Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций в Республике Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұймдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 30.03.2007 № 61 (ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 14 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) және Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.
Тармақ 3
3. Банктердi тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.) осы қаулы және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің аумақтық филиалдары Банктердi тарату ісін бақылау басқармасынан осы қаулыны және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесiн алған күннен бастап төрт күннен аспайтын мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковқа жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 55 қаулысы БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi тарату ережесi Ескерту: Мәтіндегі "уәкілетті мемлекеттік орган", "уәкілетті мемлекеттік органға", "уәкілетті мемлекеттік органның", "уәкілетті мемлекеттік органды", "уәкілетті мемлекеттік органдарға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , " Сақтандыру қызметi туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Акционерлiк қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ерекшеліктерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетін құру және қызметінің ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілеттіктерін белгілейді. Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тарау 1. 1-тарау. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi таратуға рұқсат беру тәртiбi
1-тарау. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi таратуға рұқсат беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде уәкiлеттi органға ерiктi таратылуға рұқсат беру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ерiктi тарату туралы өтiнiш уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен бiрге ұсынылады:
Тармақша 1
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысының ерiктi тарату туралы шешiмi;
Тармақша 2
2) тарату комиссиясының, оның iшiнде филиалдарда немесе өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң мүшелiгiне кандидаттардың тiзiмi;
Тармақша 3
3) акционерлердiң жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi тарату туралы шешiмiн қабылдау күнiне барлық есепшоттардың талдамалары бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз мiндеттерiн толық орындауы үшiн меншiк қаражатының жеткiлiктi болуы жөнiнде мәлiмдейтiн аудиторлық қорытындымен расталған бухгалтерлiк баланс;
Тармақша 4
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттемелерiнiң сомасы туралы мәлiметтер болуы тиiс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар тiзiмi;
Тармақша 5
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша оның мiндеттемелерiнен тұратын сақтандыру портфелiн басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру (берiлген жағдайда) туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметiн тоқтатуға дайындық мерзiмi мен кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен iс-шаралар тiзбесi (жоспары мен кестесi).
Тармақ 3
3. Ерiктi тарату туралы өтiнiште сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттеме болуы тиiс.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ерiктi таратылуын жүзеге асыруға рұқсат алу жөнiндегi өтiнiштi барлық қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарастыруы керек.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жоспары мен кестесiне өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Тармақ 6
6. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi таратуға рұқсат беру және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды қайтару туралы шешiмi оның өтiнiш берушiге жiберiлген күнiнен бастап күшiне енедi. Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратуға рұқсат алу кезінде уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқаларын уәкілетті органға қайтарады. Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ерiктi таратуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы, бұл туралы бас тартудың негiздерiн көрсете отырып өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi таратуды жүзеге асыру тәртiбi
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi таратуды жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 9
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның ерiктi таратуға рұқсатын алғаннан кейiн заңды тұлғаларды тiркейтiн әдiлет органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жөнiнде дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бес жұмыс күні ішінде филиалдар мен өкілдіктерді есепке ала отырып, тарату комиссиясын құрады. Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру күнi ерiктi тарату процесiнiң басы болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Тарату комиссиясы құрылған күнiнен бастап он күндiк мерзiмде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi тарату жөнiндегi ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары өз талаптарын ұсынуы үшін шағым-талаптарды ұсыну тәртiбiн, мерзiмi мен мекен-жайын мiндеттi түрде көрсете отырып орталық әдiлет органының ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялауға мiндеттi. Шағым-талаптарды ұсыну мерзiмi тарату жөнiндегi ақпараттың жарияланғанынан бастап екi айдан кем болмауы тиiс.
Тармақ 13
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құрған күннен бастап және тарату процесi аяқталғанға дейiн:
Тармақша 1
1) ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысының, басқа органдар мен лауазымды тұлғалардың, оның ішiнде мүлiктi басқару және мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi өкiлеттiктерi, олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөнiндегi құқықтары осы Ережеде көзделгеннен басқа жағдайларда тоқтатылады;
Тармақша 2
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебiнен жүзеге асырылатын iс-әрекеттердiң оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясының төрағасы жасаған жағдайда немесе оларға берiлген сенiмхат бойынша заңды күшi болады;
Тармақша 3
3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмi "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерi жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда аяқталды деп саналады;
Тармақша 4
4) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлық берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбы және сыйақы есептеу тоқтатылады;
Тармақша 5
5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiне өндiрiп алуға белгiленген заңды шектеулердiң бәрi алынып тасталады;
Тармақша 6
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап тек сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясының атына берiлуi тиiс және осы Ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралуы тиiс.
Тармақ 14
14. Тарату комиссиясы кредиторларды табу және олардың талаптарын қанағаттандыру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дебиторларынан берешектi алу шараларын қабылдайды.
Тармақ 15
15. Таратуға байланысты барлық шығыстар таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаражаты есебiнен ғана жұмсалады. Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тарау 3. 3-тарау. Тарату комиссиясы
3-тарау. Тарату комиссиясы
Тармақ 16
16. Тарату комиссиясы өзi құрылған күннен бастап он күндiк мерзiмде осы Ережеде белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшылығынан қабылдау-өткiзу актiсi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн және құжаттарын қабылдап алады.
Тармақ 17
17. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының iсiн және мүлкiн басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер көшедi. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының iсiн оның iшiнде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуiн аяқтау үшiн шараларын қабылдайды. Тарату комиссиясы өзiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдау кезiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атынан iс-әрекет жасайды және дербес бола алады. Тарату комиссиясының шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 18
18. Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң негiзгi және қосымша төлемдерiнiң мөлшерiмен қоса тарату шығыстарының сметасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi.
Тармақ 19
19. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қызмет етуiне жеке жауап бередi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн орынбасары орындайды.
Тармақ 20
20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалы не өкiлдiктерi болса, оларды сол жерде құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясының бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады.
Тармақ 21
21. Бөлiмшенi тарату комиссиясы мүшелерiнiң iшiнен тағайындалған басшы (бұдан әрi - бөлiмше басшысы) басқарады. Бөлiмше басшысы өзiнiң қызметiн тарату комиссиясының төрағасы берген сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады. Бөлiмше басшысы және бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi.
Тармақ 22
22. Бөлiмше басшысы бөлiмшенiң қызметiне жауап бередi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалын және өкiлдiгiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес таратады.
Тармақ 23
23. Тарату комиссиясы мүшесiнiң бөлiмше басшысының, тарату комиссиясының тартылған қызметкерiнiң еңбекақы талаптарымен қоса, құқықтары мен мiндеттерi тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта) белгiленедi.
Тармақ 24
24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясының төрағасы оралымды басқарады, бөлiмше басшыларының жұмысын және бөлiмшенiң қызметiн бақылайды.
Тармақ 25
25. Төраға, бөлiмше басшысы және тарату комиссиясының мүшелерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының келтiрген зиян үшiн және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату барысындағы басқа да тәртiп бұзушылықтарға, олқылықтарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауап бередi. Асыра сiлтеу және басқа да заң бұзу фактiлерi байқалған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясы бұл жөнiнде белгiленген тәртiппен құқық қорғау органдарына хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 26
26. Алып тасталынды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 27
27. Тарату комиссиясы құрамының өзгеруi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзырына жатады.
Тармақ 28
28. Тарату комиссиясы:
Тармақша 1
1) "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мөртабандарын, мөрлерiн, ақпаратты электронды тасушылар, бағдарламалық қамтамасыз ету, бланктер және басқа да құжаттардың бәрiнiң қабылдау-өткiзу актiсiн жасай отырып тез арада қабылдайды;
Тармақша 2
2) қабылдау-өткiзу актiсi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн оның ішiнде мүлкiн қабылдайды;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кассасын тез арада түгендейдi, ақша қалдығын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ағымдағы есепшотына есептейдi;
Тармақша 4
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының банктiк есепшоттарын салыстырып тексередi, оларды жабады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату iсi басталған күннен бастап 10 күн iшiнде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы есепшотын ашады;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi таратуға және лицензиясын қайтарып алуға рұқсат беру туралы шешiмiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiмiнiң көшiрмелерiн акционерлердiң жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлары мен клиенттерiне көруге болатын жерге орналастырады;
Тармақша 6
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлерiн еңбек заңдарына сәйкес жұмыстан босатады;
Тармақша 7
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн анықтайды;
Тармақша 8
8) тарату мақсатына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атынан барлық активтердi басқарады;
Тармақша 8-1
8-1) өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерден тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары басшыларының атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату және оның қызметiн аяқтау мақсаттарына сай келетiн функцияларын орындайды;
Тармақша 10
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атынан талап ете алады және сотта сөйлейдi;
Тармақша 11
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпаратты электронмен тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 12
12) толық материалдық жауап беретiн адамдардың, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен бухгалтерлiк және басқа да есебiн өңдеудiң электронды жүйесiне кiре алатын адамдардың шеңберiн белгiлейдi;
Тармақша 13
13) тарату комиссиясы құрылған күнi бухгалтерлiк есеп беру архивiнiң деректер базасын электронды тасымалдаудан қағазға басып шығарады;
Тармақша 14
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының шарттарының (полистерiнiң) бланктерiн және сақтандыру агенттерiндегi қолма-қол ақша қалдығын алады;
Тармақша 15
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енгенге дейін болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды;
Тармақша 16
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының әрбiр кредиторына олардың ерiктi таратылуы жөнiнде жазбаша хабарлайды;
Тармақша 17
17) кредиторлардың тiзiмiн жасайды, қолдағы бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын белгiлейдi және талдау есебiнiң деректерiмен салыстырып тексередi;
Тармақша 18
18) кредиторлар туралы мәлiметтер болмаған жағдайда деректемелердi және жазбаша хабарлама беру мүмкiндiгiнiң болмау себебiн көрсете отырып акт жасайды;
Тармақша 19
19) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары кредиторларының талаптарының заңдылығын белгiлейдi және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бекiтiлген аралық тарату балансына сәйкес қанағаттандырады;
Тармақша 20
20) тарату комиссиясына жүктелген функциялар мен міндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн келiсiм-шарт негізiнде қажет мөлшерде қызметкерлер жалдайды;
Тармақша 21
21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн және құжаттарын сақтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
Тармақша 22
22) тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасайтын уәкiлеттi органның талап етуi бойынша тарату iсiне қатысты мәлiметтер бередi;
Тармақша 23
23) тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысының бекiтуiне ұсынады;
Тармақша 24
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды;
Тармақша 25
25) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады. Ескерту: 28-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 29
29. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоты оның бас офисі орналасқан жердегі екінші деңгейдегі банкте ашылады. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның iшiнде филиалдарының не өкiлдiктерiнiң барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотқа есептеледi. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында заңды және жеке тұлғалардың мiндеттемелерi болмаған жағдайда олардың жазбаша талап етуi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерiктi таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктiк есепшоттарына түскен ақшаны кешiктiрмей қайтарады. Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 30
30. Ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы, бөлiмшелердi ескере отырып уәкiлеттi органға белгiленген мерзiмде жасалған жұмыстар туралы есептi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да бередi.
Тармақ 31
31. Тарату жоспарында және кестесiнде белгiленген мерзiмдер бұзылған жағдайда тарату комиссиясы он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен қоса жазбаша түсiнiктеме, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысы қайта бекiткен тарату жоспары мен кестесiн ұсынуға тиiс.
Тарау 4. 4-тарау. Активтердi басқару және шағым-талаптарды қарау
4-тарау. Активтердi басқару және шағым-талаптарды қарау
Тармақ 32
32. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiне меншiктi мүлкi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерi кiредi және тарату массасын қалыптастыруға негiз болады.
Тармақ 33
33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес кешiктiрмей мүлiктi (активтердi), жеке есепшоттарды, сақтандыру шарттарын (полистерiн), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де шарттарын түгендеуге, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi қызметкерлерiн қатыстыра отырып баланстық есепшоттар мен меморандум есепшоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруге мiндеттi. Түгендеу нәтижелерi бойынша акт жасалады.
Тармақ 34
34. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының түгендеу жолымен анықталған барлық активтерi тарату массасына қосылады. Тарату басталғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансында көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 35
35. Барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де мiндеттемелерi бойынша шарттар қолда бар құжаттармен қоса сипатталады және кейiн салыстырып тексерген кезде есептiк-тiркеу құжаттарымен бiрге сипатталады. Айырмашылық анықталған не құжат болмаған жағдайда себебi көрсетiле отырып, акт жасалады.
Тармақ 36
36. Тарату комиссиясы бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн бағалайды. Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 37
37. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ақша кредиторлар мен акционерлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiк сату жоспарына сәйкес жария сауда арқылы сатуды жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Тарату комиссиясы тарату массасын толықтыру үшiн дебиторлық берешектердi өндiру, оның iшiнде орналастырылған сақтандыру резервтерi қаражатын қайтару жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 39
39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ерiктi тарату туралы шешiм қабылдауының нәтижесiнде мүлiктiк құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрілуі ықтимал заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен дауды тiкелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым-талап қояды. Кредиторлар - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына растау құжаттарының көшiрмелерiмен қоса жазбаша өтініш бередi.
Тармақ 40
40. Кредиторлардың талаптарында талаптың (негiзгi борыштың, сыйақының (мүдденiң), тұрақсыздық айыбының және басқа да айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшерi туралы жеке-жеке талаптың негiздемесiн және мөлшерiн растайтын құжаттарды (күшiне енген сот шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң борышты мойындауы және басқалар) қоса берiлген) мөлшерi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
Тармақ 41
41. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен кредитор арасында жасалған шартта өзге мерзiм көрсетiлмесе, шағым-талабы (өтiнiш) алынған күннен бастап екi апталық мерзiмде қаралуы тиiс.
Тармақ 42
42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы шағым-талапты (өтініштi) қарау кезiнде ұсынылып отырған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi тиiс. Егер шағым-талапқа (өтiнiшке) оны қарау үшiн қажет болып табылатын құжаттар қоса берiлмесе, өтiнiш берушiге құжатты ұсынудың, жолдағы почталық жiберiлiм уақытын қоспағанда 5 күннен кем болмауы тиiс мерзiмiн көрсете отырып сұрату жiберiледi. Шағым-талапта (өтiнiште) көрсетiлген мерзiмде талап етiлген құжаттар алынбаған жағдайда қолда бар құжаттар бойынша қаралады.
Тармақ 43
43. Шағым-талапты (өтiнiштi) алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiздi талаптарын тануға және оны шағым-талапты (өтiнiштi) қарау нәтижелерi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. Шағым-талапқа (өтiнiшке) берiлген жауапта:
Тармақша 1
1) Шағым-талапты (өтiнiштi) берушiнiң және жауапты жiберген тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелерi, жауап берiлiп отырған шағым-талаптың (өтiнiштiң) күнi мен номерi көрсетiледi;
Тармақша 2
2) Шағым-талапты (өтiнiштi) толық немесе iшiнара таныған жағдайда, егер олар ақшалай бағалауға жатпаса танылған сома немесе шағым-талапты (өтiнiштi) қанағаттандыру мерзiмi және тәсiлi көрсетiледi;
Тармақша 3
3) Шағым-талап (өтiнiш) толық немесе iшiнара ауытқыған жағдайда - шағым-талаптың (өтiнiштiң) ауытқуын негiздейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасай отырып ауытқу дәлелдерi көрсетiледi;
Тармақша 4
4) жауапқа тiркелген құжаттардың және басқа дәлелдердiң тiзбесi көрсетiледi.
Тармақ 44
44. Шағым-талап (өтiнiш) толық немесе iшiнара қайтарылған жағдайда, егер олар өтiнiш берушiде жоқ болса өтiнiш берушiге шағым-талаппен (өтiнiшпен) бiрге алынған құжаттар, сондай-ақ шағым-талаптың (өтiнiштiң) қайтарылуы негiзделген құжаттар қайтарылуға тиiс.
Тармақ 45
45. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хатпен, оның жiберiлуiн белгiлеудi қамтамасыз ететiн басқа да байланыс құралдарымен жiберiледi.
Тармақ 46
46. Шағым-талапты (өтiнiштi) беруге арналған мерзiм сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ерiктi таратылуы жөнiндегi хабарландыру баспасөзде жарияланған күннен бастап есептеледi және 2 айдан кем болмауы керек.
Тармақ 47
47. Шағым-талапты (өтiнiштi) беруге арналған мерзiм өткеннен кейiн, сондай-ақ барлық берiлген шағым-талаптарды (өтiнiштердi) қарағаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бiр ай мерзiмде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкiнiң құрамы туралы мәлiметтер, кредиторлар мәлiмдеген шағым-талаптар мен өтiнiштердiң тiзбесi, оларды қараудың нәтижелерi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талап етпеген берешектер, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бар активтердi түгендеу нәтижелерiн ескере отырып аралық тарату балансын жасайды. Филиалдары немесе өкiлдiктерi бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы филиалдар мен өкiлдiктердiң аралық тарату балансы ескерiле отырып жасалады.
Тармақ 48
48. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оның қосымшасын, оның iшiнде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн өкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда жасайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтедi.
Тармақ 49
49. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн кредиторлар талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында жасайды және "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында белгiленген кезектiлiкке сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 50
50. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары кiредi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы есепшотына ұсынылған соттардың сот шешiмдерi бойынша заң күшiне енген орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына берiледi. Орындау құжаттары танылған талаптар болып табылады және атқарылмаған сомалар мөлшерiнде тиiстi кезектiлiкпен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде есептеледi.
Тармақ 51
51. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекiтiлген аралық тарату балансының көшiрмесiн қосымшаларымен бiрге уәкiлеттi органға бередi.
Тармақ 52
52. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстардан басқасы тек аралық баланс пен оның қосымшалары бекiтiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Тарау 5. 5-тарау. Ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
5-тарау. Ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
Тармақ 53
53. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды тарату комиссиясы "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында көзделген тәртiппен оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiткен күннен бастап аралық тарату балансына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 54
54. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісіне байланысты шығыстар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енгенге дейін болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргізіледі. Тарату массасын мақсатқа сай емес жұмсауға, сондай-ақ қаражатты тарату комиссиясына еңбекақы төлеуге екі айдан астам мерзімге резервтеуге жол берілмейді. Ескерту: 54-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 55
55. Сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жөнiнде бiрнеше кредиторлардың талаптары түскен кезде олар талаптардың түсу кезегi бойынша қанағаттандырылады.
Тармақ 56
56. Әрбiр кезектiң талабы алдыңғы кезек талабы толығымен қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады. Бiр кезектегi кредиторлар талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында талап сомаларына тең етiп бөлiнедi.
Тармақ 57
57. Кредитор талабының тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай және (немесе) мүлiк түрiнде беру арқылы есептесудiң мөлшерлес принципiн сақтай отырып қанағаттандыруға болады.
Тармақ 58
58. Шағым-талап беру үшiн тарату комиссиясы белгiлеген мерзiм өтiп кеткеннен кейiн бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн кредиторлар берген талаптар белгiленген мерзiмде тапсырылған кредиторлардың талаптарын қанағаттандырылғаннан кейiн қалған, сақтандыру (қайта сақтандыру) мүлкiнен қанағаттандырылады.
Тармақ 59
59. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда немесе оларды қараудан жалтарғанда кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына шағым бере отырып сотқа жүгiнедi. Белгiленген мерзiмде берiлген, бiрақ соттың қанағаттандыру жөнiндегi шешiмiне қатысты тарату комиссиясы танымаған кредиторлардың талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшiн белгiленген кезектегi тәртiп бойынша қанағаттандырылады. Мұндай талаптарды толық қанағаттандырғанға дейiн кезектегi кредиторлар талаптарын қанағаттандыру бойынша есеп айырысу тоқтатылады.
Тармақ 60
60. Егер кредитор сотқа шағым бермесе және сот шешiмiмен кредитордың талаптарын қанағаттандыру жөнiнде бас тартылса тарату комиссиясы танымаған кредиторлардың талаптары өтелген деп саналады.
Тармақ 61
61. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен есеп айырысуды аяқтағаннан кейiн қалған мүлiктi тарату комиссиясы "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен акционерлер арасында бөледi.
Тармақ 62
62. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылып ерiксiз таратылады.
Тарау 6. 6-тарау. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетi
6-тарау. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетi
Тармақ 63
63. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында тарату комиссиясы кредиторлар комитетiн құрады. Кредиторлар комитеті өз қызметінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Ескерту: 63-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 64
64. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетi құрамының тiзiмiн тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде жасайды және оған тарату комиссиясының төрағасы қол қойып, бекiту үшiн дереу уәкiлеттi органға жiберiледi.
Тармақ 65
65. Кредиторлар комитетiнiң құрамына әрбiр кезектегi топтан кем дегенде бiр өкiлден таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптардың ең көп сомасы бар кредиторлар кiруге құқылы.
Тармақ 66
66. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң адам саны үштен тоғызға дейiнгi тақ саннан тұрады.
Тармақ 67
67. Кредитор кредиторлар комитетiнiң жұмысына қатысудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 68
68. Кредиторлар комитетi мүшесiнiң талабы толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетiнiң құрамынан алынып тасталады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнiң құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргiзедi және кредиторлар комитетiнiң жаңа құрамының тiзiмiн бекiту үшiн уәкiлеттi органға ұсынады.
Тармақ 69
69. Тарату комиссиясы комитеттiң бiрiншi мәжiлiсiн өткiзу орны мен күнi жөнiнде кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне хабардар етедi. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi мәжiлiсi кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей өткiзiлуi тиiс. Кредиторлар комитетi бiрiншi мәжiлiсте комитеттiң төрағасын сайлайды, оған дауыс беру рәсiмiнде дауыстар тең болған кезде шешушi дауыс құқығы берiледi. Кредиторлар комитетiнiң төрағасы комитеттiң жұмыс жоспарын жасайды және бекiтедi.
Тармақ 70
70. Кредиторлар комитетiнiң келесi мәжiлiстерi комитет айқындаған тәртiпте және мерзiмде шақырылады.
Тармақ 71
71. Кредиторлар комитетi:
Тармақша 1
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы процесiнде жасалатын барлық құжаттармен танысуға;
Тармақша 2
2) кредиторлардың құқықтарының және мүдделерiнiң бұзылуы жөнiнде шағымдарын қарастыруға қатысуға;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы процесiнде кредиторлардың құқықтарының, заңды мүдделерiнiң және заң талаптарының бұзылуы жөнiнде, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы мүшелерiнiң өз мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындамағандығы жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге;
Тармақша 4
4) тарату комиссиясының iс-әрекетiне сотқа және уәкiлеттi органдарға шағым беруге;
Тармақша 5
5) тарату комиссиясының мәжiлiстерiне және мүлiктi өткiзу бойынша аукциондарды қосқанда, таратылудың кез келген рәсiмiн жүргiзген кезде оған қатысуға құқығы бар кредиторлар комитетiнiң мүшелерi арасынан кредиторлардың өкiлдерiн сайлауға;
Тармақша 6
6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы жағдайы жөнiнде ақпаратты талап етуге;
Тармақша 7
7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегiнiң өндiрiп алу мүмкiн емес көлемiн бекiтуге;
Тармақша 8
8) тарату комиссиясы ұсынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын сату жоспарын бекiтуге;
Тармақша 9
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін есепке ала отырып төраға мен тарату комиссиясының мүшелерiне төленетiн негiзгi және қосымша төлеммен қоса, тарату шығыстарының сметасын бекiтуге;
Тармақша 10
10) жекелеген кредиторларды хабардар ету мүмкiн еместiгi жөнiнде тарату комиссиясының актiсiн бекiтуге;
Тармақша 11
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлiктi есептен шығару туралы тарату комиссиясының актiсiн бекiтуге құқылы. Ескерту: 71-тармаққа өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 72
72. Кредиторлар комитетiнiң мәжiлiстерi хаттамасы ресiмделедi.
Тармақ 73
73. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.
Тармақ 74
74. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қалған кредиторлары кеңес беру дауысы құқығымен кредиторлар комитетiнiң мәжiлiстерiне қатысу құқығына ие болады.
Тарау 7. 7-тарау. Уәкiлеттi орган
7-тарау. Уәкiлеттi орган
Тармақ 75
75. Уәкiлеттi орган "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 9 тармағына сәйкес өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 76
76. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) тарату комиссиясы ұсынатын есептердiң және қосымша ақпараттардың нысанын, мерзiмiн және кезеңiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитетiнiң тiзiмiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) алынып тасталды ;
Тармақша 4
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылау бойынша өзге де өкiлеттiктерi болады. Ескерту: 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 77
77. Тарату процесi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi орган кредиторлар комитетiнiң, жекелеген кредиторлардың немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң сұранысы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн тексеруге құқылы.
Тармақ 78
78. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн тексеру немесе уәкiлеттi органға ұсынылған мәлiметтердi талдау нәтижесiнде кредиторлардың және акционерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталғанда, сондай-ақ тарату процесiн жүргiзуде заңмен реттелген тәртiп бұзылғанда, уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына мұндай құқық бұзуды олар белгiлеген мерзiмде жою туралы орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқама жiбередi.
Тармақ 79
79. Тарату комиссиясы белгіленген мерзімде жазбаша нұсқауды орындамаған жағдайда уәкілетті орган кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына өтініш береді. Ескерту: 79-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 80
80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратуды аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда уәкiлеттi орган оны ерiксiз тарату жөнiнде сотқа шағымдануға құқылы.
Тарау 8. 8-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуының аяқталуы
8-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуының аяқталуы
Тармақ 81
81. Таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуды аяқтағаннан кейiн тарату комиссиясы тарату балансын және тарату жөнiнде есептi жасайды.
Тармақ 82
82. Тарату комиссиясы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есеп және тарату балансы акционерлердiң жалпы жиналысымен бекiтiледi және ол әдiлет органдары мен уәкiлеттi органға жiберiледi.
Тармақ 83
83. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қайта тiркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу үшін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Ескерту: 83-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 19.01.2004 N 9 қаулысымен.
Тармақ 84
84. Тарату комиссиясының өкiлеттiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды тiркеу туралы әдiлет органының бұйрығын алғаннан кейiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтау үшiн архивке тапсырып, бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар еткеннен кейiн тоқтатылады.
Тарау 9. 9-тарау. Қорытынды ережелер
9-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 85
85. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.