О Правилах определения и обеспечения периодичности бюджетных изъятий, передаваемых из бюджетов районов (городов) в областной бюджет, и условиях выделения субвенций из областного бюджета бюджетам районов (городов) Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Аудандар ( қалалар ) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың дуркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері және Қостанай облысының аудандық қалалық бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің шарттары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 31.01.2007 № 408 шешімімен.
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандар және қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алулардың дуркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері (1 қосымша) жәңе Қостанай облысының аудандары мен қалаларының бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің және анықтаудын ережелері (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аудандар қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттін алулардың дуркінділігі мен тәртібі және облыстық бюджеттен Қостанай облысының аудандарының (қалаларының) бюджеттеріне субвенциялар бөлудің шартары туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 желтоқсандағы алтыншы сессиясының № 70 шешімінің, Қостанай облысының әдиілет басқармасында тіркеуден өтпегендіктен, күні жайылсын.
Басқа 3. Қостанай облысының облыстық бюджетіне аудандар мен
қалалардың бюджеттерінен мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз
ету және анықтау ережесі
Қостанай облыстық мәслихатыны
2001 жылғы 2 наурыздағы
сессиясының № 99 шешіміне
1 қосымша
Қостанай облысының облыстық бюджетіне аудандар мен
қалалардың бюджеттерінен мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз
ету және анықтау ережесі
Осы Ереже "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 8- бабының 2-1-тармағының және 10-бабының 3-тармағының негізінде, енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отырып әзірленген.
Осы Ережелердегі пайдаланылатын ұғымдар
Бюджеттік алулар - қаржы жылына арналган мәслихат
шешімдерімен анықталған сомалар шегінде аудандар мен
қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми
трансферттер.
Төмен тұрған бюджеттер — аудан және қала бюджеттері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттік алуларды аудару бойынша бағдарлама әкімшіліктері аудандық және қалалық қаржы басқармалары
болып табылады (бүдан әрі - аумақтық қаржы органдары).
Тармақ 2
2. Бюджеттік алудың толық және уақытында
аударылуына бақылау жасауды қаржы департаменті жүзеге
асырады.
Тарау 2. 2. Бюджеттік алуларды аныктау тәртібі
2. Бюджеттік алуларды аныктау тәртібі
Тармақ 3
3. Бюджеттердің қалыптасуында қаржы департаментімен
ұсынылған есептердің негізінде жергілікті бюджеттердің жылдық
кірістер мен шығыстардың көлемінен бюджеттік алулардың
мөлшері есептелінеді және облыстық мәслихаттың сессиясында
бекітіледі.
Тарау 3. 3. Бюджеттік алуларды берудің тәртібі мен мерзімділігі
3. Бюджеттік алуларды берудің тәртібі мен мерзімділігі
Тармақ 4
4. Қаржы департаменті бір айлық мерзімнің ішінде
ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы
облыстық мәслихаттың сессиясының шешімін қабылданғаннан
кейін:
Тармақша 1
1) төмен тұрған бюджеттердің кіріс бөлігінен бюджеттік
алудың мөлшерін процентте (бүдан әрі - бюджеттік алулардың проценттері) анықтайды және оларды аудандар мен қалалардың әкімдеріне жеткізеді;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың сессиясы шешімімен бекітілген, қалалар мен аудандардың бюджеттерінен сомасы шегінде бюджеттік алудың ай сайын бөлуін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) облыстық бюджетке өзгертулерді енгізгенде облыстық
маслихаттың шешіміне сәйкес бюджеттік алудың көлемін
арттыруға немесе азайтуға болады, егер бюджеттің орындалу
барысында нормативтік құқықтық актілер қабылданса, төмен
тұрған бюджеттердің кірістері мен шығыстары оларға сәйкес
өзгертіледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік алудың аударуы күн сайын бюджеттік алудың
бекітілген колемі шегінде аумақтық қаржы органдардың төлем тапсырмасымен төмен тұрған бюджеттің ағымдағы шотынан өз
бетіне қаржы рұқсат беру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аудару сомасы бюджеттік алудың проценттерінен және
төмен тұрған бюджеттердің түскен кірістерінен откен күннің
қорытындысы бойынша (Қазақстан Республикасы бюджеті
қірістерінің "Салықтық түсім", "Салықтық емес түсім" және
«Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер"
бюджеттік сыныпталу санаттары бойынша) есептелінеді.
Тармақ 7
7. Күн қорытындылары бойынша бюджеттік алудың сомаларын есептегенде мынадай түсімдер есептелмейді:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелердің несиелік берешегін өтеу есебінен
жергілікті бюджетке толемдер толеу бойынша заңдармен
белгіленген тәртіпте және жеке кодтарга есептелген шаруашылық
субъектілердің берешегі;
Тармақша 2
2) аумақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге
асыру үшін зандармен белгіленген қарызға алу лимиттің шегінде
осы мақсаттарға арналған жергілікті атқарушы органдардың
қарызға алған қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен берілетін
несиелер бойынша сыйақылар (қызықтырулар).
Тармақ 8
8. Аумақтық қаржы органдары төмен тұрған бюджеттердің
орындалуы туралы есепті қалыптасу кезінде есеп беру мерзімінде
олардың шоттарынан төлем тапсырмамен есептен шығарылған
сомаларға сәйкес шығыс бөлігінде бюджеттік алулардың
сомаларын көрсетеді.
Тармақ 9
9. Қаржы департаменті ай сайын бюджеттік алудың кем
және асыра төлеудің сомасын анықтайды және үш күндік
мерзімде қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес лайықты анықтама түрінде қалалар мен аудандардың әкімдеріне және
аумақтық қаржы органдарына жеткізеді.
Тармақ 10
10. Аумақтық қаржы органдары:
Тармақша 1
1) алдыңғы айларда бюджеттік алудың артық төлеуі бар
болса, аудандар мен қалалардың бюджеттерінен артық төлеудің
сомасына арналған бюджеттік алу жасамайды;
Тармақша 2
2) өткен айдың аяғына есептеулер бойынша бюджеттік
алуларды толық толемеген жағдайда толық төленбеген мөлшер қалпына келтіргенге дейін, осы Тәртіптің 3 тармағына сәйкес анықталғандай жоғарыдағы сомада бюджеттік алу жүргізеді, бірақ осы Тәртіптің 3 тармағына сәйкес бюджеттік алуларды төлегеннен кейін ағымдғгы күннің басталуына шоттағы бюджеттік қаражаттың қалдықтарынан 50 % аспауы керек.
Тармақ 11
11. Облыстық мәслихаттың сессиясы шешімімен және төмен тұрған бюджеттердің кірістері мен шығыстардың тізімдемесіне сәйкес ай сайын бюджеттік алулардың бөлуімен белгіленген сомада бюджеттік алулар қаржы жылының ішінде жүргізіледі. Егер айдың ішінде облыстық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулардың сомасы кіріс және шығыстарының тізімдемесінде анықталган бюджеттік алулардың сомасынан артық болса, занда белгіленген тәртіпте озгертулер енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаржы жылындағы бюджеттік алулар бойынша
соңғы есеп ашу үстіміздегі қаржы жылының 31 желтоқсанына
бюджеттердің нақты түскен түсімдерден есептеу кезеңіне
жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Аудан және қала әкімдерінің өтініштеріне және
аумақтық қаржы органдарының есептеріне сәйкес қаржы
департаментіне бюджеттің орындалу процесінде төмен тұрған
бюджеттерден бюджеттік алу бойынша төлемдердің мерзімін
үзарту құқығы беріледі.
Басқа 27
Аудандар мен қалалардың
бюджеттерінен облыстық
бюджетке бюджеттіқ алуларды
анықтау және қамтамасыз
ету ережелеріне қосымша
2001 жылдың______________________
бюджеттік алуларды кем төлеудін, және асыра төлеудің
сомасы тағы туралы анықтама
Аудандар қалалар
1, 2, 3 санаттағы
кірістердің түсімі
Алулардын
проценті
Төлеуге
арналған
алулардың
сомасы
Алулардың
нақты
аударылғаны
Сомасы
Кем төлегені
Асыра
төлегені
Департамент директоры
Орындаушы _______________________
Телефон __________________________
Күні _____________________________
Басқа 28. Облыстық бюджеттен Қостанай облысының аудандары мен қалаларының бюджеттеріне субвенцияларды анықтау және бөлу Ережесі
Қостанай облыстық
мәслихатыныңың 2001 жылғы
2 наурыздағы сессиясының
№ 99 шешіміне 2 қосымша
Облыстық бюджеттен Қостанай облысының аудандары мен қалаларының бюджеттеріне субвенцияларды анықтау және бөлу Ережесі
Осы Ережелер "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 8-
бабының 2-1 тармағының және 10-бабының 3-тармағының
негізінде енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып әзірленген.
Осы Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар
Субвенциялар - облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген
сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен түрған
бюджеттерге тапсырылатын ресми трансферттер.
Төмен тұрған бюджеттер - аудан және қала бюджеттері.
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Субвенцияларды қаржыландыру бойынша
бағдарламалардың әкімшілігі Қостанай облысы қаржы
департаменті болып табылады.
Тармақ 2
2. Субвенцияларды б-луге бақылау жасауды облыстық
мәслихаттың тексеру комиссиясы және Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық органдары
жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Субвенцияларды бөлу шарттары
2. Субвенцияларды бөлу шарттары
Тармақ 3
3. "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында қарастырылған сәйкесті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің жетімсіздік шығыстарының орнын толтыру үшін субвенциялар бөлінеді.
Тарау 3. 3. Субвенцияларды анықтау тәртібі
3. Субвенцияларды анықтау тәртібі
Тармақ 4
4. Бюджеттердің қалыптасуында қаржы департаменті, аудан
және қала әкімдері ұсынған есептердің негізінде жергілікті
бюджеттердің жылдық шығыстары мен ьсірістерінің көлемінен
субвенциялардың мөлшері есептеледі және облыстық мәслихаттың
сессиясында бекітіледі. Облыстық бюджеттің тізімдемесін
бекіткенде айлар бойынша субвенцияларды бөлуді қаржы
департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджетке өзгертулер енгізгенде облыстық
мәслихаттың шешіміне сәйкес субвенцнялардың көлемін арттыруға
немесе азайтуга болады, егер бюджеттің орындалу барысында
нормативтік құқықтық актілер қабылданса, төмен түрған
бюджеттердің кірістері мен шыгыстарына сәйкес озгертіледі.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттің тізімдемесінде қарастырылған сомалар шегінде ай сайын субвенциялар бөлінеді.
Тармақ 7
7. Субвенциялардың аударылуы тиісті төмен тұрған бюджеттің кіріс шотына жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Субвенцияларды алатын аудандар мен қалалардың
бюджеттерінің кіріс бөлігі асыра орындалғанда, облыстық
бюджеттен субвенциялардың жалиы көлемі асыра орындалған
сомаға азайтылады.