Об утверждении Правил ведения мониторинга земель и пользования его данными в Республике Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 161-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 159 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 161-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) жердің тозуы – жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жай-күйінің нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнінің төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы;
Тармақша 2
2) жер мониторингі – жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесі;
Тармақша 3
3) негізгі учаске – өсімдіктер мен топырақтың құрамын және сипатын, олардың белгілі бір ландшафттың табиғи жағдайларымен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететін жергілікті жердегі типтік учаске;
Тармақша 4
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 4
4) полигон - зерттелетін аумақтың шекараларын анықтау және кеңістіктік талдау, жердің жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу үшін пайдаланылатын белгіленген координаттары бар тұйық аймақ түріндегі кеңістіктік (векторлық) геообъект;
Тармақша 5
5) стационарлық пункт – әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда, провинцияларда, биіктік белдеулерінде өсімдіктер мен топырақ жамылғысының жай-күйін ұзақ уақыт (10 (оң) жылдан астам мерзімге) тұрақты байқау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсатымен және аумақтық ауқымымен айқындалады.
Тармақ 5
5. Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынадай кіші жүйелерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі; елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елдi мекендер) жерлері мониторингі; өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер мониторингі; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер мониторингі; орман қоры жерлері мониторингі; су қоры жерлері мониторингі; босалқы жерлері мониторингі.
Тармақ 6
6. Аумақтық ауқымына қарай жердің республикалық, өңірлік және жергілікті мониторингі жүзеге асырылады: республикалық - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды; өңірлік - физикалық-географиялық, әкімшілік, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды; жергілікті - жекелеген жер учаскелері мен ландшафтық-экологиялық кешендердің қарапайым құрылымдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі. Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай жердің жай-күйін бақылаудың мынадай: базалық (бастапқы жер мониторингін жүргізуді бастау сәтіндегі бақылау объектілерінің жай-күйін тіркейтін); жедел (ағымдағы өзгерістерді тіркейтін); кезеңдік (бір және одан көп жылдан кейін) түрлері жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жер мониторингі мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) жерлердің жай-күйінің базалық (бастапқы) сызықтарын және нысаналы индикаторларын белгілеу, оның ішінде: жер ресурстарының (өсімдік жамылғысы, өнімділік, тозуы, шөлейттену және өзге де көрсеткіштер) ағымдағы жай-күйін бағалау; өзгерістерді қадағалау үшін базалық карталар мен деректерді қалыптастыру;
Тармақша 2
2) табиғи азықтық алқаптардың өсімдік жамылғысы жай-күйінің өзгеруін мониторингтеу; жер пайдаланудың және өсімдік жамылғысының өзгеруін қадағалау үшін жерлерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану; жерлердің өнімділігі көрсеткіштерінің (оның ішінде өсімдік жамылғысының және биомассаның), топырақ жай-күйін (органикалық көміртегінің жай-күйі) және тозуын мониторингтеу; жерлердің жай-күйінің өзгеру тенденцияларын (жақсару, нашарлау, тұрақты жай-күй) бағалау үшін деректердің уақытша қатарын қалыптастыру; жерлердің жай-күйі, тозуы, топырақтың жай-күйі және өсімдіктер туралы далалық деректерді және жер үстіндегі бақылауларды жинау және талдау;
Тармақша 3
3) жерлердің тозуы және жер пайдаланудың өзгеру түрлерін талдау, оның ішінде: жерлердің тозуына әкелетін факторларды (қуаңшылық, шөлейттену, топырақ эрозиясы, жерді ұтымсыз пайдалану және өзге де факторлар) анықтау және талдау; қауіп аймақтарына геокеңістіктік талдау жүргізу, тозу ошақтарын және басым шаралар қабылдауды талап ететін учаскелерді анықтау.
Тармақ 8
8. Жердің жай-күйін бағалау жүргізілетін байқауларды (кезеңдік, маусымдық, тәуліктік) талдау, алынған көрсеткіштерді нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
Тармақ 9
9. Жердің жай-күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінін, бағытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса беріле отырып, жедел мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жерлердің мониторингін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізілетін жерлердің мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 163-бабына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жерлердің мониторингін жүргізу үшін жерлердің жай-күйін бақылау пункттерінің аумақтық-аймақтық желісі айқындалады.
Тармақ 13
13. Мониторингтің аумақтық-аймақтық желісі жерлердің жай-күйін бақылаудың стационарлық және жартылай стационарлық пункттерін қамтиды. Стационарлық бақылау пункттері берілген толықтық пен дәлдік арқылы жерлердің жай-күйі туралы ақпаратты жүйелі түрде алу үшін құрылады. Мұндай пунктерге стационарлық алаңдар, негізгі учаскелер және полигондар жатады. Жартылай стационарлық бақылау пункттері (жартылай стационарлық алаңдар, бейін) жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады. Оларды бақылау жүйелі түрде 3, 5, 10 және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Мониторинг деңгейі бақылау пункттерінде жерлердің жай-күйіне жүргізілетін бақылау бағдарламасымен айқындалады.
Тармақ 15
15. Жерлердің мониторингі бірыңғай жіктеуіштерді, кодтарды, бірліктер жүйесін, деректердің стандартты пішімдерін және нормативтік құқықтық базаны, координаттар мен биіктіктердің мемлекеттік жүйесін пайдалануға негізделген әртекті деректердің үйлесімділік қағидатын сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Жерлердің жай-күйіне жүйелі түрде байқаулардың нәтижелері жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады: жерүсті түсірілімдері, жерлерді зерттеп-қарау, түгендеу материалдары; жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдары, архивтік деректер, Жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған мәліметтер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алынған жерлердің сапалық жай-күйі туралы өзге де мәліметтер.
Тармақ 17
17. Ғарыштық жеткізгіштен суретке түсіру мен бақылау республикалық және өңірлік деңгейлерде жердің жай-күйінің сипаттамасын алу үшін орындалады. Жер бетіндегі бақылау, зерттеу, тексеру және суретке түсіру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, түйінді учаскелерді, полигондарды және бейіндерді пайдалану арқылы жердің барлық санаттары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жерлер мониторингінің нәтижелері есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде қағаз жеткізгіштерде және ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың цифрлық жүйелерін пайдалана отырып, рәсімделеді.
Тармақ 19
19. Жер мониторингі жөніндегі құжаттамалар базалық және есептік құжаттарды қамтиды. Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаскесінің бастапқы (аялық) жай-күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға жердің жай-күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай-күйі туралы жиналған мәліметтер жатады. Бірізділендірілген нысандар, оларда жердің жай-күйінің тіркелген өзгерісі көрсетілген кестелер есептік құжаттар болып табылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәліметтер «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылады және сақталады.
Тармақ 21
21. Жерлерді мониторингтеу деректерін пайдаланушылар: жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және орталық уәкілетті орган ведомствосының келісуі бойынша басқа да орталық атқарушы органдар; жергілікті атқарушы органдар; өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Тармақ 22
22. Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз немесе магниттік жеткізгіштермен стандартты ресімделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды алу, сондай-ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген кіру нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын деректері жалпыға қол жетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер мониторингінің деректерін мемлекеттік органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады.