Об утверждении Правил выдачи акта экспертизы (протокола испытаний) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-13) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице – министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә.Исекешев 10 ақпан 2015 жылы «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 27 қаңтар 2015 жылы
Басқа 0. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 8-бабы 46-13) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін, сондай-ақ «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актілерін (сынау хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай жалпы ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Е-аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – сараптама актілері (сынақ хаттамалары) туралы мәліметтердің орталықтандырылған есепке алынуын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
Тармақша 3
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, азық және азықтық қоспаларға ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
Тармақша 4
4) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар жұмыскерi;
Тармақша 5
5) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
Тармақша 6
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) − жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырушылардың штамдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, азық және азықтық қоспалар, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
Тармақша 7
7) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі
2-тарау. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі
Тармақ 4
4. Ветеринариялық зертханалардың жануарлардың ауруларын диагностикалау бойынша зерттеулер (бұдан әрі ̶ диагностикалық зерттеулер) жүргізген кезде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген жағдайларды қоспағанда:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) ветеринария саласындағы мамандары ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттары бар сынамаларды қабылдауды;
Тармақша 2
2) жеткізілген сынамаларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі − Сынамаларды іріктеу қағидалары) талаптарының сәйкестігіне талдауды және қарап тексеруді;
Тармақша 3
3) ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық зертханаларға келіп түскен материалдарды тiркеу журналына (бұдан әрі – Журнал) енгізуді;
Тармақша 4
4) келіп түскен сынамаларды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
Тармақ 5
5. Ветеринариялық зертханалардың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгенде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі, осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген жағдайларды қоспағанда:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ұсынған сынамаларды және ілеспе ветеринариялық құжаттарды қабылдауды;
Тармақша 2
2) жеткізілген сынамаларды Сынамаларды іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкестігіне талдауды және тексеруді;
Тармақша 3
3) ілеспе, ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
Тармақша 4
4) ) келіп түскен сынамаларды ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
Тармақша 5
5) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
Тармақ 6
6. Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
Тармақша 1
1) ветеринариялық ілеспе құжаттарды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, азық және азықтық қоспалардың ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеруді;
Тармақша 2
2) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
Тармақша 3
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді;
Тармақша 4
4) ақпараттық жүйені пайдалана отырып ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
Тармақ 7
7. Серологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) қоса әр сынамаға зерттеу нәтижелерін белгілей отырып, «оң нәтиже», «теріс нәтиже» немесе «күмәнді» деген мөртаңба қойылып жануарлардың тізімдемесі ресімделеді.
Тармақ 8
8. Ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін (сынама хаттамасын) беру мерзімі диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізіліп біткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі: серологиялық зерттеулер бойынша: классикалық – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); вирусологиялық зерттеулер – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); молекулалық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); бактериялогиялық зерттеулер бойынша: микроскопия – 2 (екі) жұмыс күні ішінде; биологиялық сынама – 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; тамақ өнімдерінің, азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде; тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Тармақ 9
9. Ветеринариялық зертханалар сараптама актісін (сынақ хаттамасын) диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін сынамаларды берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға немесе ветеринария саласындағы маманға жолдайды.
Тармақ 10
10. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, алынатын сынамалардың көлемі, зертхананың атауы көрсетілген, өндіріс объектісі бекіткен және аумақтық бөлімше келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болғанда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, салқындатылған тағамдық балық өнімдерін, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорттау) үшін берілген сәттен бастап оны1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі. Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелері Сынамаларды іріктеу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.
Тармақ 11
11. Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін, сатып алушының (кәсіпкердің) атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, оның қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізген және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының уәкілетті адамының қолымен расталады.
Тарау 3. 3-тарау. «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3-тарау. «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 13
13. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру (тасу) (импорт/экспорт) кезінде, сондай-ақ Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) кеңсесі арқылы немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру (тасу) (импорт/экспорт) кезінде, сондай-ақ Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 6-3) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін диагностикалау немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін олардан сынамалар алуды тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүргізеді. Заңның 35-бабы 2-тармағының 5), 6-1) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде диагностикалауға арналған биологиялық материалдың сынамаларын алуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарының ветеринария саласындағы мамандары жүргізеді. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның қызметкерлері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.
Тармақ 16
16. Аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсе қызметкері өтінішті келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды/ЖАО-ның жауапты орындаушысын айқындау үшін аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның басшысына жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады. Аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 17
17. ЖАО-ның жауапты орындаушысы өтінішті келіп түскен күні қарайды және оны мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жібереді. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым кеңсесінің қызметкері өтінішті келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және ветеринария саласындағы жауапты маманды айқындау үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді. Жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор/ мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сынамаларды іріктеу қағидаларына сәйкес сынамаларды іріктеуді, ілеспе құжаттарды дайындауды жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жібереді. Сынамаларды іріктеп және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жібергеннен кейін жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор/мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің құны мен мерзімдері туралы хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің/мемлекеттік ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ілеспе құжаттары бар сынамаларды қабылдайды, жеткізілген сынамалардың Сынамаларды іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкестігіне талдауды және тексеріп-қарауды жүргізеді, ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізеді, келіп түскен сынамаларды диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бөліміне жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) не ақпараттық жүйені пайдалана отырып осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді. Серологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) бірге әрбір сынама бойынша «оң», «теріс» немесе «күмәнді» мөртабан бедерлерін қоя отырып, оларды зерттеу нәтижелерінің белгісімен жануарлардың тізімдемесі ресімделеді. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсесіне жолдайды.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекетік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші, ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 23
23. Ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 24
24. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-ның 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. ___________________________________________________________________ (зерттеу жүргізген ветеринариялық зертхананың атауы, белгілері және аккредитация жөніндегі деректер (бар болса), мекенжайы, телефондары)
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 1-қосымша Нысан/Форма ___________________________________________________________________ (зерттеу жүргізген ветеринариялық зертхананың атауы, белгілері және аккредитация жөніндегі деректер (бар болса), мекенжайы, телефондары) Беткі жағы/Лицевая сторона Сараптама актісі (сынақ хаттамасы)/ Акт экспертизы (протокол испытаний) 20__ жылғы/года «____» ___________ № _____________ Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы және мекенжайы/Фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица или наименование юридического лица и адрес Сынама атауы тип, марка, серия/Наименование образца, тип, марка, серия Үлгінің зерттеуге түскен күні/Дата поступления образца на испытание Үлгі алынған күн/Дата отбора образца Дайындаушы (ел, фирма)/Изготовитель (страна, фирма) Жануардың жеке нөмірі/Индивидуальный номер животного Партия өлшемі (көлемі), массасы /Размер (объем) партии, масса Сынама саны/ Количество проб Нормативтік құжатын көрсету/Обозначение нормативного документа Зерттеулер жүргізілген күн/Дата проведения испытаний Зерттеулер түрі/Вид испытаний Сырт жағы/Оборотная страница Жүргізілген сараптамалар (зерттеулер) нәтижелері/ Результаты экспертизы (испытаний) № __________________: Р/с № Зерттеулер/ сынақтар атауы/ Наименование исследований/испытаний Зерттеу/ сынама әдістемелеріне нормативтік құжат/Нормативный документ на методы исследований/испытаний Көрсеткіштердің нормадағы мәні/ Нормируемые значения показателей* Зерттеулер/ сынақтар нәтижелері/ Результаты исследований/ испытаний 1 2 3 4 5 Қолданылған бақылау материалдары (диагностикумдар)/Примененные контрольные материалы (диагностикумы)______________________________ Зерттеулер жүргізуге қойылатын шарттар/Условия проведения испытаний ____________________________________________________________________ Сараптама (зерттеу) қорытындысы тек зерттелген үлгіге қатысты/Результаты экспертизы (испытаний) относятся только к испытанным образцам _________________________________________________________ Ескертпе/Примечание: * сараптама актісі (сынақ хаттамасы) рәсімделгенде жануарлар ауруларына диагностикалық зерттеу жүргізілгенде толтырылмайды/при оформлении акта экспертизы (протокола испытаний) по проведенным диагностическим исследованиям болезней животных не заполняется. Руководитель ______________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Осы сараптама актісі (сынақ хаттамасын) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз жартылай немесе толықтай көшіруге немесе тираждауға болмайды/Настоящий акт экспертизы (протокол испытаний) не может быть полностью или частично воспроизведен или тиражирован без разрешения ветеринарной лаборатории, проводившей исследования/испытания.
Басқа 2. Өтініш
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 2-қосымша Нысан (Кімге) _______________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге ____________________________ асыратын бөлімшесінің/ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы) ____________________________ ____________________________ (кімнен)_____________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ ____________________________ Мекенжайы__________________ Өтініш нөмірі: ________________ Өтініш _________________________________________________________________ (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің атауы, түрі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ветеринариялық зертханалары ұсынатын сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беруді сұраймын. Дайындаушы (ел, фирма)________________________________________ Партия өлшемі, сынама саны, массасы___________________________ Зерттеулер түрі_________________________________________________ Байланыс телефондары ___________________________________________ электрондық мекенжайы (бар болса)_______________________________ Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларына сәйкес зертхана көрсететін қызметтерге ақы төлеуге өз келісімімді растаймын. Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларымен таныстым. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақыны:__________________________ ____________________________________________________________________ зертханалар кассаларына қолма-қол ақша нысанында; ____________________________________________________________________ екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда; шарттық міндеттемелер шеңберінде төлеуге міндеттенемін. Зертхана ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманының ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуына келісемін. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Мемлекеттік қызмет алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ______________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Күні_____________________________________________________________
Басқа 3. «Ветеринариялық зертханалар беретін cараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 3-қосымша «Ветеринариялық зертханалар беретін cараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық ве­те­ри­на­ри­я­лық зерт­ха­на» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны және оның фи­ли­ал­да­ры және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің «Ве­те­ри­на­рия бой­ын­ша ұлт­тық ре­фе­рент­тік ор­та­лық» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны және оның фи­ли­а­лы (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді. 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры/ об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – аумақ­тық бө­лім­ше­лер/ЖАО); 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма аяқ­тал­ған­нан кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де. Ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма мы­на­дай мер­зім­дер­де жүр­гі­зі­ле­ді: се­ро­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша: клас­си­ка­лық – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де; им­мун­дық-фер­мент­тік тал­дау (ИФТ) – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні ішін­де (сы­на­ма­лар­дың жи­на­луы­на қа­рай); ви­ру­со­ло­ги­я­лық зерт­те­улер – 25 (жиыр­ма бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де (зерт­те­улер жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лер­ге бай­ла­ны­сты); мо­ле­ку­ляр­лық-ге­не­ти­ка­лық зерт­те­улер (МГЗ) – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні ішін­де (сы­на­ма­лар­дың жи­на­луы­на қа­рай); бак­те­ри­я­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша: мик­ро­ско­пия – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де; био­ло­ги­я­лық сы­на­ма – 70 (жет­піс) жұ­мыс кү­ні ішін­де (зерт­те­улер жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лер­ге бай­ла­ны­сты); па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер бой­ын­ша – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де; та­мақ өнім­де­рі­нің, азық және азық­тық қо­с­па­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рін анық­тау бой­ын­ша – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні ішін­де; та­мақ өнім­де­рін мін­дет­ті және қо­сым­ша зерт­те­улер бой­ын­ша – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де. Сы­на­ма­лар­ды алу және олар­ды зерт­ха­на­ға зерт­те­у­ге жол­дау – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Са­рап­та­ма ак­ті­сі (сы­нақ хат­та­ма­сы) не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті көр­се­ту құ­нын көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 116-ба­бы 1-тар­ма­ғы­на және «Ве­те­ри­на­рия ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 35-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тар­мақ­ша­ла­ры­на сәй­кес бел­гі­лей­ді және ин­тер­нет-ре­сур­ста және үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ра­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы ауда­ру жо­лы­мен не зерт­ха­на­лар­дың кас­са­ла­ры­на қол­ма-қол ақ­ша­мен неме­се шар­ттық мін­дет­те­ме­лер шең­бе­рін­де ақы тө­лей­ді. Мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­рі­нен ди­а­гно­сти­ка неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық са­рап­та­ма үшін сы­на­ма­лар алу те­гін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің –Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін; 2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Жұ­мыс уа­қы­ты­ның бел­гі­лен­ген ұз­ақ­тығ­ы­нан тыс уа­қыт­та өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты­ның кесте­сіне сәй­кес бел­гі­лей­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Аумақ­тық бө­лім­ше­лер/ЖАО ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: 1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; 2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); пор­тал­да: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш. Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді аумақ­тық бө­лім­ше­лер­дің/ЖАО-ның қыз­мет­кер­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға бо­ла­тын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші цифр­лық құ­жат­тар­ды пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал­дың ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның са­рап­та­ма ак­ті­сін (сы­нақ хат­та­ма­сын) алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты са­рап­та­ма ак­ті­сін (сы­нақ хат­та­ма­сын) алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін ақ­па­рат пай­да­ла­ну­шы­лар мо­биль­ді қо­сым­ша­да және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өтуі ти­іс, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне әрі қа­рай пай­да­ла­ну үшін құ­жат­ты қа­рай­ды.
Басқа 4. Хабарлама
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Хабарлама № _______ 20____жылғы «____» ____________________________ Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Жүгінген күні 20__жылғы «___» ____________ Сараптама атауы______________________________________________________________ Сараптама актісін беру мерзімі __________________________________________________ Көрсетілетін қызметтің құны: ____________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (қол қоюшы қызметкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің атауы).
Басқа 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 5-қосымша Нысан [Уәкілетті органның атауы ] [Уәкілетті органның атауы] Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\елді мекен: [қала\елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН] Мемлекеттік тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]