Об утверждении Правил лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства Күшін жойған
Басқа 0
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.20. N 615 қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағаны "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
📌 Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, банкроттықтың алдын алу, дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1029 қаулысының 4-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 261-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тарау 7. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 28 сәуiрдегi
N 581 қаулысымен
бекітiлген
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметті лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының "Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) болып табылады.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1268 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Лицензия алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiледi.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия басты болып табылады.
Лицензия иелiктен айырылмайтын, яғни, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен өзгеше көзделмесе, лицензиатпен басқа тұлғаларға берілмейтiн болып табылады.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Тарау 2. 2. Лицензия алу үшін қажеттi құжаттар
2. Лицензия алу үшін қажеттi құжаттар
Тармақ 6
6. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша 2
2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 3
3) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлегенiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiнiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
жоғары заң және экономикалық бiлiмi туралы дипломдарының не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн дайындықтан өткенiн растайтын бiлiм беру ұйымы берген құжаттың көшiрмелерi;
жұмыс өтiлiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi.
📌 Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тарау 3. 3. Лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары
3. Лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары
Тармақ 7
7. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай біліктілiк талаптарына жауап беруi тиiс:
Тармақша 1
1) жоғары заң және экономикалық бiлiмiнiң болуы не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн бiлiм беру ұйымдарында дайындықтан өтуi;
Тармақша 2
2) экономикалық, қаржы, есеп-талдамалы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 8
8.
📌 Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тарау 4. 4. Лицензия беру туралы өтінiштердi қарау мерзiмдерi мен лицензия бергенi үшiн алым
4. Лицензия беру туралы өтінiштердi қарау мерзiмдерi мен лицензия бергенi үшiн алым
Тармақ 9
9. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен басқа мерзiм көрсетілмесе, өтiнішті барлық қажетті құжаттармен бiрге өткiзген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей берiледi.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 10
10. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртібi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
Тиiстi қызмет түрiмен кезең бойы айналысуға лицензия беру лицензия берген сәтке бiр жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Лицензия беруден бас тарту
5. Лицензия беруден бас тарту
Тармақ 11
11. Лицензия мынадай жағдайларда берiлмейді, егер:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң кесiмдерiмен тыйым салынса;
осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлген барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтінiш берушi көрсетiлген кедергiлерді жойған кезде, өтінiш жалпы негiздерде қаралады;
лицензия алымы енгізiлмесе;
өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтің осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса;
өтiнiш берушi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерін басқару жөнiндегi қызмет үшiн қойылатын белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе.
Тармақ 12
12. Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартқан кезде, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрдегi дәлелдi жауап беріледi.
Тармақ 13
13. Егер лицензия заң кесiмдерiмен және осы Ережемен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушiге бас тарту негiзсiз болса, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тарау 6. 6. Лицензияның әрекетiн тоқтату
6. Лицензияның әрекетiн тоқтату
Тармақ 14
14. Лицензия мынадай жағдайларда өз әрекетін тоқтатады: лицензия қайтарып алынса;
азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатса.
📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 15
15. Лицензия әрекетiнiң тоқтатылуына байланысты даулар сотпен шешiледi.
Тарау 7. 7. Лицензияны қайтарып алу және оның әрекетiн тоқтата тұру
7. Лицензияны қайтарып алу және оның әрекетiн тоқтата тұру
Тармақ 16
16. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда:
лицензиат осы лицензияланатын қызмет түрi үшiн қойылатын талаптарды орындамағанда;
жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға лицензиатқа сот тыйым салғанда;
лицензиар лицензияның әрекетiн тоқтата тұру себептерiн жоймағанда;
лицензиат лицензияны аларда алдын-ала терiс ақпарат бергенде сот тәртiбiмен қайтарып алынуы мүмкiн.
📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 17
17. Лицензияның әрекетi мынадай жағдайларда:
қызметті заңнама талаптарын бұза отырып жүзеге асырған кезде;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа жағдайларда тоқтата тұруы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Лицензияның күшiн тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы өтінiшті уәкiлетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен және негiздемеде сотқа жiбередi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшін сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгіленген айрықша жағдайларда, сотқа көрсетiлген мерзiмде мiндеттi түрде талап арызын көрсете отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесiм сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады.
📌 Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 19
19.
📌 Ескерту. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тармақ 20
20. Лицензиат лицензияның әрекетін тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. Сот лицензия әрекетін тоқтата тұру заңды екендiгі туралы шешкен кезде оны тоқтата тұрудың мерзiмi лицензиар осындай шешiм қабылдаған күнiнен бастап саналсын.
Тармақ 21
21. Лицензияның әрекетін тоқтата тұрған жағдайда, лицензиат анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға мiндетті, содан кейін лицензияның әрекетi лицензиардың жазбаша рұқсаты бойынша не соттың тиiсті шешiмiнде белгiленген өзгеше тәртiппен қайта жаңартылады.
Тарау 8. 8. Лицензияның көшiрмесiн беру және лицензияны қайта ресiмдеу
8. Лицензияның көшiрмесiн беру және лицензияны қайта ресiмдеу
Тармақ 22
22. Лицензиат лицензияны жоғалтып алған жағдайда, көшiрмесiн алуға құқығы бар. Лицензиар он күн iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiші бойынша лицензияның көшiрмесiн берудi жүргізедi. Бұл ретте лицензиат лицензия алымын төлейдi.
Тармақ 23
23. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол бұл туралы лицензиарға көрсетiлген деректердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде бiр ай мерзiмде хабарлауға мiндетті.
Лицензиар лицензиат тиiсті жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеген және көрсетiлген құжатты берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi.
📌 Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 308 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Тарау 9. 9. Лицензиялық ережелердi сақтауды бақылау
9. Лицензиялық ережелердi сақтауды бақылау
Тармақ 24
24. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Осы Ереженi бұзушылық Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.