О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
Тармақша 1
Тармақша 2
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларында: 15-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мазмұнына байланысты мыналарға: мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету; трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру; бюджеттік кредиттерді беру; бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру; күрделi шығыстарды жүзеге асыру; мемлекет мiндеттемелерiн орындау; нысаналы салым салу; нысаналы аударым. Бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін;».
Тармақ 2
2. Бюджеттік заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.