Об установлении ограничительных мероприятий на территории станции Каражингил поселка Сарышаган Актогайского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдың арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.