О Бюджетной комиссии по формированию проекта республиканского бюджета на соответствующий финансовый год Қолданыста
Басқа 0
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы
📌 Ескерту. 3-тармағын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 07.02.2002 № 801 Жарлығымен.
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 14-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі бюджеттік комиссия құру туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 Жарлығы, аталған Жарлықтың 4-тармағын қоспағанда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 Жарлығына өзгерістер енгізу
туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 438 Жарлығы.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 25 сәуірдегі
N 589 Жарлығына
қосымша
2002 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамы
Жандосов Ораз Әлиұлы
- Премьер-Министрдің орынбасары, төраға
Есенбаев
Мәжит Төлеубекұлы
- Қаржы министрі, орынбасар
Келімбетов Қайрат Нематұлы
- Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттік төрағасы, орынбасар
Коржова Наталья Артемовна
- Қаржы вице-министрі, хатшы
Комиссия мүшелері:
Аманбаев
Мұрат Ермаханұлы
- Премьер-Министр Кеңсесі
Басшысының орынбасары
Ахметов
Даниал Кенжетайұлы
- Премьер-Министрдің бірінші
орынбасары
Бурлаков
Леонид Николаевич
- Парламент Сенаты Аймақтық даму
және жергілікті өзін-өзі басқару
мәселелері жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Жәмішев
Болат Бидахметұлы
- Қаржы бірінші вице-министрі
Ертілесова
Жаннат Жұрғалиқызы
- Президент Әкімшілігі Басшысының
орынбасары
Кәкімжанов
Зейнолла Халидоллаұлы
- Мемлекеттік кіріс министрі
Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы
- Парламент Сенаты Экономика,
қаржы және бюджет жөніндегі
комитетінің төрайымы
(келісім бойынша)
Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы
- Экономика және сауда министрі
Марченко Григорий Александрович
- Ұлттық Банк төрағасы
Өтембаев
Ержан Әбілхайырұлы
- Президент Әкімшілігі Басшысының
орынбасары
Рогов
Игорь Иванович
- Әділет министрі
Тасмағамбетов
Иманғали Нұрғалиұлы
- Премьер-Министрдің орынбасары
Тұрысов
Қаратай Тұрысұлы
- Парламент Мәжілісі Қаржы және
бюджет жөніндегі комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Чиркалин
Иван Федорович
- Парламент Мәжілісі Экономикалық
реформа және аймақтық даму
жөніндегі комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Школьник Владимир Сергеевич
- Премьер-Министрдің орынбасары -
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Басқа 8. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 25 сәуірдегі
N 589 Жарлығымен
бекітілген
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы
ереже
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның (бұдан әрі - Комиссия)
қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау ii. II. Комиссияның міндеттері
II. Комиссияның міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау болып табылады.
Тарау iii. III. Комиссияның функциялары
III. Комиссияның функциялары
Тармақ 4
4. Комиссия оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тізбесін;
алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесін анықтайды;
Тармақша 2
2) шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің болжамды көлемдерін анықтау және кейіннен Комиссияның жұмыс органының Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізуі үшін олардың тізбесін анықтайды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткіштерін:
ішкі сыныптар бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін түсімдерді, оның ішінде республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алуларды;
республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитін);
тиісті қаржы жылының аяғындағы үкіметтік борыш лимитін;
мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенцияларды;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде республикалық бюджет шығыстарының және оны несиелендірудің бөлінетін лимитін қарайды және анықтайды;
Тармақша 4
4) келісуге енгізілген жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері бойынша Комиссияның жұмыс органы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жөнінде шешім шығарады;
Тармақша 5
5) республикалық бюджеттің жобасына енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген нысан бойынша дайындалған негіздемелер бойынша шешім шығарады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі енгізген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған, мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттерді алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
Тармақша 7
7) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының болжамды көрсеткіштерін:
ерекшеліктер бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемдерін, оның ішінде республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алуларды;
бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шығыстарының және оны несиелендірудің көлемдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенцияларды;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшерін;
тиісті қаржы жылының аяғындағы үкіметтік борыш лимитін;
мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитін анықтайды;
Тармақша 8
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген республикалық бюджеттің көрсеткіштері негізінде Комиссияның жұмыс органының алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 9
9) өзінің құзыреті шегінде Комиссияның жұмыс органы енгізетін өзге де мәселелерді қарайды.
Тарау iv. IV. Комиссияның құқықтары
IV. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да
ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды
сұратуға және оларды алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларын, ал олар болмаған
кезде - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссияның
отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар.
Тарау v. V. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі
V. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі
Тармақ 6
6. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
Парламенттің депутаттары (келісім бойынша);
мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және (немесе) олардың
орынбасарлары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы және (немесе)
оның орынбасарлары енеді.
Қажет болған жағдайда Комиссияның құрамына басқа да тұлғалар
енгізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 4
4) хатшы.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырыстары арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 11
11. Жұмыстың жоспар-кестесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінде анықталған мерзімдерге сәйкес Комиссия анықтайды.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысын көрсете отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға анықтайтын жағдайларда Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері бұрыштама қояды. Комиссияның қабылдаған шешімі Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, отырыстың хаттамасына қоса берілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар.
Тармақ 15
15. Комиссияның оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдері барлық мемлекеттік органдардың міндетті түрде қарауына және көрсетілген мерзімде орындауына жатады.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.
Тармақ 17
17. Комиссия анықтайтын мерзімдерге және күн тәртібіне сәйкес
Комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссияның
мүшелеріне, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және
жергілікті атқарушы органдарға тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын
дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінен
туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.
Тарау vi. VI. Комиссияның қызметін тоқтату
VI. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссияның қызметін тоқтатуға:
Тармақша 1
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Комиссияның қызметін тоқтату
туралы шешім қабылдауы негіз болады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін
тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының
Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыс
туралы есеп-хат жіберіледі.
Комиссияның есеп-хаты:
Тармақша 1
1) Комиссия талдап жасаған қорытынды құжатты;
Тармақша 2
2) Комиссия өзінің қызметін тоқтатуды қажет деп санайтын негіздерді
қамтиды.