Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для организаторов игорного бизнеса и лотерей Күшін жойған
Басқа 0
Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1. Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.
Тармақ 3
3. Егер Талаптармен өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда және «Ойын бизнесі туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып
қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;
Тармақша 2
2) клиент – құмар ойынына және (немесе) бәске қатысатын не лотереяда қатысуды төлеген жеке тұлға;
Тармақша 3
3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);
Тармақша 4
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;
Тармақша 5
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.
Тармақ 5
5. Ішкі бақылау:
Тармақша 1
1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 2
2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;
Тармақша 3
3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ішкі бақылау ережелері (бұдан әрі – ІБЕ) АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.
Тармақ 7
7. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес ІБЕ мынадай бағдарламаларды қамтиды:
АЖ/ТҚҚ жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасын;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;
ІБЕ сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтиды.
Тармақ 8
8. ІБЕ ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБЕ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.
Тармақ 9
9. Субъектілер ІБЕ-ін әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады.
Тармақ 10
10. Егер АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ІБЕ тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 2. 2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 11
11. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен, сонымен қатар АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібінен;
Тармақша 2
2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағындағы 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату тәртібінен;
Тармақша 3
3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтым жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен;
Тармақша 5
5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:
ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;
хаттаманы жіберу негізі;
уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.
Тармақша 6
6) Субъектілердің қызметкерлері оларға белгілі болған АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБЕ Субъектілер қызметкерлерінің бұзу фактілері туралы басшыны ақпараттандыру тәртібінен құралады.
Тармақ 12
12. Жауапты лауазымды тұлғаның не құрылымдық бөлімшенің ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес мынадай:
Тармақша 1
1) ІБЕ әзірлеу және келісу, оларға басшымен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ оларды іске асыру және сақтау мониторингі;
Тармақша 2
2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 3
3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 6
6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 7
7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін Субъекті басшысына сұраулар жолдау;
Тармақша 8
8) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;
Тармақша 9
9) ІБЕ іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыру;
Тармақша 10
10) анықталған ІБЕ бұзу туралы басшыға ақпарат беру;
Тармақша 11
11) ІБЕ іске асыру қорытындылары және АЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару жүйесін және АЖ/ТҚҚ ішкі бақылауды жетілдіру жөнінде ұсынылатын шаралар туралы Субъекті басшысына есепті ұсыну үшін ақпарат дайындау;
Тармақша 12
12) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға және Субъектілердің ішкі құжаттарына сәйкес өзге функциялары бар.
Тармақ 13
13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:
Тармақша 1
1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
Тармақша 3
3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Субъект және оның қызметкерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларды осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.
Тармақ 3. 3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы
3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы
Тармақ 14
14. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы клиенттің операциясын жүзеге асыратын тұлғаның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беруді көздейді.
Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.
Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.
Тармақ 15
15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:
Тармақша 1
1) мынадай:
ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;
жемқорлықтың немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейі;
Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларына, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;
террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыру немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне.
Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;
Тармақша 2
2) мынадай жағдайларда клиентке:
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;
клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;
клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;
клиент (оның өкілі), не бенифициарлық меншік иесі, не операция бойынша клиенттің контрагенті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;
клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;
клиент азаматтығы жоқ болып табылған;
клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;
клиент резидент емес болып табылған;
клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;
клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;
клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;
клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;
Субъектілердің пайдаланылуы әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;
клиент жаңа, сондай-ақ қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;
клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;
клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;
АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған;
Тармақша 3
3) операцияларға:
тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін;
белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғаның атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін;
қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, жалған есімдерді пайдаланумен байланысты;
айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;
клиенттің оған тән емес жиілікпен не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;
АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.
АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.
Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің жоғары деңгейі берілмесе, тәуекелдің төмен деңгейі беріледі және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.
Тармақ 4. 4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 16
16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша іс-шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:
Тармақша 1
1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті
(оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;
Тармақша 2
2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
Тармақша 3
3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының бары немесе жоғы;
Тармақша 4
4) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;
Тармақша 5
5) сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:
ФАТФ ұсыныдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;
Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда;
Тармақша 6
6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу.
АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратады.
АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиенттер үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады.
Тармақша 7
7) тәуекел деңгейін беруге байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қабылдау;
Тармақша 8
8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгерісіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту;
АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жарты жылда кемінде бір рет жаңартылып отырады.
АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сонымен қатар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға тоқтатып қою шараларын қабылдауға байланысты Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.
АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
Тармақ 5. 5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы
5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы
Тармақ 17
17. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді:
Тармақша 1
1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген;
Тармақша 2
2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген;
Тармақша 3
3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген.
Тармақ 18
18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъекте өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.
Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.
Тармақ 19
19. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.
Тармақ 20
20. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады.
Тармақ 21
21. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 6. 6. Субъектілер қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
6. Субъектілер қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 22
22. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.
Басқа 1. Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын
талаптар
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы № 527 және
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы № 112
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын
талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабы
3-2 тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда қаржы мониторингі субъектілеріне ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.
Тармақ 3
3. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы Заңда және «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) – Субъектілерді КЖ/ТҚ процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке әдейі немесе әдейі емес тарту мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ оларды азайту мониторингі бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);
Тармақша 3
3) ҚМ-1 нысаны – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында айқындалатын нысан;
Тармақша 4
4) уәкiлеттi орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.
Тармақ 5
5. Ішкі бақылау:
Тармақша 1
1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
туралы (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 2
2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін азайту мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ішкі бақылау қағидалары (бұдан әрі – ІБҚ) Заңның 11-бабының
3-тармағында көзделген бағдарламаларды қамтиды және КЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін регламенттейтін және КЖ/ТҚҚ Субъектілерінің іс-қимыл тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.
Тармақ 7
7. ІБҚ-ны ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБҚ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.
Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасағаны не ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.
Тармақ 8
8. Егер Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 9
9. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен, сонымен қатар КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл;
Тармақша 2
2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан және іскерлік қатынастарды тоқтатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 3
3) Субъектілердің зерделенуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияны күдікті операция ретінде тануы;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру;
Тармақша 5
5) клиенттің досьесін және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттамалық тіркеу және сақтау;
Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттамалық тіркеу Субъектілер белгілеген тәртіпте жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Субъекті қызметкерлері жол берген, оларға белгілі болған КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБҚ-ны бұзу фактілері туралы басшыны Субъекті қызметкерлерінің хабардар ету;
Тармақша 7
7) клиенттің күдікті ретінде КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операциясын тану;
Тармақша 8
8) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау, анықтау, құжаттамалық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту;
Тармақша 9
9) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау тәуекелдерін азайту жөнінде рәсімдер, бақылау шараларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелі дәрежесін ескере отырып өз клиенттерін жіктеу рәсімдерін қамтиды.
Субъектілердің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі қосымша шараларды бағдарламаға енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 10
10. Жауапты лауазымды тұлғаның не құрылымдық бөлімшенің ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес мынадай функциялар кіреді:
Тармақша 1
1) ІБҚ-ны әзірлеу және келісу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ іске асыру және сақтау мониторингі;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың берілуін ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 3
3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) клиенттердің операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) клиенттердің операцияларын жүргізуді тоқтата тұру не одан бас тарту туралы және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 6
6) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 7
7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін Субъект басшысына сұрау салу жіберу;
Тармақша 8
8) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;
Тармақша 9
9) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің досьесін қалыптастыру;
Тармақша 10
10) ІБҚ-ы анықталған бұзушылықтар туралы Субъект басшысын хабардар ету;
Тармақша 11
11) анықталған кемшіліктер туралы Субъект басшысына есептерді қалыптастыру үшін ІБҚ-ны іске асыру нәтижелерін және КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару мен КЖ/ТҚҚ ішкі бақылау жүйелерін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындау;
Тармақша 12
12) клиенттің досьесін, есеп және онымен хат алмасу туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
Тармақ 11
11. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:
Тармақша 1
1) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпаратты құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Субъектілердің жауапты лауазымдық тұлғаның немесе құрылымдық бөлімшенің қосымша функциялар мен өкілеттіктерін қосуына жол беріледі.
Тармақ 12
12. Субъектілер және олардың қызметкерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларды осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)
және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасы
3-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)
және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасы
Тармақ 13
13. КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.
Тәуекелдерді бағалау нәтижелері Субъектілер мүшелері болып табылатын тиісті мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың талап етуі бойынша беріледі.
Субъектілер жыл сайынғы негізде КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау есебін және кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, көрсетілетін қызметтер тәуекелін және (немесе) оны ұсыну тәсілін ескере отырып, Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ-ны заңдастыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) мемлекеттерден (аумақтардан) клиенттермен іскерлік қатынастарды және мәмілелерді:
ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындайтындарды;
сыбайлас жемқорлықтың немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттің жоғары деңгейімен;
Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) қолданатын санкцияларға, эмбарго мен ұқсас шараларға ұшыраған;
террористік (экстремистік) қызметті қаржыландыруды немесе қолдауды ұсынатын және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар;
БҰҰ-ның деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне сілтемелер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;
Тармақша 2
2) клиент болып табылған жағдайда:
шетелдік жария лауазымды тұлға;
жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы;
шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға;
шетелдік жария лауазымды адамның отбасы мүшесі, жақын туысы болып табылатын тұлға;
азаматтығы жоқ тұлға;
Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматы;
резидент емес;
Тармақша 3
3) клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің контрагенті болып табылған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 тіркелген «Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне кіретін мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асыратын клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің контрагенті (бұдан әрі – Бұйрық);
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне
(бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген;
Тармақша 4
4) бұл жағдайларда:
клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;
клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты;
клиент ұсынған мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар туындаған;
клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;
клиент пайдалануы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларын талап еткен;
клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған
іс-әрекеттерді жасаған;
клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;
Тармақша 5
5) операциялар:
тараптардың жеке қатысуынсыз жүзеге асырылатын;
белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғалардың атынан немесе пайдасына жасалатын;
қолма-қол есеп айырысуларды қоса алғанда, анонимдік банктік шоттармен немесе анонимдік, ойдан шығарылған есімдерді пайдаланумен байланысты;
айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;
клиент оған тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жасалатын;
Субъектілердің қосымша тәуекел факторларын қосуына жол беріледі.
Тармақ 15
15. КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъектілер осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын, сондай-ақ Субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.
Клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін Субъектіде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша Субъектілер белгілейді және кем дегенде 2 (екі) деңгейден тұратын тәуекел деңгейін анықтау шкаласы бойынша бағаланады.
Осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелді бағалау операциялар
(іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде клиенттерге
(клиенттер топтарына) қатысты жүргізіледі.
Клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін қайта қарауды Субъектілер клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операциялар мониторингі (іскерлік қатынастар) нәтижелерінің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Субъектілер мыналарға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ-ны заңдастыру тәуекелдерін:
Тармақша 1
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеу және жаңа іскерлік тәжірибені;
Тармақша 2
2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануды анықтайды және бағалайды.
КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік тәжірибені немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 17
17. Клиентті сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент (оның өкілі) туралы, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, іскерлік қатынастардың болжамданған мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көзделген клиент пен оның өкілдері туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу, бұрын алынған мәліметтердің анықтығын тексеру және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізуден тұрады және мына рәсімдерді:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
Тармақша 3
3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізімде және Тізбелерде болуын тексеру;
Тармақша 4
4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттің шетелдік жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстары қатарына жататындығын және (немесе) қатыстылығын тексеру;
Тармақша 5
5) тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:
ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындайтын не КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланатын мемлекетте (аумақта);
Бұйрықпен бекітілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте;
Тармақша 6
6) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын белгілеу;
Тармақша 7
7) берілген тәуекел деңгейіне байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қолдану;
Тармақша 8
8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай клиенттерді сәйкестендіру нәтижесінде алынған мәліметтерді жаңарту, бірақ жылына кемінде 1 (бір) рет;
Тармақша 9
9) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру нәтижесінде алынған мәліметтерді тіркеу мақсатында сауалнаманы (досьені) ресімдеудің бастапқы күнін көрсете отырып Субъект ресімдейтін клиенттің сауалнамасының (досьесінің) нысанына, мазмұнына және толтыру тәртібіне қойылатын талаптар;
Тармақша 10
10) мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсете отырып, сауалнамада (досьеде) қамтылған мәліметтерді жаңарту;
Тармақша 11
11) КЖ/ТҚ заңдастыру мақсатында клиенттің операциялар жасау тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау, осындай тәуекелді бағалау негіздері рәсімдерін;
Тармақша 12
12) клиенттен сұратылатын құжаттар мен ақпараттың тізбесін, Субъектілердің жеке тұлғаны бенефициарлық иеленуші деп тану туралы шешім қабылдау тәртібін қоса алғанда, клиенттердің бенефициарлық меншік иесін анықтауға және сәйкестендіруге бағытталған шаралар тізбесін қамтиды.
Клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты Субъектілер жүргізетін
іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданудан көрінеді.
КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.
Жаңарту мерзімділігі және (немесе) клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтер алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгіленеді.
Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларын қабылдау мүмкін болмаған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай факті туралы хабарлама жібереді.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
Тарау 5. 5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасы
5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасы
Тармақ 18
18. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі,
сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъектілер клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
Тармақ 19
19. Клиенттердің операцияларын мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ Субъектілер дербес әзірлеген ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, әдістеріне, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясын анықтау рәсімін;
Тармақша 3
3) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, клиентке және оның операцияларына қатысты Субъектілер қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттамасын қамтиды.
Тармақ 20
20. Клиенттер операцияларын мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде Субъектілер КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу нәтижелері Субъект қызметтерінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.
Клиент операцияларының мониторинг және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы Субъектіде және операция жасалғаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
Тармақ 21
21. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияларды (операцияларды) жасауын
(жасауға талпынуын) есепке ала отырып, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның
4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін немесе Субъектілер дербес әзірлеген КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъект белгілі бір уақыт кезеңінде клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.
Клиенттің операциялары зерделенуге жатады:
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;
егер олар күдікті операция белгілерінің сипаттамасына ие болса.
Тармақ 22
22. Клиенттің операциялары, егер осы Талаптардың 21-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ заңдастырумен байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда күдікті деп танылады.
Субъектілер клиенттің операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын, оның иелігіндегі ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ клиенттің қаржылық-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпарат негізінде дербес қабылдайды.
Операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырмашылық Субъектінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауы тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
6-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 23
23. Субъектілерді КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Субъектілердің қызметкерлерін даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.