Об определении лицензиаров в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении лицензиаров в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиарларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 18.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2015 86896_99898.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000069
- ЭКБ идентификаторы
- 86896
- Редакция идентификаторы
- 86896_99898
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:37
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
лицензиарларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиарлар болып айқындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 69 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 255-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 1254 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 66, 895-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 166 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 115-құжат).