О Банке Развития Казахстана Қолданыста
Басқа 0
МАЗМҰНЫ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
4-1-бап. Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
6-1-бап. Даму Банкінің үлестес тұлғалары
2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
8-бап. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
11-бап. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
14-1-бап.
Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
17-бап. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен
18-бап. Дивидендтік саясат
4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
20-бап. Есептiлiк
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
22-бап. Алынып тасталды
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
24-бап. Директорлар кеңесi
25-бап. Басқарма
6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Алынып тасталды
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртiбi
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Қазақстанның Даму Банкі туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрi - Даму Банкi) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2006 № 178; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.13.2009 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 1-1. 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банкаралық кредит беру – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және бейрезидент банктеріне кредиттер беру;
Тармақша 2
2) жоба – инвестициялық жоба, экспорттық операция, лизингтік операция;
Тармақша 3
3) инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жоба;
Тармақша 4
4) кредиттік құрал – Меморандумда айқындалған, Даму Банкінің қарыз алушыны қаржыландыру тәсілдері;
Тармақша 5
5) қайта құрылымдау – Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді бұзған қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалар іске асыратын инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені, бұл сыйақыларды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастауды және (немесе) қарыз алушының айналым капиталын қаржыландыруды немесе қайта қаржыландыруды және (немесе) Даму Банкінің талап ету құқықтарын қарыз алушыға беруді және (немесе) қарыз алушының жарғылық капиталына Даму Банкінің кіруін және (немесе) қарыз алушыға субсидияланған қарыз беруді және (немесе) инвестициялық жобаның экономикалық көрсеткіштерін қалпына келтіруге ықпал ететін өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін;
Тармақша 6
6) қарыз алушы – Даму Банкінен қарыз алған заңды тұлға;
Тармақша 7
7) мезониндік қаржыландыру – қарыз алушының акцияларына немесе капиталға қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен реттелген қарыз беру;
Тармақша 8
8) Меморандум – осы Заңның 1-бабында көрсетілген ұлттық басқарушы холдинг бекітетін Даму Банкінің кредит саясаты туралы меморандумы;
Тармақша 9
9) синдикатталған қарыз – Даму Банкі синдикаттың басқа қатысушыларымен бірлесе отырып, бір банктік қарыз шарты негізінде жүзеге асыратын қарыз операциясы, бұл ретте банктік қарыз шарты бойынша синдикат қатысушыларының мүдделерін білдіру, сондай-ақ қарыз бойынша кредиттік әкімшілендіру синдикат қатысушыларының біреуіне тапсырылуы мүмкін;
Тармақша 10
10) субсидияланған қарыз – қаржыландырылу құны кредиттік құралдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу үшін Даму Банкі белгілейтін қарыз алу құнынан төмен белгіленетін қарыз. Субсидияланған қарыздар бойынша өлшемдер Меморандумда белгіленеді;
Тармақша 11
11) экспорттық операциялар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және шығарылатын өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты.
📌 Ескерту. 1-тарау 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 2. 2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
Тармақ 1
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
Даму Банкін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда белгiленедi.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2004.07.06 N 571, 2005.12.23 N 108, 2006.07.07 N 178, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3. 3-бап. Даму Банкінің негізгі мақсаттары мен мiндеттері
3-бап. Даму Банкінің негізгі мақсаттары мен мiндеттері
📌 Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Даму Банкі қызметінің негізгі мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 2
2. Даму Банкінің
негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы орта мерзімді (бір жылдан бастап және одан көп мерзімге берілетін банктік кепілдіктерді қоспағанда, бес жыл және одан көп мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру;
Тармақша 2
2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредит беруді, кредит желілерін, орналастырудан түсетін қаражатты эмитент Меморандумда айқындалған тәртіппен экспорттық операцияларды іске асыруға жіберетін облигацияларды Даму Банкінің сатып алуын қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру;
Тармақша 3
3) мезониндік қаржыландыруды ұсыну, жобалық қаржыландыру, синдикатталған қарыз ұсыну, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
Тармақша 4
4) басқа да кредит институттары ұсынатын қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ қоса қаржыландыру және банкаралық кредит беру, лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
Тармақша 5
5) жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
📌 Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
4-бап. Даму Банкiнiң функциялары
Даму Банкiнiң функциялары:
Тармақша 1
1) Меморандумға сәйкес жобаларды іздестіру, iрiктеу және, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, қаржыландыру;
Тармақша 2
2) қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға шарт негізінде банк сараптамасын жүргізу;
Тармақша 3
3) Даму Банкінің қызметі шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық және ұлттық даму институттарымен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) Даму Банкi қарыз алушыларының қаржылық жай-күйінің және Даму Банкі қаржыландыратын жобалардың іске асырылуының мониторингі, оның ішінде қамтамасыз ету мониторингі;
Тармақша 6
6) Даму Банкі қарыз алушылары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 7
7) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес қарыздарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
Тармақша 8
8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау;
Тармақша 9
9) Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражатын берген жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қарыздар
ұсыну.
Тармақша 10
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкінің жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
📌 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
өзгерістер енгізілді
23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4-1. 4-1-бап. Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары
4-1-бап. Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары
Даму Банкі қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
Тармақша 2
2) Даму Банкінің қызметін жүзеге асырудың ашықтығы;
Тармақша 3
3) адалдық және кәсібилік.
📌 Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері
Даму Банкі:
Тармақша 1
1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;
Тармақша 2
2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;
Тармақша 3
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
Тармақша 4
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
Тармақша 4-1
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
Тармақша 5
5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
Тармақша 7
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
Тармақша 8
8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға;
Тармақша 9
9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
6-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Даму Банкімен өзара қарым-қатынасы
Тармақ 1
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде банктерді, банк конгломераттарын және резервтік талаптарды пруденциялық реттеу, басшы қызметкерлердің келісуі, активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Даму Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, қарыз алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында еншілес ұйымды құруға немесе оны иемденуге, сондай-ақ
ұйымдардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртібіне қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының Даму Банкiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
📌 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6-1. 6-1-бап. Даму Банкінің үлестес тұлғалары
6-1-бап. Даму Банкінің үлестес тұлғалары
Ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары Даму Банкінің үлестес тұлғалары болып табылмайды.
📌 Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.07.2026 № 350-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
2-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI
Бап 7. 7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
7-бап. Даму Банкiнiң операциялары
Даму Банкі өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:
Тармақша 1
1) қарыз операцияларын: резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарымен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
Тармақша 2
2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
Тармақша 3
3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
Тармақша 4
4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді, оның ішінде Даму Банкі еншілес ұйымының тапсырмасы бойынша орындауды;
Тармақша 5
5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы, корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 6
6) Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қызмет көрсетілетін жобалар немесе мәмілелер шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы қарыз алушыларының, лизинг алушыларының және өзге де контрагенттерінің банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің немесе Даму Банкі еншілес ұйымының қарыздарын есепке жатқызу, лизинг нысанасына ақы төлеу, өзге де операциялары үшін, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 7
7) ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру бойынша агенті болуы кезінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау кезінде банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 8
8) резидент және (немесе) бейрезидент заңды тұлғалардың Даму Банкі немесе Даму Банкінің еншілес ұйымы алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 9
9) Даму Банкінің өтімділігін тарту мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
Тармақша 10
10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
Тармақша 11
11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
Тармақша 12
12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
Тармақша 14
14) лизингтік қызметті;
Тармақша 15
15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
Тармақша 16
16) өз мүлкін жалға беруді;
Тармақша 17
17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
Тармақша 18
18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
Тармақша 19
19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi
8-бап. Даму Банкiнiң банк сараптамасын жүргiзуi
📌 Ескерту. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 9. 9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы
Тармақ 1
1. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар алуы тек қана ақылы, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық негiзде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алатын заемдарды беру, пайдалану және қайтару тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Тармақ 3
3. Бюджеттерден тартылатын заемдарды Даму Банкi Меморандумға сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 9) тармақшасында көзделген жағдайда өзi дербес iрiктеу жүргiзетiн жобаларға кредит беру үшiн пайдаланады.
📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
10-бап. Даму Банкінің кәсіпорындарды сауықтыруды жүзеге асыруы
Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражаты берілген жағдайда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында Даму Банкі контрагент-банктерге арналып белгіленген лимиттер шеңберінде екінші деңгейдегі банктерге қарыздар береді.
Кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында Даму Банкінің контрагент-банктерге арналған лимиттерінен асып кеткен жағдайда, сондай-ақ өзге де жағдайларда Даму Банкі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкіл (агент) болуға құқылы.
📌 Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 11. 11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi
11-бап. Даму Банкi қызмет көрсететiн инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингi
📌 Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 12. 12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi
Тармақ 1
1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
Тармақ 2
2. Даму Банкі беретін қарыздар, болашақта келіп түсетін мүлік кепілін, оның ішінде күтілетін жүйелі ақшалай түсімдерді, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен, сақтандырумен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс басқа да тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Даму Банкі жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қарыздар беруге, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды және қамтамасыз етпей банкаралық кредит беруді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды
тұлғаларды қаржыландырудың
және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларды, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларды қаржыландырудың және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру шарттарын айқындау және (немесе) өзгерту кезінде, сондай-ақ Даму Банкі көрсетілген және (немесе) үшінші тұлғалармен өзге де мәмілелер жасасқан кезде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында белгіленген талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалармен, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғалармен мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мұндай тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын заңды тұлғаларға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.
📌 Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12-1. 12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
12-1-бап. Даму Банкінің жобалық қаржыландыруды жүзеге асыруы
Даму Банкі жобалық қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
Даму Банкінің жобалық қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылатын жобаларға қойылатын талаптар, жобалық қаржыландыру кезінде қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Меморандумда белгіленеді.
📌 Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 13. 13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
13-бап. Даму Банкiнiң заемдарды тартуы
Тармақ 1
1. Даму Банкi қарыз алуды заемның қайтарылуын өз активтерiмен қамтамасыз ете отырып немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Даму Банкi шығарған борыштық бағалы қағаздар ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес қаржы агентi мәртебесiн алған кезден бастап агенттiк облигациялар болып табылады.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
Тармақ 3
3. Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарды және Даму Банкiнiң басқа да борыштық мiндеттемелерiн орналастыруға, өтеуге және олар бойынша сыйақылар төлеуге байланысты бүкiл қызметтi немесе оның бiр бөлiгiн агенттерге сенiп тапсыруға құқылы.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 178 Заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
14-бап. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
Тармақ 1
1. Даму Банкi Меморандумға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
Тармақша 1
1) Даму Банкi бұрын кепiлге ресiмдеген заңды тұлғалардың қатысу үлесiнен немесе акцияларынан оларды одан әрi өткiзу мақсатында өндiрiп алған;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары (қор биржасы, орталық депозитарий) құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысқан;
Тармақша 3
3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг беруші ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қайта құрылымдауға, қатысады.
Тармақ 2
2. Жарғылық капиталына Даму Банкі жүз процент қатысатын ұйымдардың басқару органдарында тәуелсіз директорлардың болу қажеттігін Даму Банкі дербес айқындауға құқылы.
📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.11 N 434, өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 108, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14-1. 14-1-бап. Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім
14-1-бап. Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім
Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
📌 Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 15. 15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
15-бап. Даму Банкiнiң қызметiн шектеу
Даму Банкiнiң:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне; нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
Тармақша 3
3) мерзімдік, төлем жасау, қайтарымдылық қағидаттарын сақтамастан қарыздар беруіне;
Тармақша 4
4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
Тармақша 5
5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.
📌 Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
3-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ КАПИТАЛЫ
📌 Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы
Тармақ 1
1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды.
Тармақ 2
2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттерінің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі және параметрлердің (коэффициенттердің) кем дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізу кезінде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін.
Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда ұлғайтылуы да мүмкін.
Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.03.2014 N 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер) қалыптастыруы
17-бап. Даму Банкiнiң провизиялар (резервтер) қалыптастыруы
📌 Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 18. 18-бап. Дивидендтік саясат
18-бап. Дивидендтік саясат
Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.
📌 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
Тарау 4. 4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
4-тарау. ДАМУ БАНКIНIҢ ЕСЕБI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ТӘУЕЛСIЗ АУДИТI
Бап 19. 19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
19-бап. Даму Банкiнiң есеп саясаты
Тармақ 1
1. Даму Банкiнiң есеп саясатын Даму Банкiнiң директорлар кеңесi бекiтедi.
Тармақ 2
2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.06 N 571, 2005.12.23 N 108, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Есептiлiк
20-бап. Есептiлiк
Даму Банкi:
Тармақша 1
1) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға - республикалық бюджет ақшасының шығыстары туралы;
Тармақша 2
2) ай сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттер ақшасының шығыстары туралы;
Тармақша 3
3) ай сайын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға - Даму Банкiне республикалық бюджеттен, тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген заем қаражаттарының игерiлуi туралы есептілікті табыс етеді.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
21-бап. Даму Банкiнiң аудитi
Тармақ 1
1. Даму Банкi қызметiнiң аудитiн (сыртқы аудитiн) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысы айқындаған аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақ 3
3. Даму Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiгi аудит аяқталғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысында қаралып, бекiтiледi.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 434, 2006.05.05 N 139, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 23.01.2024 № 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
5-тарау. ДАМУ БАНКIН БАСҚАРУ
Бап 22. 22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi
22-бап. Даму Банкiнiң акционерлерi
📌 Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Даму Банкiнiң органдары
23-бап. Даму Банкiнiң органдары
Тармақ 1
1. Даму Банкiнiң органдары мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары органы - акционерлердiң жалпы жиналысы;
Тармақша 2
2) басқару органы - директорлар кеңесi;
Тармақша 3
3) атқарушы органы - басқарма;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.
Тармақ 2
2. Даму Банкi органдарының функциялары, өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкiнiң жарғысында белгiленедi.
📌 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.06 N 571, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Директорлар кеңесi
24-бап. Директорлар кеңесi
Тармақ 1
1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
Тармақ 2
2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
📌 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бап 25. 25-бап. Басқарма
25-бап. Басқарма
Тармақ 1
1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Басқарма төрағасы мен мүшелері
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз сайланады.
Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.
📌 Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
6-тарау. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 26. 26-бап. Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату
26-бап. Даму Банкiн мемлекеттiк баж төлеуден босату
📌 Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 27. 27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртiбi
27-бап. Даму Банкiнiң жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртiбi
Тармақ 1
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
Тармақ 2
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Тармақ 3
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
📌 Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi);
28.12.2018
№ 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 28. 28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
28-бап. Қадағалап ден қою шаралары
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган құзыретіне реттеу кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Даму Банкіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Даму Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды оларда белгіленген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларының орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
📌 Ескерту. 6-тарау 28-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.