О территориальном изменении Саркандского, Аксуского и Алакульского районов Алматинской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандары аумақтарын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңындағы 40-баптың 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Сарқан ауданы әкiмiнiң Ақсу мен Алакөл аудандары жерлерiнiң бөлiгiн Сарқан ауданына беру туралы өтiнiш хатына сай Алматы облысының әкiмi мен Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жалпы көлемi 1423764,0 га шекараларындағы жер учаскелерi, соның iшiнде Ақсу ауданының жерiнен 97510,0 га Алакөл ауданының жерiнен 1326254 га жер қоса берiлген жоспарлы материалға сай Сарқан ауданына өткiзiлiп берiлсiн.
Тармақ 2
2. Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының әкiмдерi тиiстi жер пайдаланушылардың жердi есепке алу мәлiметтерiне өзгертулер енгiзсiн.