Об утверждении норм расхода природного газа для потребителей, не имеющих приборов учета Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды жұмсау нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 9 сәуіріндегі № 400 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылдың 25 сәуіріндегі № 548 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік актілеріне сәйкес құрылған комиссияның 2000 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі жалпыүйлер есептегіш құралдары бойынша газдың нақты шығынын талдауы негізінде облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес есептегіш құралдары жоқ тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждарына арналған табиғи газды жұмсау нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға коммуналдык қызмет нормаларын бекіту туралы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 31 шешіміне "Есептегіш құралдары жоқ тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждарына арналған табиғи газды жұмсау нормалары" 2-қосымшасының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы 2001 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енсін.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы "27" сәуірдегі № 48 қаулысына қосымша Есептегіш кұралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұрмыс жағдайында жұмсау нормалары Рет саны Атауы Өлшем бірлігі Табиғи газды тұтынудың орташа жылдық нормалары (газ есептегіш құралы жоқ жағдайда) 1 2 3 4 1 Газ плитасы, орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болған жағдайда м3/адам айына 15,00 2 Газ плитасы бар, бірақ орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болмаган жағдайда м3/адам айына 18,50 3 Газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, бірақ орталықтандырылған жылы суы болмаған жағдайда м3/адам айына 25,00 4 1 жануарға 1 айда азық дайындау және су жылытуға пайдаланатын газ - жылқы м3/бас айына 8,00 - сиыр 40,00 - шошқа 20,00 5 Тұрғын және басқа жайлардың 1 шаршы метрін жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда: жылыту кезеңінде м3/м2 айына 14,00 6 Орталықтандырылған ыстық су және жылыту болмағанда духовкалы газ плиталы тұрғын және басқа жайлардың 1 шаршы метрін жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда: жылыту кезеңінде м3/м2 айына 4,70 7 Моншада газбен су жылытқыш болған жағдайда м3 Тәулік бойы жұмыс істейтіндіктен газбен жанатын жабдықтың куатына қарай Ескерту: Газ есептегіші болған жағдайда пайдаланылған газ мөлшері, қандай мақсатта пайдаланса да, есептегіш құралы арқылы анықталады.