Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қордың құжаттарын қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
2-тарау. Қордың құжаттарын қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
Тармақ 2
2. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді. Қор құжаттарының құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қордың құжаттары ауқымы мен оларды сақтау мерзімдерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық қызметтің бағыттары бойынша қалыптасады. Қордың құжаттарын пайдалану қолайлы болу үшін материалдарды орналастыру схемасы берілетін көрсеткіштер жасалады.
Тармақ 4
4. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздері жасаған Қорға енгізілуге жататын геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын авторлық құқықтарын сақтай отырып өтеусіз береді. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.
Тармақ 5
5. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.
Тармақ 6
6. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қордың құжаттары жұмыс түрлері бойынша топтастырылады, жүйелендіріледі, есепке алынады, орналастырылады осы мақсатқа арнайы арналған үй-жайларда (қоймаларда) жұмыстардың түрлері бойынша сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. Қордың құжаттарын пайдалану және беру тәртібі
3-тарау. Қордың құжаттарын пайдалану және беру тәртібі
Тармақ 8
8. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.
Тармақ 10
10. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын Қордың құжаттарын мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі, және пайдаланып болғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайтарылуға жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
4-тарау. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
Тармақ 11
11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар): Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды жібереді:
Тармақша 1
1) «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
Тармақша 2
2) «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш; тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек); www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
Тармақша 3
3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтініш; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді және сәйкес болған жағдайда, Қорға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) алуға сұрау салуды жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қорға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады. Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
Тармақ 16
16. Мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.gov.kz/memleket/entities/mdai және Қордың www.nkgf.kz ресми сайттарында орналастырылатын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.
Тармақ 17
17. Қор екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мәлiметтерді беру туралы сұратуын алғаннан бастап жұмыс көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушіге төлем шотын жолдайды.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде Қордан төлем құжатын (түбіртегін) алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақыны төлеу қажеттілігін төлем құжатын (түбіртегін) көрсете отырып хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды. Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі. Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік қызметті алушымен төленбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдайды.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды. Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша: «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер); «құпия» белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде «құпия» белгісі бар мәліметтер; ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады. Қор мәліметтерді қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 22
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
Тармақ 1
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.
Тармақ 3
3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.
Тармақ 4
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.
Тармақ 5
5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, сандық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.
Тармақ 7
7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.
Тармақ 8
8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
Тармақ 9
9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.
Тармақ 10
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, мұрағат ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.
Басқа 1.2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­ріне жұ­мыс жос­пар­лан­ған учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бе­ру» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 3. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 2 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­де­зия және кар­то­гра­фия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен ке­ле­сідей жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» де­ген гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы­мен ке­ле­сідей жү­зе­ге асы­ры­ла­ды: 1. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі (19) он то­ғыз жұ­мыс кү­ні 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де: 1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; 2. «Құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу; Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған): 3. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі 1) «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін де­ген бел­гі­сі бар жос­пар­лан­ған жұ­мыс учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бұ­дан әрі – мә­лі­мет­тер) не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де («қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» бел­гі­сі­мен). 2) «құ­пия» бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: «құ­пия» бел­гі­сі бар мә­лі­мет­тер не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де («құ­пия» бел­гі­сі­мен). 3) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де: мә­лі­мет­тер неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де. 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Мә­лі­мет­тер­ді бер­ге­ні үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің (бұ­дан әрі – уәкі­лет­ті ор­ган) www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai және Қор­дың www.​nkgf.​kz. ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын «Мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 15-ба­бы­ның 13) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген мә­лі­мет­тер бе­ру жө­нін­де­гі жұ­мыстар­дың құ­ны­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан ақы ала­ды. 8 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 17.30-ға дей­ін бел­гі­ле­не­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді; 2) пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: 1) «қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: «қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек); 2) «құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: «құ­пия» гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш; тап­сы­рыс бе­ру­ші ұй­ым (мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты жұ­мыстар­дың тап­сы­рыс бе­ру­ші­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік ор­ган неме­се мем­ле­кет­тік ұй­ым) мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да­ғы бір­лес­кен және бас­қа жұ­мыстар жүр­гізу­ге ар­нал­ған шарт жо­ба­сы; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек); Пор­тал­ға: 3) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін: ашық пай­да­ла­ну­да­ғы ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған элек­трон­дық өті­ніш; же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­с­та­ға­ны ту­ра­лы тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­ды («элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮТШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы. 11 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке өті­ніш­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы жі­бе­ре­ді. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар, «құ­пия» гри­фі бар мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет қа­ғаз ны­сан­да ұсы­ны­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.3. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 3-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы __________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) ________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________ тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса)) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы)_________________________________________________________________________ Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның): _______________________________________________________________________________ Сұралып отырған «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер мен материалдардың тізбесі: ________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі _______________________________________________________________________________ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды алу жоспарланып отырған мерзім:_________________________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Күні ______ Өтініш беруші ________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Басқа 1.4. «Құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы ___________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) __________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) __________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса)) «Құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________________________________________________ Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):___ _________________________________________________________________________________ (азаматтығын көрсету керек) Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі: __________________________________________________________________________________ Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары рұқсатының нөмірі мен күні: _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты:__________________ _________________________________________________________________________________ (мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім:___________________________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен және өзге де жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы. Күні ______ Өтініш беруші ________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Басқа 1.5. Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 5-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне _______________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________ тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. [Жасалған күні] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Басқа 1.6
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 6-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болсы), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ________________________________ Нөмері _________ «___» _______ 20__ жыл Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады: [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]