Об усилении охраны рыбных запасов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық қорларын қорғауды күшейту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 54 қаулысымен. Соңғы жылдары облыста балық уылдырық шашу кезiнде браконьерлiктiң өсуi, балық қорғау ұйымдарының жұмыс тиiмдiлiгiнiң төмен екендiгiн байқатады. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндiру ережесiн бекiту туралы» 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысына сәйкес Орал өзенiнде және облыстың басқа да сутоған балық шаруашылықтарында балықтарды қорғауды күшейту мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Балық қорларын қорғау шараларын жүзеге асыратын қызметтердiң жұмысын үйлестiрiп отыру жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн облыстық штаб қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Орал қаласының, Ақжайық, Бөрлi, Жаңақала, Зеленов, Казталов және Теректi аудандарының әкiмдерi тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру топтарын құрсын, олардың облыстық штабпен өзара әрекеттестiгiн және балық қорғау шараларына байланысты барлық мәселелердi тұрақты түрде оперативтi қарап отыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық штаб, қалалық және аудандық үйлестiру топтары Орал өзенiнде және басқа да облыстың сутоғандарында балық қорын қорғау жөнiнде шаралар жасап бекiтсiн. Балық қорғауға қатыстырылатын арнайы өкiлеттi қызметтердiң әрекеттестiгiн, әсiресе балықтардың уылдырық шашу кезiндегi белсендi қызметтерiн үйлестiрiп отыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Уылдырық шашу кезеңiнде Орал өзенiнде, қосалқы сутоғандарында жыл сайын 10 сәуiрден 15 маусымға дейiн, ал басқа су тоғандарында 1 мамырдан 15 маусымға дейiн ғылыми-зерттеу жүргiзiлетiн мақсаттардан басқа балықтың барлық түрiн аулауға, сондай-ақ Орал өзенiнiң балық шаруашылығы аймақтарында балық қорғау ұйымдарының келiсiмiнсiз қандайма болмасын жұмыстар жүргiзуге тыйым салынсын.
Тармақ 5
5. Балық қорғау органдары, көлiктердi бақылау комитетiнiң облыстық басқармасы уылдырық шашу кезеңiнде автокөлiк және жүзу құралдарының қозғалысын заңда белгiленгенге сәйкес шектеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық балық қорғау инспекциясы, облыстық iшкi iстер басқармасы, облыстың аумақтық жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн мемлекеттiк бақылау басқармасы, орман және биоқорлар басқармасы, кеден басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi: сутоғандарында, көлiк магистралдарында, кеден бекеттерi мен базарларда браконьерлiктiң жолын қию, уылдырық шашу кезiнде заңсыз ауланған балықтарды тартып алу және оны белгiленген сауда орындарына тапсыру жөнiндегi бекеттер мен оперативтiк ұтқыр топтардың бiрлескен тиiмдi жұмысын қамтамасыз етсiн; балық өнiмдерiн алудың, ресiмдеудiң, өткiзудiң және есебiн алудың белгiленген тәртiбiн барлық деңгейдегi орындаушыларға жеткiзсiн және оның бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық салық комитетi қала мен аудандар әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша Орал қаласында, аудан орталықтарында және басқа елдi мекендерде тартып алынған балық өнiмдерiн қабылдап алу және сату жөнiнде сауда нүктелерiн белгiлесiн және оның тiзiмiн мүдделi органдарға жыл сайын 1 сәуiрге дейiн тапсыратын болсын.
Тармақ 8
8. Облыстық балық қорын қорғау инспекциясы, облыстық салық комитетi тартып алынған балықтарды сатудың төменгi бағасын белгiлеу жөнiнде дер кезiнде ұсыныстар әзiрлесiн және оны мүдделi ұйымдарға жеткiзсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық салық комитетi, қоршаған ортаны қорғау қоры, арнайы өкiлеттi органдар тәркiленген балық өнiмдерiн, балық аулау құралдарын өткiзуден түскен қаржының, сондай-ақ табиғат қорғау заңын бұзғаны үшiн салынған айып-пұлдардың және келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн түскен сомалардың бюджетке толық және дер кезiнде түсуiне бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 10
10. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы, облыстық салық комитетi және облыстың арнаулы өкiлдi органдары облыстық штабқа атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты әр жылдың 1 шiлдесiнде, 1 қазанында және жыл қорытындысы бойынша тапсыратын болсын.
Басқа 11. Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 3 қаулысына қосымша Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi облыстық штабтың ҚҰРАМЫ А.Қ. Есенғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, штаб бастығы Қ.Б. Әлпейiсов - облыстық балық қорларын қорғау жөнiндегi инспекциясының бастығы, штаб бастығының орынбасары И.И. Әубәкіров- облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, штаб бастығының орынбасары ШТАБ МҮШЕЛЕРI: С.Қ. Биекенов - облыстық кеден басқармасы бастығының орынбасары Ш.М. Бұзырбаев - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi бастығының бiрiншi орынбасары Б.Ж. Жексенов - облыстық iшкi iстер басқармасының балық қорына қылмысты қол сұғушылықпен күресу жөнiндегi су полициясы бөлiмiнiң бастығы В.Г. Дордий – Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары В.П. Неелов - облыс әкiмi аппаратының бас маманы Қ.А. Сұлтанбаев - облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Ж.М. Түбетов - облыстық аумақтық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармасының бастығы М.Н. Оразғалиев - облыстық орман және биоқорлар басқармасының бастығы С.Н. Церковников - облыстық салық комитетi төрағасының орынбасары