О внедрении на территории области Санитарного паспорта на транспорт единого образца Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағындағы көлiкке бiрегей үлгiдегi Санитарлық паспорт енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк санитарлық Бас дәрiгерiнiң 1997 жылғы қазанның 7-гi "Республика аумағында көлiкке санитарлық паспорт енгiзу туралы" қаулысын жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың жұқпалы аурулармен ауруының алдын алу және науқастану жағдайларын азайту мақсатында облыс Әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң басшылары, меншiк түрiне қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер мiндеттелсiн: - азық-түлiк, азық-түлiк шикiзаттарын, ауыз суын тасымалдайтын көлiктi, оған жаңа үлгiдегi "санитарлық паспорт" бере отырып, қайта тiркеуден өткiзудi жүзеге асыруға. 📌 Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Әкімінің 1998.01.07. N 7-221 шешімімен.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Талдықорған, Текелi, Қапшағай қалаларының әкiмдерi бiрегей санитарлық паспорттардың қажеттiлiгi мен оларды аудандар мен қалалардың аумағында енгiзу механизмiн анықтасын.
Тармақ 3
3. Облыстық Мемлекеттiк санэпидқадағалау басқармасы, жол полициясының облыстық басқармасы "Көлiкке санитарлық паспорт" енгiзу iсiне бақылауды қамтамасыз етсiн. Рейдтiк тексерулердiң қорытындыларын аудандар әкiмдерiнiң қарауына енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмiнiң орындалуына бақылау жасау облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы Ә.Қ. Талқымбаевқа және облыстық жол полициясы басқармасының бастығы К.Ә. Әшiровке жүктелсiн.