Об утверждении Положения о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін жәрдемақыларын беру тәртібінің бекітілуі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының XIV сессиясының 2002 жылғы 29 наурыздағы № 14/10-II шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Тұрмыс ұй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға ұйді ұстауға және ұй-коммуналдық қызметке ақы төлеу ұшін жәрдемақыларын беру тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жұктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында тіркелген соң кұшіне енгізілсін.
Басқа 4. Тұрмысы төмен азаматтарға ұйді ұстауға және ұй-коммуналдық қызметке ақы төлеу ұшін ұй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы
БЕКІТІЛГЕН
2001 ж. 27 наурызындағы
Шығыс Қазақстан облыстық
Мәслихатының
VIII сессиясының № 8/8-II
шешімімен
Тұрмысы төмен азаматтарға ұйді ұстауға және ұй-коммуналдық қызметке ақы төлеу ұшін ұй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Тұрғын ұй көмегі
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына ұйді ұстауға (жеке меншік тұрғын ұйді ұстаудан басқа) және ұй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу ұшін көмек көрсетіледі.
Тұрғын ұй көмегі - халыққа көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады.
Тұрғын ұй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын ұйдің иелері немесе оның жалгерлері болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына беріледі. Тұрғын ұй көмегі отбасының тұрғын ұйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар ұлесінен артқанда тағайындалады.
Тұрғын ұйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу ұшін шекті жол берілетін шығыс ұлесі отбасының жиынтық кірістерінің 30 пайызы мөлшерінде белгіленді.
Отбасының жиынтық табыстары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 2 және Қазақстан Республикасының ёлттық статистикалық агенттігі директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы № Р-1-14/124 бұйрықтарымен бекітілген C:\zaneditor\2017\кучина 23\BKO2\V970000306_ - 0"Жиынтық табысты есептеудің тәртібі туралы" Нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.
Әлеуметтік нормалар және тұрғын ұй көмегін есептеуге алынған ұйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді /сумен қамтамасыз ету қоқыс шығару және лифттерді қамту, газбен қамтамасыз ету, канализация электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету/ тұтыну нормативтерін жергілікті өкілетті органдар белгілейді.
Тұрғын ұй көмегін есептеу ұшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
Тұрғын ұй көмегін беру шарттары
Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын ұй (ұйі, пәтері) бар немесе тұрғын ұй жайын жалға (жалдауға) берген тұлға тұрғын ұй көмегін алу құқығынан айырылады.
Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемеген, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасыларға тұрғын ұй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішінде 50 жасқа толғандар /жынысына қарамастан, мұгедектерді кұтетіндер, кұтімге мұқтажды деп танылғандар немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар, сондай-ақ 4 және одан да көп балалары-ең кішкенесін 1 сыныпты бітіргенше (бірақ 9 жастан ұлкен емес) тәрбиелеумен айналысатындар кірмейді.
Тұрғын ұй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы ұшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын ұй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілерімен келісіледі және бақылауға алынады.
Тоқсан сайын тұрғын ұй көмегін алушыларды қайта аттестациялауды жұргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтінген айдың алдындағы 3 айдың коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы тұбіртектер тапсырылады.
Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, ұйді ұстауға және ұй-коммуналдық қызметке ақы төлеу ұшін тұрғын ұй көмегін белгілегенде, жиынды табыс бір есептік көрсеткішке кемиді.
Отбасының жиынтық табысын белгілегенде, туғанынан мұгедек және жетім балаларға берілетін жәрдемнің барлық тұріне кемиді.
Тұрғын ұй көмегіне ұміткер отбасыларына тұрғын ұй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) Үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) Үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының кәзіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) Үміткер некесі сот арқылы бұзылған немесе әкелігі дәлелденген, бірақ бұрынғы зайыбы немесе жұбайына (баланың әкесі немесе шешесі) алиментке талап қойылмаса, онда талаптанған сомаға 3 айдың ағымында қолданылып ең аз еңбекақыдан 25 пайыз мөлшерінде қосылады. Егер ағымдағы 3 айдың ішінде ұміткер (бөлінген әке немесе шеше) алиментке сот арқылы талаптанбаса, онда жәрдемақының тағайындалуы мен төлемі тоқтатылады;
Тармақша 4
4) Үміткер 7 жасқа дейінгі денсаулығына байланысты бала бақшаға бара алмайтын баланы тәрбиелейтін жұмыссыз болған жағдайда дәрігердің анықтамасының негізінде 6 ай алуға құқығы бар;
Тармақша 5
5) Үміткердің ұйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 6. Тұрғын ұй көмегінің мөлшері
6) Үміткер оқу орнының кұндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын ұй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
Тұрғын ұй жәрдемақыларын алуға ұміткер немесе алушы отбасылар анықтама және келесі тапсыруы керек; төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын ұйге құқық беретін құжат (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін), саяжай немесе жер учаскесі туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, алимент т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын ұйге ақы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы тұбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама (тоқсан сайын), жұмыссыздарға салық қызметінен анықтама (жартыжылдықта бір рет немесе басқа өзгерістер болса), ата-ананы іздеу туралы анықтама (жартыжылдықта 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын ұй көмегінің есептеуі енгізіледі.
Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
Аталған шарт-өтініш тұрғын ұй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
Электр қуаты, газ, тұрғын ұй тұтыну бойынша шығындар талаптану айдың алдындағы 3 айдың тұбіртектері бойынша есептеледі.
Тұрғын ұй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
Тұрғын ұй көмегін алушы және тұрғын ұй қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын ұй жәрдемақысын тоқсанға алады.
Тоқсандық ағымында қайта аттестациялаудан өтпеген отбасылар себептерге қарамастан, тұрғын жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында қайта аттестациялаудан өтпеген отбасылар себептерге қарамастан, сол тоқсанға тұрғын ұй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Екі тоқсан ағымында қайта аттестациядан өтпеген отбасыларына себептерге қарамастан, тұрғын ұй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын ұй көмегін алушылар 10 кұн ішінде тұрғын ұй қызметіне өз тұрғын ұйінің меншік нысандарының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының статусының өзгеруі туралы хабарлау керек.
Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы кұмән пайда болса тұрғын ұй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын ұй шығындары және отбасы мұшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар дұрыс ақпарат берулері міндетті. Керекті құжаттарды бермеген жағдайда тұрғын көмегі белгіленбейді.
Тұрғын ұй көмегі қызметіне жоғарылатылған немесе заңсыз өтемақы тағайындалған кұмәнді ақпарат берілсе, жалдаушы (ұй иесі) жыл бойы тұрғын ұй көмегін алу құқынан айырылады, ал заңсыз тұрғын ұй көмегі алынған сомасы заң белгілеген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тұрғын ұй көмегінің мөлшері
Тұрғын ұй көмегінің мөлшері жалдаушының (немесе меншік ұй иесі) өтемақы шаралары және отбасының осы мақсаттарға барынша көп жұмсайтын шығындары деңгейіндегі қамданған норма шегінде тұрғын ұйді ұстауға төленетін нақты төлем мен коммуналдық қызметті тұтынудың айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын ұй көмегінің мөлшерін есептеуге алынатын формула
П = МСПЖ - (tхд)
П - тұрғын ұй көмегінің мөлшері
МСПЖ - тұрғын ұйде барынша көп әлеуметтік төлем
t - тұрғын ұй төлеміне нормативтік шағым (=30%)
Д - отбасының жиынтық табыстары
Тұрғын ұй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тұрғын ұй көмегі жергілікті бюджет есебінен көрсетіледі.
Тұрғын ұй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тұрғын ұй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгей банкілері (ары қарай сәйкес банкілер) арқылы жұргізуі бекітілсін.
Тұрғын ұй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері және сәйкес банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен айқындалады.
Сәйкес банкілерінің филиалдары болмаған Қазақстан Республикасының елді мекендерінде, көрсетілген төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері айқындаған органдары арқылы жұргізіледі.