Об особо охраняемых природных территориях Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес өсiмдiктер және жануарлар дүниесiн күшейту мақсатында облыс Әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысында ерекше қорғалатын аумақтардың тiзбесi анықталсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (Б.Данышпанов): - тиiстi ұйымдармен бiрлесе отырып жергiлiктi жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың ғылыми-техникалық, табиғи-ғылыми негiздемесiн әзiрлеп, Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң келiсiмiн алсын; - жергiлiктi жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiндегi материалдарды дайындауға байланысты шараларды табиғат қорғау қоры есебiнен қаржыландыру ескерiлсiн. 📌 Ескерту. 2 тармақ өзгерді - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 25 тамыздағы № 8-250 шешімімен .
Тармақ 3
3. Облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетi (С.Таубаев) белгiленген тәртiп бойынша, жергiлiктi жерлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жердi сақтау туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
Басқа 5
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 02 сәуiрдегi N 4-130 шешiмiне қосымша Алматы облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ққ №№ Атауы Орналасқан ауданы ауданы мың.га. Қандай негiзде ұйымдастырылған Ескерту 1 2 3 4 5 6 1. Iле-Алатау ұлттық табиғи паркi Қаскелең, Талғар, Еңбекшiқазақ, Райымбек 164,4 ҚР Үкiметiнiң 22.02.1996 ж. №228 Қаулысы Орман,балық және аң аулау шаруашылығы комитетiне бағынады 2. Мемлекеттiк "Алтын Емел" табиғи паркi Кербұлақ, Панфилов 250,0 Әкiмнiң 05.05.96 ж. №127 шешiмi -"- 3. Мемлекеттiк Алматы қорығы Талғар, Еңбекшiқазақ 74,0 -"- 4. Мемлекеттiк Алакөл сулы-сазды қорығы Алакөл 12,5 Әкiмнiң 30.05.95 ж. №53 шешiмi Талдықорған ОАШ-на бағынады 5. Лепсi заказнигi Ақсу, Алакөл 65,0 Әкiмнiң 30.05.95 ж. №53 шешiмi Талдықорған ОАШ-на бағынады 6. Мемлекеттiк "Чарын шетендi саяжайы" табиғи паркi Ұйғыр 5,014 МК-ң 19.03.64 ж. № 447-ө Қаулысы Ұйғыр аудандық ОАШ-на бағынады 7. Мемлекеттiк Алматы заказнигi Қаскелең, Райымбек, Талғар, Еңбекшiқазақ 724,0 МК-ң 05.11.87 ж. № 384 Қаулысы Iле-Алатау ұлттық паркiне бағынады 8. Балқаш жағалауындағы мемзаказнигi Балқаш 503,0 Қаз.ССР МК-ң 19.10.79 ж. № 396 Қаулысы Күртi ОАШ-на бағынады 9. Қараой мемзаказнигi Балқаш 509,0 -"- Бақанас ОАШ-на бағынады 10. Тоқты мемзаказнигi Алакөл 27,0 Әкiмнiң 30.05.95 ж. № 53 шешiмi 11. Реликтов шағаласы Алакөл, Панфилов 3,3 -"- -"- 12. Жетiсу бақатiсi Талдықорған, Кербұлақ 4,8 -"- -"- 13. Жоғарғы көксудiкi емес заказнигi Кербұлақ 21,0 -"- -"- 14. "Қызыл Жиде" табиғатты қорғау мекемесi Еңбекшiқазақ 25,0 ҚР-ң Үкіметінің 27.02.98 ж. № 159 Қаулысы Орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетiне бағынады 15. Анархай заказнигi 16. Қоқан заказнигi 17. Тауқұм заказнигi 18. Өсек заказнигi 19. Төменгi Басқан заказнигi 20. "Достық" табиғи паркi 21. "Көлсай көлi" заказнигi Кеген ОАШ-на бағынады 22. "Чарын арнасы" заказнигi Ұйғыр аудандық ОАШ-на бағынады 23. "Жаңбыртау" 24. "Жамбыл топырақ резерваты" табиғи паркi 25. "Қара-дала" табиғи паркі, орналасқан жері Ұйғыр ауданы 86,875 Аудан Әкіміне бағынысты 📌 Ескерту. 25 тармақ толықтырылды - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 25 тамыздағы № 8-250 шешімімен.