Об утверждении Правил государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е. Досаев 2015 жылғы 4 ақпан
Басқа 1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жеңіл рельсті көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол көлігі мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі;
Тармақша 2
2) қалалық рельстік көлік - қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);
Тармақша 3
3) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
Тармақша 4
4) монорельсті көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
Тармақша 5
5) тізілім - Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры;
Тармақша 6
6) трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі.
Тармақ 4
4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі
2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі
Тармақ 5
5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;
Тармақша 2
2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібереді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Тармақ 9
9. Куәлік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуге жатады.
Тармақ 11
11. Мүлікті жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді. Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.
Тармақ 12
12. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен:
Тармақша 1
1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару, оны қалпына келтірмей зақымдаған;
Тармақша 2
2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен шығарған жағдайларда алынып тасталады.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы орган тізілімге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметті тоқтату туралы мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. Өтініш
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша ___________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші атауы) ___________________________________________________________________________ (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер қоры немесе «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде тартылады) Өтініш ____________________ (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын. Мекенжайы: __________________қаласы, ______________________көшесі жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________________________________ байланыс телефондары (факс)_____________________________________ Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі. Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 2. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­у­ла­ры 1) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу; 2) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру. 3 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аста­на, Ал­ма­ты, Пав­ло­дар, Өс­ке­мен және Те­мір­тау қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 2 (екі) жұ­мыс кү­ні 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ке­зін­де осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік ре­сім­де­ле­ді; қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен алып та­с­та­ған кез­де қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын алып та­стау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ре­сім­де­ле­ді; неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі 1. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ку­ә­лі­гін мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен және мөл­шер­де алы­на­ды және алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 0,25 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды. Бюд­жет­ке тір­кеу алы­мы­ның со­ма­сын тө­леу қол­ма – қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 2. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру те­гін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 9 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) пор­тал­да – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш; 2) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­ра­лы­ның әр­бір бір­лі­гіне ар­нал­ған тех­ни­ка­лық пас­порт­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (фор­му­ляр). Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын алып та­стау үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш; 2) кей­ін­нен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де пай­да­ла­ну үшін әке­те оты­рып, Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ак­ті не за­қым­дау, ие­лік­тен шы­ға­ру ту­ра­лы құ­жат. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, қа­ла­лық ре­льстік кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да, тір­кеу алы­мы­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. 11 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер: 1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған. 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­ла­ды; 5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы. 12 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414 те­ле­фо­ны ар­қы­лы, неме­се қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да алу­ға бо­ла­ды.
Басқа 1.3. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша _____________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші атауы) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _________________________________________________________________ _______________ (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін) құқығындағы_____________________________________________________ ___________________________ (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды. зауыттық нөмірі ______________________________________________________ мүкәммалдық нөмірі __________________________________________________ секциясы ____________________________________________________________ жасалған жылы __________________________________ Берілген күні 20___жылғы «___»_______ Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы _______________________________
Басқа 1.4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімі
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімі Әкім­дік Ку­ә­лік № Бе­рі­л­ген кү­ні Мен­шік ие­сі Мен­шік тү­рі Жал­ға алушы Жал­дау мер­зі­мі 1 2 3 4 5 6 7 Жа­сал­ған кү­ні Нор­ма­тив­тік қыз­мет ету мер­зі­мі Соң­ғы жөн­деу кү­ні Ке­ле­сі жөн­деу кү­ні Тех­ни­ка­лық жай-күйі Тір­кел­ген же­рі жа­рам­ды есеп­тен шы­ға­ры­л­ған 8 9 10 11 12 13 14