттары мен міндеттері
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің
мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтің мақсаты – орта білім беру ұйымдарында
білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Тармақ 8
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету,
өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) жылдам дамып келе жатырған ақпараттық қоғам жағдайында білім алушылардың табысты әлеуметтенуі үшін психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностика жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Тармақша 5
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың
проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Тармақ 9
9. Психологиялық қызмет өз жұмысын психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағыттарда жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Психодиагностикалық бағытқа:
Тармақша 1
1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
Тармақша 3
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша
қорытындылар мен ұсынымдарды дайындау кіреді.
Тармақ 11
11. Консультациялық бағытқа:
Тармақша 1
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға олардың сұранысы бойынша консультация және консультацияның қысқаша мазмұнын беру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
Тармақша 3
3) күйзеліс, жанжал, қатты эмоционалды күйзеліс жағдайында жүрген білім алушыларға психологиялық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) консультациялық жұмыстың кұпиялылығын сақтау және консультация жүргізу кезінде клиентті кодпен жазу кіреді.
Тармақ 12
12. Ағартушылық-профилактикалық бағытқа:
Тармақша 1
1) білім алушылар мен педагогтардің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік
өсуіне ықпал ету;
Тармақша 2
2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
Тармақша 3
3) педагогтарды аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
Тармақша 4
4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдардың жұмысына ықпал ету кіреді.
Тармақ 13
13. Түзету-дамытушылық бағытқа:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
Тармақша 2
2) білім алушылар мен педагогтардың тұлғалық, зияткерлік,
эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету кіреді.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік-диспетчерлік бағытқа:
Тармақша 1
1) педагог-психологтың кәсіптік құзыреттілігінің, функционалдық міндеттерінің шеңберінен шығатын және кең көлемдегі мамандардың қатысуын талап ететін проблемаларды шешу бойынша аралас-мамандармен (дәрігерлер, дефектологтар, логопедтер, тифлопедагогтар және басқалар) өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Тармақ 15
15. Психологиялық қызмет білім алушылармен және педагог қызметкерлермен жеке және топтық негізде диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық жұмыс түрлері кешенін жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген және жеке үй-жайда орналасқан педагог-психолог кабинетінің базасында жұмыс істейді.
Тармақ 16
16. Психологиялық қызметтің жұмысын өңірлік деңгейде аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері және облыстық білім басқармасы үйлестіреді.
Тармақ 17
17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 18
18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.
Тармақ 19
19. Педагог-психолог өз қызметінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде
шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны (қажеттілігіне қарай), психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
Тармақша 4
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістерін қолданады;
Тармақша 5
5) белсенді оқыту, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады;
Тармақша 6
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
Тармақша 7
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
Тармақша 8
8) білім алушыларға, педагогтарға, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
Тармақша 9
9) күйзеліс, жанжал, қатты эмоционалды күйзеліс жағдайында жүрген педагогтарға, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
Тармақша 12
12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың орта білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
Тармақша 13
13) орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу
бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
Тармақша 15
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
Тармақша 16
16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
Тармақша 17
17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
Тармақша 18
18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;
Тармақша 19
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
Тармақша 20
20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланыс жасайды;
Тармақша 21
21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне және облыстық білім басқармасына ұсыныспен шығады;
Тармақша 22
22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады;
Тармақ 20
20. Педагог-психолог:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 2
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
Тармақша 3
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын;
Тармақша 4
4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 21
21. Орта білім беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.