О квотировании рабочих мест для лиц, нуждающихся в социальной защите Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау туралы
Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңының 5 бабына, өазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымындағы N 855"әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындар санын (квоталар) белгілеу мәселелері" және 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 1882 "Білім беру ұйымдарын бітіруші жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы" қаулыларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ең аз жұмыс орындары санын (квоталар) белгілеу тәртібінің Ережелері бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау туралы тапсырмалар бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала және аудандар әкімдері әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін сәйкесті аумақтардағы ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге жұмыс орындарына квота белгілесін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары қала және аудандар әкімдерінің қабылдаған шешімдеріне сәйкес белгіленген квоталардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің 2001 жылғы
14 ақпандағы N 62 шешіміне
қосымша N 1
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға
ең аз жұмыс орындары санын (квота) белгілеудің тәртібі туралы Ереже
(бұдан әрі - Ереже)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңына, өазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымындағы N 855 "әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындар санын (квоталар) белгілеу мәселелері" қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтуға және оларды жұмысқа қабылдауға жәрдем көрсету мақсатында меншік нысанасына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындарының ең аз саны (бұдан әрі квота) квота белгіленеді.
Жұмыс орындары (квота) - ұйымдардағы жұмыс орындарының әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдауға арналған бөлшегi (бөлiгi).
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарға азаматтардың мынадай санаттары: 21 жасқа дейiнгi жастар; жетiм балалар және 23 жасқа дейiнгi асыраушысынан айырылған балалар, балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеушi жалғыз басты және көп балалы ата-аналар; 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды тәрбиелеушi ата-аналар; III топтағы мүгедектер; соңғы жұмыс орнынан шығу негiзiне қарамастан ұзақ бiр жылдан астам уақыттан берi жұмысы жоқ адамдар; зейнеткер жасына таяп қалған зейнеткерлiкке шығуына 2 жыл қалған адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, Ауғанстан соғысына қатысқандар немесе соларға теңелгендер; соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар; құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшiн босатылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен зейнетақы алу құқығынсыз босатылған әскери қызметшiлер; босқындар, мигранттар (оралмандар); әйелдер жатады.
Тарау 2. 2. Квоталарды белгiлеудiң шарттары мен тәртiбi
2. Квоталарды белгiлеудiң шарттары мен тәртiбi
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсыныстарды әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдар топтарының мүдделерiн қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аймақтағы жұмыс күшiне сұранымды және ұсынымды талдаудың, болжаудың негiзiнде қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi әзiрлейдi.
Тармақ 4
4. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi ұсынған ұсыныстардың негiзiнде қала және аудандардың әкiмдерi тиiстi шешiмдерiмен өз аумағында орналасқан ұйымдарға әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшiн жұмыс орындарына квота және оны енгiзу мерзiмiн белгiлейдi.
Квоталарды белгiлеу кезiнде әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдардың жасы және жыныстық құрамы, мамандығы мен бiлiктiлiк деңгейi, сондай-ақ ұйымдардағы қызмет түрi, режимi, сипаты мен әлеуметтiк-тұрмыстық еңбек жағдайы ескерiледi.
Тармақ 5
5. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi қабылданған шешiм туралы жұмыс берушiлердi квотаны енгiзуден бiр ай бұрын хабардар етедi.
Тармақ 6
6. Квота мөлшерi (ұйымда жұмыс iстейтiн адамдар санының 5%-iнен аспайтын) жыл сайын кемiнде бiр жыл мерзiмге белгiленедi.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушiлер белгiленген квотаға сәйкес азаматтардың осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жұмыс орындарын құрады немесе бөледi.
Тармақ 8
8. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң жолдамалары бойынша жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдардың
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегi мiндеттерi және жауапкершiлiгi
3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдардың
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегi мiндеттерi және жауапкершiлiгi
9. Жұмыс берушiлер қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi жiберген азаматтарды әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға сәйкес жұмысқа қабылдауға мiндеттi.
10. Белгiленген квоталардың шеңберiнде құрылған немесе бөлiнген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушiлер пайда болған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне ұсынуға мiндеттi.
11. Жұмыс берушiлер тоқсан сайын қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне квотаның есебiне бөлiнген жұмыс орындарының толығуы жөнiнде ақпарат ұсынады.
12. Жергiлiктi органдардың жұмыс орындарын квоталау туралы шешiмiн
орындамаған немесе әлеуметтiк қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа
орналастырудан жалтарған жұмыс берушiлер өазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауап бередi.
13. Квотаның есебiнен бөлiнген жұмыс орындарының толығуын бақылауды
жергiлiктi атқарушы органдар, қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi жүзеге асырады.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы
Басқа 18
Облыс әкімінің 2001 жылғы
14 ақпандағы N 62 шешіміне
қосымша N 2
Атырау облысы бойынша 2001 жылға арналған әлеуметтік қорғауға мұқтаж
адамдар үшін жасалған жұмыс орындарының квотасы
адам
№
Қала, аудандар
барлығы
21 жасқа дейінгі жастар
Жетім балалар балалар үйінде тәрбиеленушілер,23 жасқа дейінгі асыраушысынан айрылғандар
Жалғыз басты және көп балалы ата-аналар
16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналар
Ұзақ уақыттан бері жұмысы жоқ адамдар
Зейнеткер жасына таяпқалғандар
Бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар
Оның ішінде санаттар бойынша
1
Атырау
165
26
10
26
8
44
3
5
2
Жылыой
130
22
7
22
6
41
1
4
3
Индер
26
4
1
5
1
8
1
1
4
Исатай
70
11
4
15
1
25
1
1
5
Құрманғазы
41
7
2
10
1
12
1
1
6
Қызылқоға
47
8
3
13
1
11
1
1
7
Мақат
41
7
2
10
1
11
1
1
8
Махамбет
30
5
1
9
1
8
1
1
Облыс бойынша барлығы
550
90
30
110
20
160
10
15
Әскери қызметтен босағандар
Ауғанстан соғысына қатысушылар және соған теңелгендер
Мигранттар оралмандар
басқалары
әйелдер
мүгедектер
Бірде –бір адам жұмыс жасамайтындары
8
10
9
16
6
4
4
13
1
1
1
2
3
1
2
6
2
1
1
3
2
1
1
5
2
1
1
4
1
1
1
1
25
20
20
50