Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима Алмалинского района города Алматы» Күшін жойған
Басқа 0
«Алматы қаласы Алмалы
ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Алматы қаласы әділет органдарына оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «26» ақпандағы
№ 1/129 қаулысымен бекітілді
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аудан әкімінің актілерімен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74А.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Алмалинского района города Алматы».
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазасқстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімін - ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.
Тармақ 14
14. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38-баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығымен белгіленген:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері және бөлімдері қызметінің тиімділігінбағалау;
Тармақша 3
3) аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарму деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына сәйкес айқындалған:
Тармақша 1
1) Алмалы ауданының әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметтер көрсету:
спортшыларға спорттық разрядттар беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;
біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
азаматтардың хал актілерін тіркеу және туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.
Тармақша 5
5) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс құжаттамаларын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпиялылық режимін, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының нысанішілік ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;
Тармақша 8
8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, аппарат басшысының «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппарат басшысындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және тарату;
Тармақша 9
9) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;
Тармақша 10
10) аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мәжілістерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;
Тармақша 11
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 12
12) азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылауды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
Тармақша 14
14) өз құзыретінің шегінде әскери міндеттілі және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) қылмыстық-атқару инспекцисының сынақ қызметіндегі есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
Тармақша 18
18) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 19
19) Алматы қаласы Алмалы ауданының аумағында көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) жергілдікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 21
21) Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру;
Тармақша 22
22) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 23
23) кадр құрамына зерттеу жүргізу, ұсыныс әзірлеу және енгізу;
Тармақша 24
24) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) гендерлік аспектілерді қарау;
Тармақша 26
26) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцяларды жүзеге асыру;
Тармақ 16
16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және деректерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;
Тармақша 4
4) жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;
Тармақша 7
7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;
Тармақша 8
8) заңнамада көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқы бар.
Тарау 3. 3. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
3. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Тармақ 19
19. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты басшысы:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар,оған бекітілген штаттық санның шегінде өзгерістер енгізеді;
Тармақша 2
2) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Алмалы ауданының әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдердің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орыдалуын, құжаттардың өтуін бақылау жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 4
4) аудан әкіміне қол қою және қарау үшін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
Тармақша 5
5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар, қосымша ақылар және көтермелеулер мен тәртіптік жаза қолдану мәселесі жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізеді.
Тармақша 8
8) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылық жасайды және жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 9
9) Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі қабылдаған актілердің орындалуына қатысты келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;
Тармақша 11
11) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 20
20. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.