Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан, и перечня документов, подтверждающих соответствие им Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі ________________ А. Мұхамедиұлы 2015 жылғы 3 ақпан КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 30 қантар
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі № р/с Біліктілік талаптары Қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылатын құжаттар Ескертпе 1 2 3 4 1 Стандарттау бойынша құжаттар: стандарттың атауы стандарттың нөмірі Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) 2 *Өн­ді­рі­стік тех­ни­ка­лық ба­за­ның (тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның, оның ішін­де қол­да­ны­с­та­ғы ҚР СТ 988 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Туы. Жал­пы тех­ни­ка­лық шар­ттар» та­лап­та­ры­на сәй­кес дай­ын­дал­ған мем­ле­кет­тік рәм­із­дер­дің са­па­сын және олар­ды дай­ын­да­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­тін тү­стер ат­ла­сы­ның) бо­луы Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық, өл­шем және ба­қы­лау құ­рал­да­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес) Көр­се­ті­л­ген жаб­дық­тың бо­луын ли­цен­зи­ар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар» ту­ра­лы заң­ның 2 тар­ма­ғы­ның 51-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді. Егер өті­ніш бе­ру­ші өн­ді­рі­стік үй-жай­дың, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың ие­сі бол­ма­са, он­да жал­дау шар­ты көр­се­ті­ле­ді. 3 Пайдаланылатын өлшем құралдарын және сынау жабдығын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) 4 Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­нан ҚР СТ 989 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы. Тех­ни­ка­лық шар­ттар» та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­на­удың оң нәти­же­сі қо­са бе­рі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы­ның әр­бір өн­ді­рі­ле­тін үл­гі­лік өл­шем­нің ба­сты мо­де­льі­нің бо­луы Әр­бір өн­ді­рі­л­ген үл­гі­лік өл­ше­мі­нің ба­сты мо­де­лі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы­ның әр­бір өн­ді­рі­ле­тін үл­гі­лік өл­шем­нің ба­сты мо­де­льі­нің бо­луы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар» ту­ра­лы заң­ның 2 тар­ма­ғы­ның 51-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді. 5 Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­нан ҚР СТ 989 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы. Тех­ни­ка­лық шар­ттар» та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сы­на­удың оң нәти­же­сі қо­са бе­рі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы­ның әр­бір өн­ді­рі­ле­тін үл­гі­лік өл­шем­нің өн­ді­рі­стік эта­лон­дық үл­гі­сі­нің бо­луы Әр­бір өн­ді­рі­ле­тін үл­гі­лік өл­шем­нің эта­лон­дық үл­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­сы­ның әр­бір өн­ді­рі­ле­тін үл­гі­лік өл­шем­нің өн­ді­рі­стік эта­лон­дық үл­гі­сі­нің бо­луы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар» ту­ра­лы заң­ның 2 тар­ма­ғы­ның 51-ба­бы­на сәй­кес ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді. 6 Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірменің болуы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) * Егер өтініш берушінің өндірістік орны, техникалық жабдықтары болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптар мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы: стандарттың атауы ___________________________________________ стандарттың нөмірі_____________________________________________ 2. Өндірістік техникалық базаның болуы_____ __________ 3. Технологиялық жабдықтың атауы_______________________________ 4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы (атауы)____________________________________________________________ _ (салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні, сертификатты берген органның атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі) 5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі ________________________________________________ салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні ________________________________________________________ сертификатты берген органның атауы __________________________________ сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________ 6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы_______ ____________________________ 7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы___________________________________________________ 8. ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» және (немесе) ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» талаптарына сәйкес дайындалатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірменің болуы____________________».