Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Алматы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағы 24-1) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласының орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «30» қаңтардағы № 1/53 қаулысымен бекітілді Алматы қаласының орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Алматы қаласының орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң (бұдан әрi – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейдi.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызмет көрсету  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызмет орта бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтiң құрылымы бiлiм беру ұйымдарының тұрпатына, түрiне және қажеттiлiгiне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бiрлiк санына қарай айқындалады.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтiң құжаттамасы:
Тармақша 1
1) орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмысын ұйымдастыру қағидасын;
Тармақша 2
2) бiлiм беру ұйымының басшысы бекiткен Психологиялық қызметтiң күнтiзбелiк жұмыс жоспарын;
Тармақша 3
3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрi - психодиагностикалау), психологиялық тренингтердi, аталған бiлiм беру ұйымдарының басшылары бекiткен дамыту және түзету жұмыстарын;
Тармақша 4
4) бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен психологиялық сабақтардың, тренингтердiң және басқа да жұмыс түрлерiнiң әдiстемелiк әзiрлемелерiн;
Тармақша 5
5) психодиагностикалық әдiстемелердiң деректер банкi мен тiзбесiн;
Тармақша 6
6) бiлiм алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын, топтық психологиялық портреттерiн;
Тармақша 7
7) психологиялық тексерудiң нәтижелерiн, қорытындысы мен ұсынымдарын;
Тармақша 8
8) бiлiм беру ұйымы басшысының мөрiмен бекiтiлген психологиялық қызметтiң жұмыс түрлерiн (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдiстемелiк жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тiркеу журналын;
Тармақша 9
9) белгiленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бiр жыл) берiлетiн Психологиялық қызметтiң жұмысы туралы талдамалық есептердi қамтиды.
Тармақ 6
6. Психологиялық қызметтiң жұмыс қорытындысы жергiлiктi бiлiм органдары бекiткен бiлiм беру ұйымдарының есептiк құжаттамаларында қамтылады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Орта бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң мақсаттары мен мiндеттерi
2. Орта бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтiң мақсаты – бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы  әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Тармақ 8
8. Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру;
Тармақша 2
2) бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) бiлiм алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;
Тармақша 5
5) психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.
Тармақ 9
9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтiк-диспетчерлiк бағытта жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Психодиагностикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) бiлiм алушыларды психологиялық диагностикалау;
Тармақша 2
2) бiлiм алушылардың бейiмделуi, дамуы мен әлеуметтенуi мақсатында оларды кешендi психологиялық тексеру;
Тармақша 3
3) бiлiм алушылардың қабiлеттiлiгi, қызығушылығы мен икемдiлiгiн психологиялық диагностикалау;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 11
11. Консультациялық бағыттар:
Тармақша 1
1) бiлiм алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) бiлiм алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсiптiк өзiн-өзi айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргiзу;
Тармақша 3
3) күйзелiстiк, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелiстiк жағдайда болып табылатын бiлiм алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 12
12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) бiлiм алушылар мен педагогтердiң өзiн-өзi айқындауына, кәсiптiк өсуiне ықпал ету;
Тармақша 2
2) бiлiм алушылар бейiмсiздiгiнiң психологиялық алдын алу;
Тармақша 3
3) педагогтердi аттестаттауды әлеуметтiк-психологиялық қолдау;
Тармақша 4
4) әдiстемелiк бiрлестiктер мен педагогикалық кеңестiң және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.
Тармақ 13
13. Түзету-дамытушылық бағыттар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткiзу;
Тармақша 2
2) бiлiм алушылар мен педагогтердiң тұлғалық, зияткерлiк, эмоционалды-жiгерлiк, шығармашылық даму үйлесiмдiлiгi бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.
Тармақ 14
14. Әлеуметтiк-диспетчерлiк бағыттар:
Тармақша 1
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етiлетiн мамандардың кәсiптiк құзыреттiлiгi, функционалдық мiндеттерi шеңберiнен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргiзу;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкiн қалыптастыру;
Тармақша 3
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделi органдармен өзара iс-қимыл нәтижелерiнiң мониторингiн жүргiзу.
Тармақ 15
15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негiзде бiлiм алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлерi кешенiн жүргiзу үшiн жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлген педагог-психолог кабинетi базасында жұмыс iстейдi.
Тармақ 16
16. Психологиялық қызметтiң жұмысын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган үйлестiредi.
Тармақ 17
17. Психологиялық қызметтiң жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның iшiнде денсаулық сақтау жүйесiмен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 18
18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдiстемелiк бiрлестiгiмен, психологиялық орталықтармен, тәжiрибелi психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, бiлiм бөлiмдерiнiң әдiстемелiк кабинеттерiмен өзара әрекетеседi.
Тармақ 19
19. Педагог-психолог өз қызметiнде:
Тармақша 1
1) осы Қағиданы басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өзiнiң кәсiби құзыреттiлiгi және бiлiктiлiк талаптары шеңберiнде шешiм қабылдайды;
Тармақша 3
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелiктiк психология, әлеуметтiк психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация берудi және әлеуметтiк, практикалық және жас ерекшелiктiк психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетiстiктерiн бiлуi қажет;
Тармақша 4
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтiк-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтiк-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негiзделген әдiстемелерiн қолданады;
Тармақша 5
5) белсендi оқыту, әлеуметтiк-психологиялық тренинг байланыс әдiстерiн, жеке және топтық кәсiптiк консультациялар берудiң, бiлiм алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудiң заманауи әдiстерiн бiледi;
Тармақша 6
6) барлық оқу кезеңiнде бiлiм алушының жеке-психологиялық ерекшелектерiнiң психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
Тармақша 7
7) бiлiм алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
Тармақша 8
8) бiлiм алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсiптiк және басқа да мәселелердi шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетедi;
Тармақша 9
9) күйзелiстiк, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелiстiк жағдайда болып табылатын педагогтерге, бiлiм алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетудi жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) бiлiм алушылардың бейәлеуметтiк әрекеттерiнiң алдын алады және оларды уақытылы түзетудi жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзiнiң кәсiптiк құзыреттiлiгiн және бiлiктiлiгiн арттырады;
Тармақша 12
12) тиiстi кәсiби даярлығы жоқ адамдардың бiлiм беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзуге жол бермейдi;
Тармақша 13
13) бiлiм беру ұйымдарының әлеуметтiк саласын үйлестiрудi қалыптастыру және әлеуметтiк бейiмсiздiктiң туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
Тармақша 15
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 16
16) бiлiм алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениеттi қалыптастырады;
Тармақша 17
17) бiлiм алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтiк-диспетчерлiк жұмыстардың нысанын және әдiсiн таңдайды;
Тармақша 18
18) оқу-тәрбие үдерiсiн ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, бiлiм алушылардың, педагогтердiң жеке iстерiмен танысады;
Тармақша 19
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдiсiн жасауды талқылауға қатысады;
Тармақша 20
20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжiрибелi психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
Тармақша 21
21) Психологиялық қызметтiң жұмысын жақсарту мәселесi бойынша бiлiм беру органдарына ұсыныспен шығады;
Тармақша 22
22) пәндiк кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдiстемелiк кеңестердiң жұмысына қатысады;
Тармақ 20
20. Бiлiм беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсiби бiлiмi немесе «Практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетiнде алынған қосымша бiлiмiмен педагогикалық бiлiмiнiң, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық бiлiмi болуы керек.
Тармақ 21
21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме «Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 22
22. Педагог-психолог:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерiнiң нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушiлiк әдiстердiң барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негiздiлiгiн, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 2
2) Психологиялық қызметтiң есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргiзiлуiн және сақталуын;
Тармақша 3
3) кәсiптiк психологиялық этиканың сақталуын;
Тармақша 4
4) Психологиялық қызметтiң жұмысына берiлген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 23
23. Педагог-психолог әкiмшiлiк бағыт бойынша бiлiм беру ұйымының басшысына, кәсiптiк бағыты бойынша – бiлiм басқармаларында психологиялық қызметтiң жұмысына жетекшiлiк ететiн маманға бағынады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 24
24. Бiлiм беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтiң жұмысын қамтамасыз етедi.