О реорганизации закрытого акционерного общества "Национальные информационные технологии" Күшін жойған
Басқа 0
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.02.2003 № 212 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына сәйкес және мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымға біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамы оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі реттік нөмірі 25-2-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қаржы жүйелерін
ақпараттандыру орталығы
(ҚЖАО)
"
деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.