Об утверждении региональной программы по реализации концепции миграционной политики Республики Казахстан по Атырауской области и план мероприятий по ее реализации Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын Атырау облысы бойынша іске асырудың аймақтық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 248 шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 және 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346 қаулыларына сәйкес II – сайланған облыстық Мәслихатының кезектен тыс IX сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын Атырау облысы бойынша іске асырудың аймақтық бағдарламасы және оны іске асыру шаралары бекітілсін. (жалғанды)
Тармақ 2
2. Облыстық көші-қон және демография басқармасына (М.И. Имашев) осы шешімнің орындалысын бақылау тапсырылсын.
Басқа 3
Төлқұжат Аты: Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасының Бағдарламаны тұжырымдамасы жасақтауға негiз: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 шешiмi Бағдарламаны Атырау облыстық көшi-қон және демография басқармасы жасақтаушы: (облыстық әкiмшiлiк келiсiмiмен) Мақсаты: Халықтық iшкi және сыртқы көшi-қонын реттеу, көшi-қон ағымын реттеу және тұрақтандыру үшiн хұқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шараларын және механизмiн жасақтап қалыптастыру, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, мемлекет қауiпсiздiгiн нығайту. Бағдарламаның басымдықтары: - Оралмандардың жаңа жердегi бейiмделуi. - Мәжбүрлi қоныс аударуды болдырмау және алдын алу. - Басқа мемлекеттерден келген қоныс аударушы және босқындардың өз елдерiне ерiктi түрде қайтуын қамтамасыз ету. - Көшi-қон бақылауы жүйесiнiң қалыптасуы және дамуы - Еңбек көшi-қонының реттелуi. Бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының тұжырымдамасы негiзiнде көшi-қон бағдарламасын iске асыруда Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органдары, қоғамдық ұйымдары алдында мынадай мiндеттер тұр: - Аймақ көлемiнде оралмандар, босқындар, мәжбүрлi түрде қоныс аударушылар мәселелерiн шешу механизмiн жасақтау және iске асыру. - Отандастарымыздың тұрып жатқан елдердегi және Атырау облысымен шекаралас өзге мемлекет аймақтарындағы толық құқылы саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени даму құқығын iске асыруға жәрдемдесу, Аймақпен рухани және өзге де байланыстарын қамтамасыз ету. - Оралмандарды жайластыру, мемлекеттiк атаулыәлеуметтiк көмек берудi дамыту және оларды қолдау үшiн жағдайлар жасау. - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық реформаларының негiзгi бағыттарымен демографиялық және көшi-қон саясаты басымдықтарының үйлесiмi. - Қазақстан Республикасы көшi-қон саясаты басымдықтарын ескере отырып көшi-қон бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру. - Атырау облысы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аймақтық бағдарламалары құрамына оралмандарды жайластыру жөнiндегi шаралар шешiмiн енгiзу. - Атырау облысы еңбек рыногындағы, тұрғын үйге және мәдени тұрмыстық саладағы әлеуметтiк-экономикалық ахуал мониторинг. - Оралмандарға көмек көрсететiн қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл. - Рухани бiрлiк, халықтар достығы, қоғамдық және ұлтаралық келiсiм идеясын қалыптастыру және таратуға қатысу. - Қазақстан халықтарының тарихы және мәдениетi туралы бiлiмдердi тарату. - Көшiп қонушылардың ұлттық салт-дәстүрлерiн ескеру. - Бұқаралық ақпарат құралдарында көшiп-қонушылардың құқықтық және әлеуметтiк экономикалық жағдайын объективтi түрде жариялауға жәрдемдесу. - Көшi-қон проблемаларын тиiмдi жанұя жағдай-жасайтын қоғамдық пiкiрлердi қалыптастыру. - Облыс халқын көшiп-қонушылар психологиясын ерекшелiгi, көшiп- қонушылар жағдайының себептерi мен проблемалары, олардың бейiмделуiндегi қиындықтар туралы объективтi хабардар етiп отыру. - Көшi-қон саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды жинау және тарату жүйесiн орналастыру. Бағдарламаны iске асыру әдiстерi: Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасын жасақтау және оны iске асыру-елдегi көшi-қон процестерiнiң мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық келiсiмге, экономикалық және демографиялық ахуалға ықпалының жан жақты сипатын ескере отырып, барша мүдделi тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет күшi бiрiгуi негiзiнде жасақталады. Қаржыландыру көзi: Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет, қоғамдық қорлар есебiнен жүзеге асады. Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасының тұжырымдамасы Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасы Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының тұжырымдамасы негiзiнде жасақталған және көшi-қон процестерiнiң негiзгi қағидаттарының, басылымдықтарының, тетiктерiнiң, мiндеттерi мен әдiстерiнiң негiзгi жүйесiн өазақстан Республикасы заңдылықтары Көлемiнде өкiлеттi жергiлiктi атқарушы органдар арқылы тәртiпке келтiру мен реттеудi бiлдiредi. Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының тұжырымдамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар көшi-қон саясатының субъектiлерi болып табылады және аймақтағы инфрақұрылым, әлеуметтiк сала дамуын жауапкершiлiгiнде сақтайды.
Тармақ 1
1. Көшi-қон ахуалын бағалау Облысқа келушiлер көрсеткiшiнiң азаюымен бiрге олардың iшiнде алыс және жақын шет елдерден қоныс аударушы қазақтардың саны басым екендiгi байқалады. Облысымызға 1991-2000 жылдар аралығында алыс және жақын шет елдерден квотаға сәйкес 41 отбасы, 184 адам немесе 29,1 (пайыз) өз еркiмен көшiп келдi. Ал квотадан тыс облысымызға өз еркiмен 1993-2000 жылдар Аралығында жергiлiктi ұлт өкiлдерi 70,9 (пайыз) құрайтын 381 отбасы 449 адам көшiп келiп қоныстанды. Бұрын жер ауып кеткен адамдардың өзiнiң тарихи елiне олардың ар-ожданын құрметтей және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отыра қайтып оралуына мемлекет ықпалы маңызды роль атқарады. Жүргiзiлiп отырған саясат нәтижесiнде 1991-2000 жылдар аралығында жергiлiктi ұлт өсiмi 422 отбасы 633 адамды құрады. Облыстағы көшi-қон ахуалы мынадай негiзгi процестермен сипатталады:
Тармақша 1
1) Эмиграцияда халықтың орыс тiлдi бөлiгiнiң кетуi басым;
Тармақша 2
2) Көшiп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ал мынадай жағдайлардан: - Өзiнiң тарихи отанына қайтып оралу тiлегiнен; - Өзiнiң ұлттық бiрегейлiгiн сақтау ниетiнен; - Бiрқатар ТМД немесе басқа мемлекеттерде ауыр әлеуметтiк-экономикалық жағдай қалыптасуы нәтижесiнен туындаған заңсыз көшi-қон.
Тармақша 4
4) Iшкi еңбек рыногында өзiмiздiң еңбек ресурстары асып артылып жатқан кезде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты еңбек көшi-қоны.
Тармақ 2
2. Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасының мақсаты мен қағидаттары Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасының мақсаты - халықтың iшкi және халықаралық (сыртқы) көшi-қонын реттеу, көшi-қон ағымын басқару реттеу және тұрақтандыру үшiн құқықтық, экономикалық, ұйымдық шаралары және бiрыңғай жүйе қалыптастыру, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, мемлекет қауiпсiздiгiн нығайту. Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасы мынадай қағидаттарға негiзделген: - Көшiп қонушыларды нәсiлдiк, ұлттық, тiлдiк белгiлерi, шығу тегi, дiни нанымы, саяси сенiмi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы бойынша кемсiтушiлiкке жол бермеуге; - Көшi-қон процестерiн және халықаралық мiндеттемелердi реттеу саласында заңдардың ережелерiн орындауды қамтамасыз етуге; - Жеке адам мен мемлекет мүдделерiн ұштастыруға, үкiмет билiгiнiң барлық тармақтары мен қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiруге; - Қазақстан Республикасы халқының мүддесiн қорғауға; - Атырау және басқа облыстар, көршiлес басқа мемлекеттердiң шекаралық аймақтарымен басымдықтарын келiсуге; - Жергiлiктi халық пен көшiп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге негiзделедi.
Тармақ 3
3. Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасын iске асырудың басымдықтары, негiзгi бағыттары Көшi-қон бағдарламасының елеулi басымдықтары ретiнде өтпелi кезеңнiң мәселелерiн шешу үшiн: - Оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жерiне олардың бейiмделуiне және жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бiтеқайнасып кетуiне, қарулы жанжалдарды бастан кешiрген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу; - мәжбүрлi көшi-қон, соның iшiнде заңсыз көшi-қон ағыны мен одан туындайтын терiс салдарлардың алдын алу және жолын кесу; - босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға тезiрек бiтеқайнасып кетуi және олардың өздерi шыққан мемлекетке ерiктi түрде қайтып оралуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету; - Атырау облысы аумағында көшiп келудi бақылау жүйесiн құру және дамыту; - эмиграция процесстерiн азайтуға және тұрақтандыруға, соның iшiнде облыстық интеллектуалдық әлеуетiнiң кетуiн болдырмауға жәрдемдесу; - iшкi және сыртқы еңбек көшi-қонын реттеудi қамтамасыз ету; ұзақ мерзiмдi болашаққа: әлеуметтiк-экономикалық алғы шарттарды жасақтап қалыптастыру және осы негiзде көшi-қон ағымын қайта бағдарлау; - Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарының бiрi Атырау облысында халық санының сақталуына және одан әрi қалыптасуына жағдайлар жасау; - Қазақстандық эмигранттар арасынан бiлiктi мамандардың қайтып оралуын ынталандыру; - Қазақстан Республикасының аумағында көшiп келудi бақылау iсiнiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу және жүзеге асыру жолымен көшiп келу процестерiнiң бақылауын қамтамасыз ету; - шет елдердегi отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады. Көшi-қон бағдарламасын iске асыру механизмi, негiзгi бағыттары: өтпелi кезең үшiн:
Тармақ 1
1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жерiне бейiмделуiне және жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бiтеқайнасып кетуiне, қарулы жанжалдарды бастан кешiрген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу; Оралмандардың жаңадан келген жерiнде бiтеқайнасып кетуi мыналарды көздейдi: - Мемлекет кепiлдiк беретiн негiзгi құқықтар мен бостандықтарын iске асыруға қажеттi жағдайлар жасау және көмек көрсету; - әлеуметтiк қолдау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттiк қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкiндiк беретiн жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсiпкерлiк бастаманы көтермелеу, әлеуметтiк қорғау жүйесiне нақты қол жеткiзудi қамтамасыз ету. Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиiмдi ұштастыру мыналарды көздейдi: - Жергiлiктi халық мүддесiн ескерiлгенi, оралмандарға көмек көрсетiлуi, олар орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезiнде тұрғылықты халық арасында ренiш тууына жол берiлмегенi жөн. - Бұл ретте көшiп-келушiлер мен жергiлiктi халық арасындағы этникалық, мәдени, тiлдiк және конфессиялық арақатынасты ескеру маңызды атқарушы органдардың оралмандар үшiн көңiлге қонымды тұрғылықты жердi таңдауы; - бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен пайдалана отырып оралмандардың бейiмделу және бiтеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап отыру.
Тармақ 2
2. Мәжбүрлi көшi-қон ағынының алдын-алу және одан туындайтын терiс салдарларды болдырмау. Басқа мемлекеттерден келетiн мәжбүрлi көшi-қонның алдын алудың аса маңызды бағыты-көшi-қон ағынын жан жақты есепке алу және Атырау облысы тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын зерттеу болып табылады. Жергiлiктi атқарушы органдар тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективтi ақпарат алуына, оралман мәртебесiн алуына және өазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететiн болады. Атырау облысында экологиялық жағдайдың мониторингiн енгiзу қажет. Егер ахуал халықтың өмiрлiк тiршiлiгi үшiн белгiленген нормаға сай келмеген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерiн жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мүмкiн болмаған жағдайда-халықты көшiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асырады және iс-әрекетi экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды осы iс-шараларды қаржыландыруға тартады. Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшiп-қонушылар ағынын шектеу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және өткiзу қажет.
Тармақ 3
3. Мәжбүрлi көшiп-қонушылардың және босқындардың өздерiнiң шыққан мемлекетiне өз еркiмен қайта оралуы көшi-қон бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейдi: - әрбiр жеке адамға дара көзқарас; - өзiнiң тұрақты тұратын жерiне қайта оралуға мүдделi адамның ерiктi түрде бiлдiрген тiлегiнiң болуы; - қайта оралу процесiне мемлекеттiң қатысуы; - кемсiтушiлiкке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау, ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлердi ескеру; - қайтып оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрiн қамтыған және объективтi ақпараттың болуы. Жергiлiктi атқарушы органдар мұндай ақпараттарды, соның iшiнде тәуелсiз көздерден алуға ықпал жасауы тиiс. Адам құқықтарын сақтау және жеке бастың қауiпсiздiгi саласындағы жағдайға байқау жүргiзетiн халықаралық және мемлекеттiк емес ұйымдар маңызды роль атқарады.
Тармақ 4
4. Көшiп келудi бақылау жүйесiн жасау және дамыту Заңсыз көшi-қонның жолын кесу Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн, оның экономикалық мүддесiн және қазақстандық азаматтардың мүддесiн қамтамасыз етудiң аса маңызды факторы болып табылады. өазақстанға, оның iшiнде Атырау облысына заңсыз келген және оның аумағында тұратын көшiп келушiлер өздерiнiң диаспоралары мен қауымдастығы тарапынан көмек алады, сол арқылы өздерiнiң мақсатына жету жөнiндегi iс-қимылдарға мейiлiнше ықшам және әзiр болып келедi. Заңсыз көшiп келудi болдырмау және оның жолын кесу үшiн осы проблеманы шешуге кешендi көзқарас және атқарушы органдардың мынадай бағыттар бойынша бiрлескен iс-қимылы негiз болуға тиiс: - көшiп келудi бақылаудың пәрмендi бiрыңғай жүйесiн жасау процесiн жеделдету босқындар деп танылған адамдардың елдiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне тезiрек бiтеқайнасып кетуi үшiн жағдайлар жасау; - белгiлi бiр құқықтық мәртебесi жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн уақытша орналастырылатын арнаулы орталықтар желiсiн құру; - Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Атырау облысы аумағында келу, болу және кету мәселелерiне байланысты мемлекеттiк органдардың қызметiне жетiлдiру және олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды нығайту; - мемлекет ауқымында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, олардың саны, орналастырылған жерi, олардан этникалық немесе басқа негiзде диаспоралар мен қауымдардың құрылуы туралы тұрақты ақпарат алып отыруға мүмкiндiк беретiн бiрыңғай есепке алу жүйесiн қалыптастыру (көшi-қон ақпарат орталығы).
Тармақ 5
5. Еңбек көшi-қонын реттеу Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органдарды шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалануға бақылау жасауды, отандық еңбек рыногын қорғауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасының аумағына келiп жатқан еңбекшi -көшiп-қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушiлердiң шетелдiк қызметкерлердi нысаналы пайдалану, еңбек келiсiм шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көшi-қоны проблемаларын шешуде өзара iс-қимылды күшейту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру қажет. Заңсыз еңбек көшi-қонына қарсы күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және шетелдiк қызметкерлердiң жұмысы аяқталғаннан кейiн Қазақстаннан уақытылы кетуiне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдiктер жер аударуды бақылауды ұйымдастыру. Елiмiздiң өндiргiш күштерiн трансформациялау күтiлуде, бұл орайда батыс, солтүстiк, шығыс және оңтүстiк аймақтар, оның iшiнде Атырау облысы басым дамуға ие болады. Жаңа жұмыс орындары халықтық экономикалық белсендi тобының Көшi-қон толқынын туғызады. Халықтық көшi-қоны өндiрiстiк қуаттарды орналастыруға сәйкес және жұмыс орнын ашу ескерiле отырып жүзеге асырылатын болады. ұзақ мерзiмдi болашаққа:
Тармақ 1
1. Бағытталған әлеуметтiк-экономикалық саясат арқылы көшi-қон ағынын қайта бағдарлау негiзiнде халықты орналастыру. Мемлекет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтiк саланы дамытудағы жауапкершiлiктi өз мойнына алады. Жеке меншiк сектордың бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындарына жұмыс күшiн тарту, қызметкелердi алу, оларды көшiру және тұрмыс пен еңбектiң қолайсыз жағдайларының өтемi ретiндегi жеңIлдiктердiң барлық түрлерiн беру кәсiпорын есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 2
2. Халықаралық еңбек рыногына өазақстанның өркениеттi ықпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан Атырау облысына бiлiктi мамандардың қайтып оралуын ынталандыру. Қазақстан Республикасы өзiне халықаралық шарттар енгiзген шектеулер шеңберiнде өзiнiң экономикалық мүдделерiн, iшкi еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көшi-қонды реттеудi жүзеге асыратын болады. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде өазақстан Республикасы өзiнiң геосаяси және экономикалық мүдделерiн басшылыққа ала отырып, жоғары бiлiктi, бағалы еңбекшi көшiп қонушыларды және iшкi еңбек рыногында жеткiлiксiз болып отырған кәсiптер мен мамандық иелерiн бiрiншi кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады. Бұрын шетелге тұрақты тұру үшiн немесе еңбек келiсiм шартымен кетiп қалған отандастарымыздың, бiрiншi кезекте ғалым, жоғары бiлiктi мамандардың басқа да санаттарының, кәсiпкерлердiң-әлеуеттi инвесторлардың өазақстанға қайтып оралуын ынталандыру маңызды мiндет болып табылады.
Тармақ 3
3. Атырау облысы аумағында көшiп келу процестерiн бақылауды қамтамасыз ету мыналарды көздейдi: - Атырау облысы аумағында көшi-қонды бақылау қосындарын және Көшi-қон инспекциясын қоса, көшi-қон органдарының қызметiн дамыту және жетiлдiру арқылы бiрыңғай көшi-қон бақылауын енгiзу және жүзеге асыру: - баспана iздеген адамдарды қабылдау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасау;
Тармақ 4
4. Шетелдегi отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту. Перспективада әртүрлi елдерде, ең алдымен бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының аумағында Қазақстан мен этникалық тамырлары байланысты жеткiлiктi дәрежеде көптеген диаспора тiршiлiк ететiн болады. Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органдары көрсетiлген көршiлес мемлекеттермен, оның iшiнде Ресеймен, өзара тиiмдi саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды дамыту саясатын жүргiзiп, мынадай шаралар кешенiн жүзеге асыратын болады: - туыстық қарым-қатынастарға жәрдемдесу, шекарадан өту және өазақстан аумағында болу рәсiмдерiн оңтайландыру; - Еңбек қызметiн және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оқуға, азаматтық және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хат алуға басымдықпен қол жеткiзу бөлiгiнде өзге шетелдiктердiң алдында шетелдiк отандастарымыз үшiн пұрсаттылықты қамтамасыз ету; - шекара маңындағы ынтымақтастықты, соның iшiнде бiрлескен экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыруды дамыту.
Тармақ 5
5. Босқын деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға тезiрек бiтеқайнасып кету жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстанда қалыптасқан нақты әлеуметтiк экономикалық жағдайларға, нарықтық қатынастардың ерекшелiктерiне байланысты босқын деп танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға бiтеқайнасып кету тетiгiн жасау.
Тармақ 4
4. Көшi-қон бағдарламасының мiндеттерi Қазақстан Республикасы көшi-қон тұжырымдамасы негiзiнде облыс бойынша көшi-қон бағдарламасын iске асыру кезiнде Атырау облысы жергiлiктi мемлекеттiк өкiмет органдары, қоғамдық бiрлестiктерi алдында мынадай мiндеттер тұр: - Аймақтық деңгейде оралмандар, босқындар, мәжбүрлi қоныс аударушылар проблемасын шешудiң тетiгiн әзiрлеу және жүзеге асыру; - Отандастарымыздың Атырау облысымен шектес ел аймақтарында тұрып жатқан елдердегi толық құқылы саяси әлеуметтiк-экономикалық және мәдени даму құқығын iске асыруға жәрдемдесу, өазақстанмен рухани және өзге де байланыстарын қамтамасыз ету; - Оралмандарды жайластыру, мемлекеттiк атаулы көмек берудi дамыту және оларды қолдау үшiн жағдайлар жасау; - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық реформаларының негiзгi бағыттарымен демографиялық және көшi-қон саясаты басымдықтарының үйлесiмi; - Көшi-қон саясаты басымдықтарын ескере отырып көшi-қон бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру; - әлеуметтiк-экономикалық дамудың Атырау облысы бойынша бағдарламалары құрамына оралмандарды жайластыру жөнiндегi шаралар кешенiн енгiзу; - Атырау облысы аумағындағы, еңбек рыногындағы, тұрғын үйге және мәдени-тұрмыстық саладағы әлеуметтiк-экономикалық ахуал мониторингi; - оралмандарға көмек көрсететiн қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл; рухани бiрлiк, халықтар достығы, қоғамдық және ұлтаралық келiсiм идеясын қалыптастыру және тарату. - Қазақстан халықтарының тарихи және мәдениетi туралы бiлiмдердi тарату; - Көшiп-қонушылардың ұлттық салт-дәстүрлерiн ескеру; - Бұқаралық ақпарат құралдарына көшiп-қонушылардың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын объективтi түрде жариялауға жәрдемдесу; - көшi-қон проблемаларын тиiмдi шешуге жағдай жасайтын оңды қоғамдық пiкiрлердi қалыптастыру; - Облыс халқын көшiп-қонушылар психологиясының ерекшелiгi, көшiп-қонушылар жағдайының себептерi мен проблемалары, олардың бейiмделуiндегi қиындықтар туралы объективтi хабардар етiп отыру; - көшi-қон саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды жинау және тарату жүйесiн орнықтыру.
Тармақ 5. Атырау облысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған көшi-қон саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру шаралары
5. Көшi-қон бағдарламасын iске асырудың нысандары мен әдiстерi Бағдарлама көшiп-қонушылардың әр түрлi санаттарының проблемаларын шешуге сараланған көзқарасты қоса құқықтық, ұйымдық және экономикалық шараларды көздеуге тиiс. Атырау облысы бойынша көшi-қон бағдарламасын жасақтау және оны iске асыру-елдегi көшi-қон процестерiнiң мемлекеттiк қауiпсiздiкке қоғамдық келiсiмге, экономикалық және демографиялық ахуалға ықпалының жан-жақты сипатты ескере отырып, барша мүдделi тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет күшi бiрiгуi негiзiнде жасақталады. Бағдарламаны жергiлiктi және республикалық бюджет, қоғамдық қорлар, мемлекеттiк емес ұйымдар есебiнен қаржыландыру қарастырылған. Атырау облысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған көшi-қон саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру шаралары Рет саны Шаралар Жауапты Орындалу түрi Iске асыру уақыты Жобалы құны Респ. бюджет Жерг. бюджет Инвестиция 1 2 3 4 5 6 7 8 1. Оралмандардың мемлекет кепiлдiгiмен заңдастырылған негiзгi құқығы мен бостандығын жүзеге асыруға көмектесу және қажеттi жағдай жасау: - жайластыруға жұмсалған бюджеттiк қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкiндiк беретiн жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсiпкерлiк бастаманы көтермелеу, әлеуметтiк жүйесiне нақты қол жеткiзудi қамтамасыз ету. - балалы отбасыларға әлеуметтiк атаулы көмек мөлшерiн өсiру; - 18 жасқа дейiн 4 және одан жоғары балалары бар отбасыларына көрсетiлетiн атаулы көмек мөлшерiн Білім беру кеңейту (әкiмшiлiк-территориялық басқармасы, аудан (қала) көлемiнде жол ағысына материалдық көмек), сауықтыру-емделу орындарына жолдама беруге жәрдемдесу; - бейiмделу кезеңiнде репатриант (оралман) балаларына әлеуметтiк көмек ұйымдастыру; - 3 жасқа дейiн балалары бар оралман- аналарға медициналық тегiн емдеу ұйымдастыру; қалалық, аудандық әкiмшiлiк әділет, басқармасы Көшi-қон және, демография басқармасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау асқармасы, Денсаулық қорғау басқармасы, Iшкi істер басқармасы Басқарма жұмысы туралы хабарлама тоқсан сайын 2001-2005 ж.ж Респ. бюджет Жергілікті бюджет Инвестиция 2. Мәжбүрлi ағынын болдырмау алдын алу: - көшi-қон ағынын жан-жақты қон және туралы есепке алу және облыс тұрғындарының әлуметтiк - экономикалық жағдайын зерттеу; қалалық, аудандық әкiмшiлiк, көшi-қон және демография басқармасы, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, Денсаулық қорғау басқармасы, Бiлiм беру басқармасы, Iшкi iстер басқармасы. Басқарма жұмысы хабар- лама тоқсан сайын 2001-2005 ж.ж. Респ. бюджет Жергiлiктi бюджет Инвестиция 3. Мәжбүрлi түрде қоныс аударушылардың және босқындардың өздерiнiң шыққан мемлекетiне қайта оралуы. қалалық, аудандық әкiмшiлiк, Көші-қон және демография басқармасы, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, Денсаулық қорғау басқармасы, Iшкi iстер басқармасы Басқарма жұмысы туралы хабар лама тоқсан сайын 2001-2005 ж.ж. Респ. бюджет Жергiлiктi бюджет Инвестиция 4. Көшiп келудi бақылау жүйесiн жасау және дамыту: - Заңсыз көшi-қонның жолын кесу - Қазақстан республикасының қауiпсiздiгiн, оның экономикалық мүддесiн және қазақстандық азаматтардың мүддесiн қамтамасыз етудiң аса маңызды факторы болып табылады. қалалық, аудандық әкiмшiлiк, Көші- қон және демография басқармасы, Ішкі істер басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Басқарма жұмысы туралы хабарлама ай сайын 2001- 2005 ж.ж. Жергілікті бюджет 5. Еңбек көшi-қонын реттеу: - Шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалануға бақылау жасауды, отандық еңбек рыногын қорғауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасы аумағына келiп жатқан еңбекшi көшiп- қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушiлердiң шетелдiк қызметкерлердi нысаналы пайдалану, еңбек келiсiм-шарттары проблемаларын шешуде өзара iс-қимылды кҮшейту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру қажет. - Заңсыз еңбек көшi-қонына қарсы күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және шетелдiк қызметкерлердiң жұмысы аяқталғаннан кейiн Қазақстаннан уақытылы кетуiне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдiктердi жер аударуды ұйымдастыру. қалалық, аудандық әкiмшiлiк,Көші - қон және демография басқармасы, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Iшкi iстер басқармасы Басқарма жұмысы туралы хабарлама ай сайын 2001-2005 ж.ж. Жергілікті бюджет Инвестиция 6. Халықты оралмандардың жергiлiктi ортаға бейiмделуi және интеграциясы мәселелерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен хабардар ету. Облыстық көшi-қон және демография басқармасының бастығы қалалық, аудандық әкiмшiлiк, Көші- қон және демография басқармасы, облыстық телерадиокомпания, Бұқаралық ақпарат құралдары Басқарма жұмысы туралы хабарлама ай сайын 2001-2005 ж.ж. Жергілікті бюджет Инвестиция